448 15-ТАРАУ I Электр құрылғылардың қуаты артып,
шығыны азайған сайын көптеген
білім алушылар шағын компьютер,
планшеттерді колледжге, мектепке,
тіпті бастауыш мектепке алып баратын
болды.
Әлеуметтік және этикалық мәселелердің жаңа репродуктивті
технологиялармен байланысы өте нәзік, байқалмайды. Кейбір ең
мықты тәсілдер егде жастағы әйелдерге нәтиже бермеуі мүмкін. Тіпті
балалы болғанға дейін әйел әрқайсысы 12 мың доллар тұратын бірне-
ше циклды ем қабылдауы ықтимал. Дегенмен технологияның ұдайы
дамып отыруының баласыздыққа тигізер әсері бар. Қалай болғанда
да жұбайлар бала асырап алуға немесе баласыз өмір сүруге қатысты
шешімді өздері қабылдайды. Бұл технологиялар баланы қымбат тура-
тын тауарға айналдырып жіберген жоқ па? Кейінгі кезде осындай
сұрақ қойылып жүр. Сонымен бірге технологиялар ата-ана түсіні-
гін тарылтып жібергендей. Өйткені ата-ана болу тек гендік тұрғыда
жақын болу емес, сонымен бірге баланы жақсы көру және тәрбиелеп
өсіру.
Ақпараттық технологиялар 1970 жылғы колледж студентін мысалға алайық, оған ата-аналардың
ажырасуының салдары жайлы курс жұмысын жазу керек. Ол кітапха-
наға барып мерзімді басылымдар бөлімін қарайды. Онда «Неке және
отбасы» журналын табады. Оның нөмірлерін қарай отырып көңілінен
шыққан 5 мақаланы іріктеп алады (мұғалімнің талабы бойынша 5
мақала қарау керек). Оларды 3-5 дюймдік карточкаларға жазып алады
(фотокопия машиналары жоқ) да үйіне қайтады. Баяндама жазу үшін
электрлі басу машинасынан қағаз лентаға жазбаларын басып шығара-
ды. Оны қиып, қағазға жапсырады. Қателерін сөздікпен салыстырып
тексереді. Бәрі дұрыс болган соң гана соңғы нұсқасын әзірлейді. Сосын
көшірмесін түсіреді. Егер қате жасап қойған болса оны ұқыпты түрде
өшіріп, білдіртпей жөндеуге тырысады.
Енді қазіргі студенттің жағдайын қарайық. Бұл студент әлеумет-
тану бойынша 100 мың мақала жинақталған «Әлеуметтік рефераттар»
атты онлайн библиографияға кіреді. Ол «ажырасу» және «ата-аналар»
деген кілттік сөздерді енгізген кезде бағдарлама 41 мақала тауып бе-
реді. Өзі таңдап алған мақалаларды жүктеген соң ноутбугінде баян-
дамасын әзірлей бастайды. Оны қалауынша өңдейді. Орфографиясын
компьютер автоматты түрде тексереді және сөздерді өңдеу үшін он-