Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет483/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   529
Үж ы мды қ мінез-қүлық
2012 жылы «Аштық ойындары» фильмі алғаш рет экранға шыққан- 
да, жергілікті кинотеатрларда өгетін бастапқы көрсетілімдерге орын 
алу үшін көпшілік бірнеше сағат бұрын кезекке тұрды; ал кейін Аме- 
рикадағы Миннесота Молында кино жұлдыздарымен кездесу үшін 
8 мыңнан астам жанкүйер сағаттап күтті. Дәл сол жылы Мәскеуде 
100 мыңнан аргық адам әділетсіз сайлауға наразыльщ білдіру үшін 
алаңға шықты.
Осы екі оқиғаның қандай үқсастығы бар? Әлеуметтанушылар 
үшін екі жагдай да үжымдық мінез-құлықты көрсетеді. Ұжымдық мі- 
нез-құлық - мінез-құлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр, қисынсыз 
және даулы болған жағдайда топтардың тосыннан жасайтын әреке- 
ті (Marx 
&
Social change is any significant McAdam, 1994). Мұндай әре- 
кеттерге ұжымның зорлық көрсетуі; аяқ-астынан тұтану, Wal-Mart-та 
жылдың соңында болатын жаппай сатылымға топталып жиналу, со-
Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік 
құрылымдардың немесе 
әлеуметтік-мәдени процестердің 
уақыт өте келе айтарлықтай 
түрленуі не қайта құрылымдануы.
Ұжымдық мінез-қүлық - мінез- 
құлықтың мәдени ережелері 
бұлыңғыр болған жағдайдагы 
топтың тосын әрекеті.

«Ымырт» (Twilight) фильмінің 
I жанкүйерлері нақты мінез-қүлық 
ережелері жоқболғандықтан тобырдың 
тосын әрекетіне қосылады.
28-251


434
15-ТАРАУ
Әлеуметтік қозғалыс - әлеуметтік 
институттарды, қарым-қатынасты 
және өмір салтын өзгерту 
мақсатымен біріккен адамдардың, 
топтар мен ұйымдардың 
қозғалысы.
нымен қатар Марди Грас кезінде көшеде топтардың ішкілікке салынып 
жүруі жатады. Мұның бәрі - жеке тұлғалар мен топтардың ерекше не- 
месе күрделі жағдайға бірлескен тосын жауабы ретіндегі жоспарланба- 
ған, импровизациялық әрекеттер. Ұжымдық мінез-қүлықтың әлеумет- 
тік қозғалыстардан айырмашылығы бар (кейін толығырақ айтылады). 
Ұжымның мінез көрсетуі, көбінесе ұзаққа созылмайды, себебі қатысу- 
шылардың айқын әлеуметтік жоспары мен мемлекеттік саясатқа эсер 
етуге қажет ресурстары болмайды. (Кейбір әлеуметтанушылардың 
пайымдауынша, әлеуметтік қозғалыстар - үжымдық мінез-құлықтың 
формасы, бірақ басқалары, соның ішінде оқулық авторлары да бұл та- 
қырыптарды бөлек қарастырғанды жөн санайды).
Бұған дейін айтылгандай, топтың мінез-құлық мәдени ережелері 
жоқ болса немесе қисынсыз болса және қайта қарау керек болса бой 
көрсетеді. Мәдени ережелер көп салада анықталмаған: әйел адам қо- 
лына түгелдей тэту сала ала ма? Мектеп пен колледждің арасында бір 
жылдық үзіліс жасауға бола ма? Дағдарыс немесе әлеуметтік өзгеріс- 
тер жедел болып жатқан кезде мәдени ережелер қисынсыз болып 
қалады: апат кезінде кімді бірінші қүтқару керек? Facebook парақша- 
сында нені жариялауға болады? Кейбір әлеуметтік топтар қоғамда қа- 
лыптасқан ережелер өздеріне қарсы деп санап, олардың күшін жою 
үшін немесе қарсылық білдіру үшін әрекет етуге шешім қабылдаған- 
да мәдени ережелер қайта қаралады.
Ұжымдық мінез-құлық кез келген жерде - жол жиегінен бастап 
түрмелерде, корпорацияларда т.б. бой көрсетеді (Marx & McAdam, 1994). 
Сыбыс шықса көшедегі заңсыз саудагерлер тауарларын тез жинап әке- 
туі мүмкін; ал түрмедегілер жағдайдың нашарлығына қарсы озбыр- 
лық көрсетуі ықтимал. Windows корпорациясында жұмыс үстеліне 
арналған белгілі бір тұсбейне еденнен көрінсе, аяқ астынан танымал 
болуы ғажап емес; қызмегкерлер бір-біріне бомбаланған ғимараттан 
шығуға көмектесе алады немесе томен жалақыға үнсіз наразылық 
ретінде жұмысты бейресми түрде бәсеңдете бастайды.
Ұжымдық мінез-қүлық наразылық ретінде жоспарланбаса да 
қалыптасқан жағдайға тиімді эсер ете алады. Мысалы, колледж 
студенттерінің ішімдік ішіп, ұятсыз қылық көрсеткен суреттерін 
Facebook желісіне жүктесе, онда көпшілік студенттерді осы кейіпте 
қабылдай бастайды. Ұжымдық мінез-құлық пен әлеуметтік қозғалыс 
арасындагы айырмашылық - әлеуметтік қозғалыстың ұзақ мерзімге 
созылып, әлеуметтік өзгеріс тудыруға бағытталатынында.
Ә л е у м е т т і к қ о з ғ а л ы с т а р
Әлеуметтік қозғалыс - әлеуметтік институттарды, қарым-қатынас- 
ты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдар, топтар 
және ұйымдар (Tilly, 2004). Мысал ретінде, иммигранттардың құқы- 
ғын қорғау үшін Уолл-стрит көшесін басып алуды және жергілік- 
ті мектептерді жақсарту үшін жаппай наразылық білдіруді айтуға 
болады.
Әлеуметтік қозғалыстар бір-бірінен қатты ерекшеленуі мүмкін. 
Кейбіреуі қоғамды өзгерткісі келеді, енді бірі адамды өзгертуге ты- 
рысады. Бір топ экстремалды (мысалы, қарулы қарсы тұру немесе жа- 
рылыс күші бар отты қару қолдану) әдістерге сүйенеді, тағы бірі заң 
шығарушыларға ықпал етуге немесе білім беру кездесулерін ұйымда- 
стыруға көп күшін жұмсайды. Екі әдісті де қолданатындар бар.
Әлеуметтік қозғалыстардың түрлерін ажырату үшін әлеумет- 
танушылар олардың енгізуге тырысатын өзгерістерінің ауқымы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет