ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
255
Жыныс пен гендерді түсіну
Әйелдер мен ерлер арасында айырмашылықтан гөрі ұқсастық көп.
Қазіргі таңда кейбір әйелдер футбол
ойнауға немесе математикаға
икемді келсе, кейбір ер адамдар тоқу мен биге жақын. Бұл біздің
санамыздағы әйелдер мен ер адамдарға қатысты күтілімдер мен әр
топ үшін қолжетімді мүмкіндіктер арасында айтарлықтай айыр-
машылық бар екенін көрсетеді. Бүл бөлімде ер адамдар мен әйелдер
арасындағы басты айырмашылықтар мен
теңсіздік мәселелерін қа-
растырамыз.
Жыныс пен гендер
Ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлін түсіну үшін
жыныс
пен
гендер арасындағы айырмашылықты анықтай алу қажет. Батыс
елдерінде жыныс ұғымы әйел мен ер адамдардың биологиялық
ерекшеліктерін сипаттайды. (Кейбір ағымдар екі жыныстан басқа
жыныстар бар деген ойда болуын алда қарастырамыз). Жыныстық
қатынас, яғни секс термині жыныстық қатынас белсенділігі деген-
ді де білдіреді.
Гендер
- әр жынысқа тән мәдениетпен байланысты
көзқарас, мінез-құлық және рөлдер жүйесі.
Сонымен қатар биология жыныстың белгілі екі түрі
бар десе,
мәдениет түрлі де шексіз
Достарыңызбен бөлісу: