САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
373
13.1-КАРТА. Демократия л ы қж ән е авторитарлықулттар
Демократиялықжәне аөторитарлық улттар әлемнің әр түпкірінде кездеседі. Қазіргі уақытта олардың демократиялық немесе
авторитарлықболып қалу себептері түсініксіз болып отыр.
ДЕРЕККӨЗ: Economist Intelligence Unit (2012).
ЁЗШынайы
дем ократия
СИАқаулы
демократия
Е Н
Гибрид елдер
■ Авторитарлык,
елдер
І
Бірнешеонжылдықбойы Оңтүстік
Африка қара нәсілділердің
сайлауға қатысу қүқығын шектейтін
авторитарлық үкімет болды. Алайда
1994 жылдан бері демократия орнап,
жергілікті түрғындардың барлығы
бірдей сайлау қүқығына ие болды.
Солтүстік Корея және Белоруссия мемлекеттерін авторитарлық деп ай-
туға болады.
Авторитарлық мемлекеттер халықтың
өмірін бақылауға ұмтылу
және билікті сақтау үшін мәжбүрлеу мен лаңкестікті қолдану деңгейімен
374
13-ТАРАУ
ерекшеленеді. Кейбір авторитарлық үкіметтер, мәселен монархия
сияқты, халықты дәстүрлі бедел арқылы басқарады, ал қалғандары-
ның қолында мүндай билік болмағандықтан, тек қана мәжбүрлеуге
сүйенеді.
Демократия
Демократия түрлі формада болады. Дегенмен
оларға ортақ екі си-
пат бар: басшыларын ауыстыратын жүйелі заңнамалық процеске ие
және басшылықты ауыстыру көпшіліктің еркін көрсетеді.
Демократияда екі негізгі топ болады: басқарушы топ және би-
лікке араласқысы келетін бір немесе
бірнеше заңды оппозициялық
топ. Бұл ойын ережесі барлық тараптан да жоғары шеберлікті талап
етеді. Жеңімпаздар жеңілген топты жазалай немесе өлтіре алмайды.
Ал жеңілгендер жеңілісін мойындап, билікке араласуға келесі заңды
мүмкіндік туғанға дейін күтуі керек. Қос тарап та жеңімпазды анық-
тау мүмкіндігін жергілікті халыққа беруі тиіс.
Неге кейбір қоғамдар - демократиялық, ал
енді бірі авторитар-
лық жүйе арқылы басқарылады? Теориялардың біріне сүйенсек, та-
быс көбейген кезде істі тиімді үйымдастыра алатын және үкіметті
жауапкершілікке шақыратын орта таптың айтарлықтай үлкен ор-
тақтастығы (пул) құрылып, демократия пайда болады. Тағы бір тұ-
жырым бойынша, бәсекелес топтары
көп мемлекетте демократия
дамиды. Себебі өзге топтармен келіссөз жүргізбейінше, ешкім де би-
лікке ие бола алмайды. Алайда екі теорияның да дәлелдері әзірге әл-
сіз болып отыр (Robinson, 2006).
Достарыңызбен бөлісу: