Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет334/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   529
І І
ж» 
іХМ


ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
295
да, медициналық сақтандыру ала алмайды (Kaiser Commission on 
Medicaid& Uninsured, 2011). Сонымен қатар күйзеліске жиі ұшырай- 
ды және ауасы көмірқышқыл газымен, озонмен, күкіртпен, пести- 
цидтермен, тіпті радиоактивті қалдықтармен уланған аудандарда 
өмір сүреді және жұмыс істейді. Мысалы, қанында қорғасынның 
қауіпті көрсеткіші бар балалардың 60 пайызы - афроамерикалық, 
ал 17 пайызы - ақ нәсілді америкалық (Meyer et al., 2003).
Оның үстіне аз үлттардың арасында табысқа, бұрмалау мен дис- 
криминацияға қарамастан, ауру мен өлім күшейіп келеді (Williams, 
1998; Williams & Jackson, 2005). Мысалы, орта тапқа жататын афроа- 
мерикалықтар нәсілдік сегрегация кесірінен ластанған нашар ау­
дандарда өмір сүреді. Дәл осылайша, емделушінің ауру белгілері 
мен сақтандыру қорына қарамастан, дәрігерлер ақ нәсілді амери- 
калықтар үшін жанға жайлы емделу жағдайын жасайды. Аз ұлт- 
тар мұндайдан сырт қалады. Мысалы, қоздырғыш егу салдарынан 
аяғынан айырылып қалу қаупі бар емделуші ақ нәсілді америкалық 
болса, оған қымбат антибиотикпен емделу курсын тағайындайды, ал 
азшылық кедей ұлт өкілдерін ампутацияға жібереді (Nelson, Smedley, 
& Stith, 2002).
Факторлар қабаттаса келе мынадай нәтижеге жеткізді: афроамери- 
калықтар, латынамерикалықтар және байырғы америкалықтар ара­
сында ауруға шалдығу және қайтыс болу қаупі кез келген жаста ақ 
нәсілді америкалықтармен салыстырғанда жоғары.
Жас
Жас ерекшелігі - денсаулық, ауру және өлімді болжаудың маңызды 
жалғыз көрсеткіші. Адамның жасына байланысты екі топқа жиі қа- 
тер төнеді, олар -кіш кентай балалар және жасы келген қарт адамдар.
Кедей елдерде нәрестелердің және жасы беске толмаған бала- 
лардың өлімі жиі болады. Көбінесе анасының мерзімінен ерте боса- 
нуынан сәби шетінейді, басқалары тамақ жетіспеуі кесірінен иммун- 
дық жүйесі ауруларға төтеп бере алмай қайтыс болады.
Нәрестелердің өлімі батыс әлемінде XX ғасырға дейін кең гарал- 
ған болатын. Қазіргі кезде АҚШ-та балалар өлімі сирек, жастардың 
да денсаулығы жақсы. Дегенмен басқа дамыған елдермен салыстыр- 
ғанда, нәресте өлімі едәуір көп (10.3-кесте). Нәресте өлімінің (барлық 
жоғарыда айтылған себептерден) көрсеткіші афроамерикалықтардың 
арасында жоғары, ақ нәсілді нәрестелер арасындағы көрсеткіштен екі 
есе көп (Денсаулық сақтау статистикасыньщ ұлттық орталығы, 2001).
Адамның мүгедектікке шалдығу қаупі бар аурумен ауыруы және 
қайтыс болу қаупі шамамен 40 жастан бастап күшейеді. 65 жасқа кел- 
генде, адамдардың көбі кем дегенде бір созылмалы аурумен - мысалы, 
артрит, гипертония немесе есту қабілетінің нашарлауы сияқты ауру­
мен ауырады, (Федералды ведомстсво аралық кәрілік статистикасы- 
ның форумы, 2008). Солай бола тұра 85-ке келген қарттардың көпші- 
лігінің денсаулығы жақсы, бірақ 50 пайызының есте сақтау қабілеті 
нашарлаған. Денсаулық жағдайы жақсы кәрілік жасына жету мүм- 
кіндігі аз ұлттар ішінде томен. 68 және одан үлкен жастағы адамдар 
арасында ақ нәсілді америкалықтардың 80 пайызы, латынамерика- 
лықтардың 65 пайызы және афроамерикалықтардың 63 пайызы ден- 
саулығын жақсы деп бағалайды (Federal Interagency Forum on Aging 
Related Statistics, 2008).
Кәрілік және түрлі халықтың денсаулығының өзгеру нәтижесі 
«Америкалық - әралуандық: халықтың өзгеруі, денсаулықтың өзге- 
руі» атты тарауда толық зерттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет