САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА 369 Бедел жалпыға ортақ ережелер мен құндылықтар тарапынан қол-
дауға ие болғандықтан, әдетте дау-жанжалға жол бермейді. Өйткені ол
мәжбүрлеу амалдарын қашан да болсын - қажет деп санаған уақытында
қолдана алады. Ата-аналар жасөспірім балаларын үйден қуып жіберу-
мен немесе автокөліктің кілтін алып қоюмен қорқытып, билігін жүргізуі
мүмкін. Жұмыс берушілер қызметкерлерін жұмыстан шығара алады не
месе лауазымын төмендетеді. Осылайша, бедел әлеуметтік мәжбүрлеудің
тиімділігіне сүйенеді.
Билік жөніндегі классикалық зерттеулер бойынша, Вебер беделді
жеке адамдар мен топтар заңды билік ретінде мойындайтын үш негіз-
ге бөліп көрсетеді: дәстүрлі, харизмалық және қүқықтық нормалар.
Дәстүрлі бедел Билік қасиеттілік тұрғысынан сенім мен тәжірибеге сүйенсе
д ә с т ү р - л і б ед е л деп аталады (Weber [19101 1970b, 296). Монархтар мен патри-
архтар дәстүрлі биліктің классикалық үлгісі болып саналады. Мыса-
лы, 1950 жылдары америкалықтардың басым көпшілігі отбасылық
шешімдерді ер адам қабылдайды деп есептеген. Бір сөзбен айтқанда,
күйеулердің беделі жоғары болған. Ал қазіргі кезде әлсіреп қалды.
Харизмалық бедел Егер адам жеке-дара қасиеттері арқылы шешім қабылдау құқығына ие
болса, онда ол адамда харизмалық билік бар (Weber [1910] 1970b, 295). Көп
жағдайда құрмет түтатындар «бұл Құдайдың қалауымен болған» деп ой-
лағанда гана адам харизмалық беделге ие болады. Бірақ,
х а р и з м а л ы қ бедел дінмен байланысты болмауы керек. Мысалы, Махатма Ганди таң-
даулы саясаткер немесе діни көшбасшы болған жоқ, бірақ ол Үндістанда-
ғы саяси революцияны басқарды. 2011 жылы АҚШ қарулы күштері өлтір-
генге дейін Усама бен Ладеннің жақтастары оның харизмалық беделіне
мойынсұнды.
Рационалдық-қүқықтық бедел Егер адамдар рационалды түрде берілген ережелерге негізделген
билікті ұстанса, оларды