190 7-ТАРАУ Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің
кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы, жынысы,
ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкін-
діктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына эсер етеді. Де-
генмен бұл факторлардың касталық қоғаммен салыстырғанда тап-
тық қоғамда ықпалы әлдеқайда аз. Қазіргі заманда таптық жүйелер
басым, сондықтан бүл бөлімді сол жөнінде жалғастырамыз.
Буржуазия - жұмыс жасауға
қажетті құралдар мен
материалдарды, ягни өндіріс
құрал-жабдықтарын иеленген ran.
Пролетариат - өндіріс
қүралдарына ие емес тап. Олар
өндіріс құралдарын иеленген
адамдарға жалданып өмір сүреді.
Тап - маркстік теория бойынша,
адамдарды өндіріс құралдарына
деген меншіктік қатынасы арқылы
жіктеу.
Таптық сана - адамдардың
өндіріс құралдарына өздерінің
қатынасын түсініп, нақты таптық
ерекшеліктерін мойындауы.
Таптар нешеу? Таптық жүйелер - реттелген мәртебелер жиыны. Оған қандай мәрте-
белер кіреді және олар қалай жіктеледі? Бұл тарауда осы сұрақтарга
екі теориялық және екі практикалық жауап беріледі.
Маркс: буржуазия және пролетариат Карл Маркс (1818-1883) әлеуметтік құрылым екі таптан тұратынына
сенімді болған. Оларды дәулеттілер және кедейлер деп атауға бола
ды, Маркс оларды буржуазия жэне пролетариат деп атаған.
Буржуа зия - жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс
құрал-жабдықтарын иеленген тап.
Пролетариат онымен қамтама-
сыз етілмеген. Сондықтан олар үстемдік етуші
тапқа жалданып
өмір сүреді. Маркстің пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік
құрал-жабдықтарды игеруге байланысты.
Әлбетте, өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ бұл еке-
уі бір мәнге ие емес. Маркстың айтуынша, колледж оқытушысы, жергі-
лікті Sears дүкенінің менеджері және қоқыс жинайтын қала қызмет-
кері - барлығы бірдей пролетариат болып саналады, себебі олар басқа
біреуге қызмет етеді. Алайда қоқыс жинаушы жұмысын өз көлігімен
орындайтын болса, Маркс оны буржуазияның мүшесі деп санайды.
Оның пікірінше, басты фактор - адамның қанша ақшасы болуы немесе
қандай жұмыс атқаратыны ғана емес, өндіріс құрал-жабдықтарын мен-
шіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы да.
Эрине, Маркс «жекеменшік көлігімен қоқыс жинайтын адам-
дарға қарағанда дүкен менеджерлері табысты» деген қалыптасқан
ортақ пікірді елеусіз қалдырмаған. Алайда менеджерлер мен көше
сыпырушылар