Ресурстарды жұмылдыру Жұмылдыру немесе мобилизация - әлеуметтік қозғалысқа қажетті
ресурстарды қолжетімді ететін процесс. Бұл ресурстарға қару, тех
нология, тауар, ақша және ұйым мүшелері жатады. Әлеуметтік қоз-
ғалысқа қажетті ресурс тар екі факторға - қозғалысқа қатысушылар
бақылайтын жеке ресурстардың санына және қозғалыс мүшелері
енгізетін ресурстардың үлесіне тәуелді. Осылайша, мобилизация мү-
шелер санын арттыру немесе қатысушылардың қозғалысқа беретін
ресурстарын көбейту арқасында жалғасын табады. Қатысушылар-
дың ішінен қалталылардың бірнешеуі мол қаражат белее де мобили
зация жүзеге асырылады. Мысалы, «Tea Party - Шай мерекесі» қозға-
лысының негізін ағайынды миллиардерлер Чарльз және Дэвид Кох
(Charles and David Koch) өздері қалап, қаржыландырған (Mayer, 2010).
Мобилизация әлеуметтік қозғалысты қолдауға басқа үйымдарды да
тартуды білдіреді.
Ұйымдастырушылық факторлар да ӘҚҰ-ның жетістікке жетуі-
не ықпал етеді. Ең бастысы, ӘҚҰ-лар мақсатына жету үшін ресурс
тарды жүмылдыра алуы керек. Ол ресурстар турлі формада болуы
мүмкін. 2011 жылы «Уолл-стритті басып алу» қозғалысы елдің түк-
пір-түкпірінде жүргізілді және қатысушылардың көбі бір түнде
мәтіндік хабарламалар мен қоңырау шалу арқылы, яғни бұған де-
йін қолданылмаған ресурстар арқылы жүмылдырылды. Сонымен
қатар адамдар қозғалыс жеңісінен пайда көру үшін белсенділік
танытқан кезде ӘҚҰ зор жетістікке жетеді. Басқа ұйымдармен бә-
секелеспей, керісінше, одақтасатын орталықтандырылған бюрок-
ратиялық қүрылымы болғанда да ӘҚҰ қызметі сәтті атқарылады
(Gamson, 1990).
Қалыпты теңестіру Саяси процестер теориясы жаңа қатысушыларды тарту және жұ-
мылдыру үшін қалыпты теңестірудің маңызды екендігін көрсетті.
Қ алы пты теңестіру - қозғалыстар арқылы адамдарға олардың қы-
зығушылықтары, құндылықтары мен сенімі ӘҚҰ-ның мүддесімен
астарлас екенін көрсететін процесс (Benford & Snow, 2000). Мысалы,
Ұлттық атқыштар ассоциациясы - Қайырымды қоғам полицейле-