446
15-ТАРАУ
тен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды. Электр
компапиялары электромобильдерді сатуға мүдделі. Бірақ бұл жанар-
май компанияларының мүддесіне сай келмейді. Колледж студенттері
ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл
тиімді емес.
Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең
бөлінбейді. Конфликтология теорияшылары әдетте шығынға әлсіздер
ұшырайды дейді. Корпорацияларға көп пайда түсіретін ауаны ластау-
шы фабрикалар кедей-кепшік тұратын аудандарда орналасады. Олар
ешқашан Беверли Хилз немесе Скарсдейл сияқты аудандарда болмай-
Д ы .
Эволюциялық теориялар сияқты әлеуметтік өзгерістерге қатыс-
ты конфликтологиялық көзқарас та тек болжамға ғана сүйенбейді, эм-
пирикалық зерттеулермен дәлелдейді. Конфликтологиялық көзқарас
жөніндегі жалпы түсінік бойынша, қоғамда байлығы, мәртебесі мен
билігінің үлесі әркелкі қалыптасқан адамдар жағдайды сақтап қалу-
ға тырысады. Қазіргі қүбылмалы қоғамда бұл түсінік өзгеріп кетуі де
мүмкін: қуатты топтар, жеке адамдар мен ұйымдар да қолдауға бе-
йім болып, технологиялық инновацияларға қарсы шығуы ықтимал.
Мысалы, Microsoft компаниясы бағдарламалармен қамдаумен айна-
лысып, компьютерлерді бақылайтын Linux және Apple жасайтын ин-
новацияларға қарсы жүмыс істесе де Windows бағдарламалық қамдау-
дың жаңа версиялары сияқты пайда әкелетін жаңа технологияларды
толықтай қолдайды. Сонымен қатар кейбір ғалымдар технология
«автономды» дейді. Яғни атомды Бобқа арналған дербес компьютер
сияқты нақты бір өнертабыс үшін қосалқы білім ойлап табылған бой-
да солай бірден қолданысқа енгізіледі. Осылайша, технологиялық өз-
герістер сізге тікелей бақыланбайтын күштермен іске асуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: