Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет421/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   529
Конфликт теориясы:
билік элитасы ны ң үлгісі
Плюралистік үлгімен салыстырғанда, билік элитасының үлгісі конф­
ликт теориясына негізделген. Оның тұжырымы бойынша, барлық 
шешімдерді бірыңғай элита тобы қабылдайды және бүл орайда өз


378
13-ТАРАУ
Элита-билік өкілдері - әскерде, 
өндірісте және үкіметтің 
атқарушы билігінде лауазымды 
қызмет атқаратын адамдар.
мүддесін көздейді (Domhoff, 2009). С. Райт Миллз (С. Wright Mills) (1956) 
«The Power Elite» атты классикалық еңбегінде әскерде, өндірісте және 
үкіметте жоғары лауазымды қызмет атқаратын адамдарды билік 
элитасының өкілдері деп атады. Өзара байланыс орнату арқылы 
бұл адамдар ұлттық және халықаралық мәселелер бойынша шешім 
қабылдайды (Mills, 1956, 18). Сондықтан элитаға жатпайтындар бір 
одаққа, әлеуметтік қозғалыстарға және т.с.с. күш біріктірмесе маңыз- 
ды әлеуметтік өзгерістер жасауы мүмкін емес.
Миллстің кезінен бері билік элитасы көп өзгерді. Әскерилердің 
тәуелсіз билігі бәсеңдеді, ал кино жұлдыздары мен дінбасыларды 
қамтитын мәдени элитаның ықпалы артты. Бұрынғыдай емес, аф- 
роамерикалықтар, латынамерикалықтар және әйелдер жергілікті 
деңгейде болса да, жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалып 
жатыр. Дегенмен «ақ» ер адамдар аз ұлт өкілдері мен әйелдерге қа- 
рағанда, әлі де жоғары билікте қызмет етеді. Сонымен бірге билік 
элитасының өкіліне айналатын «аутсайдерлер» көбейді. Олар әдетте 
орта тұрмысты отбасылардан шығады - элиталық мектепке баратын, 
мысалы ақсары түсті аз ұлт өкілдері, христиандарға үйленген еврей- 
лер және гольф ойнауды үйреніп жүрген, тіпті шылым тартатын 
әйелдер (Zweigenhaft & Domhoff, 1998). Қазіргі кезде АҚШ Конгресінде 
байлардың саны артты: Конгресс мүшелерінің орташа дәулетінің ко­
лем) АҚШ-тың қарапайым тұрғындарының орташа өмір сүру деңге- 
йінен тоғыз есе артық және олардың жартысынан көбі - миллионер 
(Lichtblau, 2011).
А Қ Ш - т а ғ ы ж е к е а д а м д а р д ы ң
б а с қ а р у ғ а ң а т ы с у ы
Бүған дейін біз көшбасшылардың, элитаның және өзге де ұйымдасқан 
мүдделердің рөліне тоқталдық. Ал демократияға жекелеген адамдар- 
дың да араласуы талап етіледі. Бүл тарауда АҚШ азаматтарының сай- 
лаушы ретінде саясатқа қалай және неге араласатыны немесе сырт 
қалатыны сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет