ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР 435 мен мақсатына мән береді (Hall & Leicht, 2010). 15.1-кестеде көрсетіл-
гендей, балама қозғалыстар кейбір тұжырымдар мен әрекеттерге
өзгеріс енгізуге бағытталған. Мысалы, бірнеше топ мемлекет бойын-
ша қоғамдық бақшада жүмыс істеу үшін немесе соған адамдар тарту
үшін жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың айығу қозғалыстары
жеке сенімдер мен тұжырымдарды түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Мысалы, жасырын маскүнемдер тобының мүшесі болашақта өмірге,
ішімдікке деген көзқарасын және ортасын өзгертеді деп болжанады.
Керісінше, реформистік қозғалыстар (жануарлардың, азшылықтың
және әйелдердің қүқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды
өзгертуге ынталы, ал революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі
өзгерткісі келеді. Мысалы, «Талибан» ұйымы Ауғанстанда теократия
құру үшін күресті, ал Коммунистік партия капиталистік жүйені жою-
ға ұмтылады.
Ұжымдық мінез-құлық сияқты әлеуметтік қозғалыс та қалыптас-
қан жағдайды өзгертуге ұмтылады. Сол себепті олар бір-бірімен бай-
ланысты болады. Біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеу-
меттік қозғалысқа ұжымдық мінез-қүлықтың қолдауы қажет (Marx &
McAdam, 1994). Заңсыз наразылық білдірушілер мен оларды тоқтату-
ға шыққан полиция қызметкерлері сияқты ешбір оқиға адамдардың
назарын аударта алмайды. Екіншіден, үжымдық мінез-құлық әдет-
те белгілі бір уақытпен және жермен шектеледі. Алайда күндердің
күнінде жағдай ушығып кетсе тағы да қайталануы мүмкін. Мұндай
әрекет төменгі деңгейде болса да қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе
алады (Tilly, 2004).
13-бөлімде айтылғандай, АҚШ азаматтары саясатқа аса қызық-
пайды. Бірақ кейбір адамдар бейжайлықты қойып, жүйені өзгертуге
тырысады. Неге? Қандай жағдайда әлеуметтік қозғалыстар сәтті неме
се сәтсіз аяқталады?
Ә леуметтік қозғалы старға теориялы қ көзқарастар Әлеуметтік қозғалыстың пайда болуын түсіндіретін үш негізгі теория
бар: салыстырмалы депривация теориясы, ресурстарды жұмылдыру
15.1-КЕСТЕ. Ә леуметтік қ о эғалы сты ңтүрлері
Б о л ж ам д ы ө згер істің дең гей і
Іш іна р а ө згер іст ер Н е гізгі ө згер іст ер Б олж ам д ы өзгерістің
м ақ саты
Ж еке Баламалы қозгалыстар.
Мысал: ҚогамдықБАҚ-
тарды ң қозғалысы,
вакц и нац ияға қарсы
қозғалыс
Түзеуші қозгалыстар.
Мысал: Жасырын
маскүнемдер, діни
шіркеулер
Қ о га м д ы қ Реформистік қозғалыстар.
Мысал: Ж ануарлардың
қүқы ғы н қорғау
қозғалысы, денсаулық
сақтау саласын
реформалау үшін
қозғалыс
Револю циялық
қозгалыстар
Мысал: «Талибан»,
1917 ж ы лы Ресей
Коммунистік
партиясы
Балама қозғалыстар кейбір
тұжырымдар мен әрекеттерге
өзгеріс енгізуге бағытталған.
Айығу қозғалыстары жеке
тұжырымдар мен әрекетті
түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Реформистік қозғалыстар
(жануарлардың, азшылықтың
және әйелдердің құқығы үшін
күресушілер) белгілі деңгейде
қоғамды өзгертуге ынталы.
Революциялық қозғалыс
қоғамды түбегейлі өзгерткісі
келеді.