Нәсіл мен этностың әлеуметтік құрылымы Н ә с іл - сыртқы физикалық ерекшеліктеріне қарай жіктелген әлеу-
меттік маңызы бар адамдар тобы (Winant, 2000). Афроамерикалықтар
жататын нәсілді айтсақ, олардың кейбірінің түсі ақшыл, ал өзге-
лерінің түсі қара болса да, олар маңызды биологиялық ерекшеліктер-
мен біріктірілгені анық.
Э т н о с т ы қ т о п - тіл мен дін сияқты оргақ мәдениеттің маңызды
элементтері арқылы біріктірілген адамдар тобы (Марджер, 2003). Ла-
тынамерикалықтарды этностық топ есебінде қарастырсақ, олардың
бір-бірімен биологиялық түрғыдан бірегей еместігіне, араларында
тығыз мәдени байланыс орнағанына көзіміз жетеді.
Нәсіл мен ұлт генетикалық ерекшеліктерге байлаыысты деген
пікір айтылса да, нәсіліне және үлтына қарамастан, барлық адамдар-
дың гендік қоры бірдей. Нәсіл мен этнос терінің түсі сияқты физика-
лық сипаттарға ғана негізделмеген. Сол себепті әлеуметтанушылар
н ә с іл м е н э т н о с т ы ң ә л е у м е т т ік қ ұ р ы л ы м ы деген ұғымды енгізді.
Бүл - мәдениет арқылы нәсілдік немесе этностық топ ұғымдарыныц
мағынасын анықтау процесі. Бұл процесс биологиялық айғақтардан
гөрі қоғамның көзқарасына негізделген. Шынымен, биологтардың бәрі
бірауыздан нәсіл идеясының биологиялық негізі жоқ деп есептейді.
Нәсілге және этносқа тәндік әлеуметтік құрылым тұрғысында
қалай қалыптасқан? 1930 жылдары пайда болған «нәсіл» анықта-
масы ұшыраған өзгерістерге қарасақ, оған дейін қазіргі заманғы «ақ
нәсіл» тұжырымдамасы әлі болмаған. Оның орнына ағылшын-сак-
сондық нәсіл, Жерорта теңізі нәсілі (италиялықтар мен гректер),
еврейлер және славяндық нәсілдер (Джекобсон, 1998), сондай-ақ басқа
да нәсілдер бар деген пікірлер туған. Сол жылдары дәрігерлер, саясат-
керлер, адвокаттар, иммигранттарға қарсы белсенді топтар, журна-
листер және басқалар мұндай айырмашылықтарға мән беруден бас
тартып, «денесі ақ түсті адамдарды теңдесі жоқ жалғыз нәсіл» деп