НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
225
қарасақ түсінеміз. Солай дегенмен, өздерін плюралистік деп санайтын
елдер теңдік идеясын сырттай қолдайды.
АҚШ-та шынайы плюрализм орнамаса да, бұл тұрғыдан көптеген
басқа қоғамдарға қарағанда едәуір жетістікке қол жегкізілді (Alba &
Nee, 2003). Ақ нәсілді және басқа америкалықтар бір мектепте оқиды,
бір-бірімен көрші түрады, тең әлеуметтік топтарға жатады және өзара
огбасын құра береді.
Ассимиляция
2-тарауда айтылғандай, ассимиляция - азшылық топ мүшелері көп-
шіліктің
мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің мәде-
ни, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі. Ассимиляция нәтиже-
сінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы, көптеген
«ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғаны-
на сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.
Тарихи
тұрғыдан алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі
өздерінің ұлттық киімдерін киюден бас тартып, тез арада ағылшын
тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілін-
де
сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді үнатады; сөйтіп, амери-
калық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді. Сол сияқты қазір
көптеген америкалық еврейлер Рождествоны тойлайды (кем дегенде,
рождестволық шырша қойып, безендіреді). Көптеген америкалық ир-
ландтар гұздалган ет пен қырыққабатты тек Әулие Патрик күні жейді.
АҚШ-қа жақында келген иммигранттар мен олардың балалары
да солай істейді. АҚШ-қа көшіп келушілердің (әсіресе Оңтүстік Азия-
дан) біразының ғана кәсіби шеберлігі жоғары.
Олардың өздері де, ба
лалары да АҚШ-тағы орта және жоғары гаптарға тез сіңісіп кетеді.
Ал басқа иммигранттар (әсіресе латынамерикалық) кедейлер қата-
рын толтырады. Бірақ орташа есеппен алғанда, олардың балалары
ата-аналарындай емес, кейде америкалық
азаматтардың балала-
рынан да жақсы жүмысқа орналасады (Kasinitz et al, 2008; Park & Myers,
2010) . Бұл отбасылардың ассимиляциялану деңгейі жиырмасыншы ға-
сырдың басында көшіп келген халықтың деңгейіне сай (Alba, Kasinitz
& Waters, 2011).
Кейбір латынамерикалық иммигранттардың балалары
Достарыңызбен бөлісу: