Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет221/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   529
таптық сананы 
дамытып - өздерінің таптық гүбірін 
түсініп, таптық жүйелермен күресу үшін бірігеді деп үміттенген.
Вебер: тап, мәртебе және билік
Маркстың жазбалары жарық көргеніне ондаған жылдар өткен соң
Макс Вебер (1864-1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйе- 
сін ұсынды. Маркс тұжырымдаған, қоғамды тапқа жіктеудің екі өл- 
шемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың 
орнын анықтайтын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырды (7.1-сызба). 
Олардың біреуі - Маркс мәлім еткен тап өлшемі. Екіншісі - билік, ал 
үшіншісі - әлеуметтік беделді немесе әлеуметтік ерекшелікті біл- 
діретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдас- 
тықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай-ақ мүдделері, 
құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақы- 
рады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қарекетпен айналысады.
Вебер «жоғары мәртебе мен билікке қол жеткізудің экономикалық 
негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңсіздік- 
ке әсері тәуелсіз деген. Атап айтқанда, Вебердің пікірінше, мәртебе эко- 
номикалық билікке жиі қарама-қайшы келіп, «тек қана» байлығы бар


СТРАТИФИКАЦИЯ
191
адамдардың талаптарына тосқауыл болады. Мэселен, мафия мүшесі 
көп қаражатқа және өндіріс құралдарына (бордель, героин өндіре- 
тін зауыт немесе казино) ие болса да кең қоғамдастықта абыройлы 
болмайды.
Әлеуметтік таптыңнақты өлшемдері
Маркс және Вебер таптықжүйелерге түсінік беретін тұжырымдамалар 
қалдырды. Алайда қазіргі заманғы зерттеушілер таптарға жіктеудің 
тек теориялық анықтамаларын ғана емес, тапты анықтайтын прак- 
тикалық тәсілдерді де керек қылып отыр. Зерттеушілердің көпшілі- 
гі қазір Маркстың теориясындағы тапқа емес, әлеуметтік тапқа баса 
назар аударады. Әлеуметтік тап - жік, мәртебе және билік белгілері 
ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар санаты (Вебердің пікірінше). 
Жоғарғы тап немесе қарапайым жұмысшы табы тақырыбын көтерсек, 
әлеуметтік тап жөнінде сөз қозғағанымыз болып шығады.
Әлеуметтік таптағы орынды тікелей анықтаудың ең қарапайым 
әдісі - адамдардың өздерінен қай әлеуметтік тап мүшесімін деп санай- 
тынын сұрау. 2010 жылғы жалпы әлеумегтану зерттеуінің нәтижелері 
(кездейсоқ таңдау әдісі арқылы халық арасында өткізілген кең ауқым- 
ды, танымал зерттеу) 7.2-сызбада келтірілген. Көріп отырғаныңыздай, 
аз ғана адамдар өздерін жоғарғы және төменгі таптарға, ал қалғанда- 
ры жұмысшы табына немесе орта тапқа жатқызған. Батыс Еуропада 
да солай. Ал Шығыс Еуропаның кедей елдерінің тұрғындары өздерін 
төменгі тап мүшелері деп санайды (Evans & Kelley, 2004). Алайда қай 
жердің тұрғыны болғанына қарамастан, адамның жұмысшы табы 
мен орта тапқа жатуы оның таңдауына елеулі ықпал етеді. Мысалы, 
қай шіркеуге баратыны, қалай дауыс беретіні және баласына қандай 
тәрбие беретіні нақ осыған байланысты.
Әлеуметтік таптарды жіктеудегі тағы бір дәстүрлі жол бар. Бірқа- 
тар өлшемге сүйеніп, мысалы, білім деңгейі, мамандықтың мәрте- 
бесі, табыс көлемі немесе басқа да әлеуметтік-экономикалық мәртебе 
сияқты құрамдас сипаттар арқылы анықтау. Әлеуметтік-экономи- 
калық мәртебе адамдардың таптық орнын өзі белгілеуі арқылы өл- 
шенбейді. Керісінше, адамдардың мектеп бітірген жылы, отбасылық 
табысы немесе беделді жұмыспен қамтылуы сияқты өлшемдерін (ха- 
лықтық сауалнамада) белгілеу арқылы, халықгың жағдайына баға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет