Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет257/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   529
төмен-
деуші ассимиляция 
құбылысына тап болады (Haller, Portes & Lynch,
2011) . Төмендеуші ассимиляция иммигранттар ұрпақтарының аме- 
рикалықтардың негізгі тобына емес, АҚШ-та туған азшылықтардың 
«жасырын» әлеміне сіңу процесін білдіреді. Төмендеуші ассимиляция 
АҚШ азаматтығын алмаған, білімі төмен, кедей мигранттардың ба­
лалары арасында жиі кездеседі. Әсіресе балалар өмір сүретін ортада 
түрғылықты азаматтар тарапынан қолдау көрсетілмесе және қоныс 
аударғандардың бір-біріне көмектесуге жағдайы болмаса, бұл кеңінен 
орын алады (Haller, Portes & Lynch, 2011)
Конфликт
Азшылық пен көпшілік топтар арасындағы қарым-қатынастар кон­
ф л и к т е айналып кетуі жиі кездеседі. АҚШ-та XX ғасырда туын- 
даған нәсілдік және ұлтаралық шиеленістердің себебі - азшылық 
топтардың әлеуметтік, саяси және экономикалық істерге қатысуы- 
на шектеу қоятын заңдардың қабылдануы. Басқа уақытта, басқа 
жерде болған нәсілдік және ұлтаралық қақтығыстар зардабынан 
құлиеленушілік пайда болған, ұлттық азшылық топтар концен- 
трациялық лагерьлерге мәжбүрлеп жөнелтілген, өз елінен күштеп 
көшірілген. Конфликт шектен тыс асқынған кезде 
геноцид, 
яғни
Төмендеуші ассимиляция -
иммигранттар ұрпақтарының 
негізгі топқа емес, АҚШ-та туған 
азшылықтардың «жасырын» 
әлеміне қосылып, сіңу процесі.
Геноцид 
- халықты жоюға 
бағытталған жаппай қыру.
15-251


226
8-ТА РА У
халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған әрекет жасалуы 
мүмкін (Jones, 2006). Тарихта геноцидтер болғаны мәлім. Қазір де 
Ауғанстанда, Пәкістанда, Дарфурда және басқа жерлерде геноцид- 
тік шабуылдар жасалып тұрады. Дарфурдағы қырғын туралы мәсе- 
ле алдағы «Жаьандық көзқарас»: Дарфурдағы геноцид» тарауында 
талқыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет