376
13-ТАРАУ
Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінен бері жаьандану мем-
лекеттік билікке қатер төндірмей жалғасып келеді деген де тұжы-
рым бар. Шын мәнінде,
ғалымдардың пайымдауынша, экономика
мен азаматтарға қатысты мемлекеттік билік әлі де үстем (Wolf, 2005).
Сонымен қатар қазіргі жаьандық экономикалық дағдарыс кезінде
мемлекеттер, ең алдымен, өздерін қорғауға кірісті.
Сондықтан да
олар импортталатын тауарларға салық салуды талап ететін келісім-
шарттар сияқты жаьандануға ықпал ететін келіссөздер мен қолдау
әрекеттерінен бас тартты (Erlanger, 2009).
Ж аьан дан у ж ән е азам атты қ
Мемлекеттің бірден-бір маңызды билік күші - азаматтық құқық. Аза-
маттық деп мемлекеттің толық құқылы азаматы болып мойындалған-
дарға кең спектрлі құқық ұсынатын заңды мәртебені айтады. Әдетте
олардың қатарына сайлау, мүлік меншігі, жұмыс іздеу және мемлекет-
тік мектепке бару құқықтары кіреді. Азаматтығы жоқ адамдардың жағ-
дайы нашар болуы таңғаларлық жайт емес (Glenn, 2011). Олар табысы
төмен немесе жасырын жұмыстармен шектеледі және құқық қорғау
органдарынан бой тасалап жүреді, олардыц ең осал жері - қылмыстық
жағдайлар. Азаматтықтың өзіндік міндеттері бар, мысалы, әскерге ша-
қырылу, сайлауға қатысу немесе алқабилер сотына мүше болу.
Жаьанданудың тағы бір қыры
- халықаралық иммиграцияның
көбеюі. Бұл мәселе көптеген мемлекеттерді иммигранттар мен олар
дыц балаларына азаматтық берудің оңы мен солын саралауға алып
келді. Тарихтан белгілі АҚШ иммигранттарға азаматтық беруде ерек-
ше жомарттық танытады (ең болмаса «ақ» иммигранттарға), бірақ
қазіргі кезде көптеген америкалықтар азаматтық жайлы заңның қа-
таңдатылуын қалайды.
Басқа елден бала кезінде қоныс аударғандар ұзақ уақыг бойы аза-
маттық пен өмір сүру құқығын ала алмай
біраз қиыншылық көреді
(Glenn, 2011). Олар колледжде оқитын жасқа жеткенде, ата-аналары-
ның мәдениеті мен тілін аздап қана білуі мүмкін. Ал егер олар заң-
ды мойындамаса,
бір кезде өздері көшіп келген, шындығында мүл-
дем білмейтін елге депортацияланады. Осылайша, бейтаныс қоғамда
балалар қылмыс құрбаны немесе қылмыскер болып кетуі ықтимал.
Егер олар осы мемлекетте қалса, кейбір штаттардагы колледждерде
қолжетімді білім алар еді. Бірақ оқуын аяқтағанымен, олар арзан мей-
рамханаларда да жұмыс істей алмайды (Glenn, 2011).
К і м б а с қ а р а д ы ? А Қ Ш - т ы ң
д е м о к р а т и я ү л г і с і
Азаматтық - мемлекеттің
толыққанды азаматы болып
мойындалғандарға кең спектрлі
құқық ұсынатын заңды мәртебе.
Билік элитасы - әскерде, өндірісте
және үкіметтің атқарушы
билігінде лауазымды қызмет
атқаратын адамдар.
АҚШ-тың демократиялық мемлекет екеніне ешкім дау айта алмай
ды. Әртүрлі экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды алға
тартатын саяси партиялар халықтың қолдауына ие болу үшін кү-
реседі. Әр 4 жыл сайын сайлаушылар президентті сайлайды. Деген-
мен көкейде туындайтын бір сауал бар: АҚШ
президенттері қабыл-
дайтын шешім, шынымен де, көпшіліктің қалауын білдіре ме? Бұл
тарауда шешім қабылдаудың екі әлеуметтік үлгісі сипатталады:
плюралистік және билік элитасы. «Ұғымдардың қорытындысы:
Америкалық саяси биліктің екі үлгісі» аталған екі үлгінің тұжы-
рымдамаларын салыстырыңыз.