Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет493/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   529
әлеуметтану және сіз
Егер қандай да бір миссионер 
мүбәрак жаныңызды тап-таза 
күйінде сақтап қалуыңыз 
үшін сізді өз дініне қосылуға 
үгіттесе, сіздің және оның 
қозғалысының мүддесі бір 
екеніне сендіргісі келсе, онда ол 
құрылымды орталықтандыру 
әдісін қолданғаны. Сол сияқты 
студенттік өзін-өзі басқару 
жүйесі үшін жүгіріп жүрген 
біреу я болмаса сіз «Гринписқа» 
қосылады деп үміттенген 
адам екеуіңіздің ңозғалыстағы 
қызығушылықтарыңыз, 
құндылықтарыңыз бен 
сенімдеріңіз ұқсастығына сізді 
сендіргенде де осы әдіс жүзеге 
асады.
Кері қозғалыс дегеніміз - қарсы 
күресетін қозғалысқа мүлде өзгеріс 
енгіздірмейтін немесе қарсыласуға 
тырысатын әлеуметтік қозғалыс.

Абортқа қарсылар мен таңдау 
I қуқын қолдайтындардың мына 
суреті көрсетіп тұрғандай, әлеуметтік 
қозғалыс - әлеуметтік өзгеріс 
орнатуда жетістікке жеткен сайын оған 
кері бағыттағы қозғалыс та дамиды.


442
15-ТАРАУ
Екіншіден, адамдардың әлеуметтік құндылықтарына немесе 
билігі мен мәртебесіне қауіп төнген кезде кері қозғалыс туындайды. 
Бұл жағдай әсіресе алғашқы қозғалыс қанатын кеңге жайғанда пайда 
болады. XIX ғасырдағы спирттік ішімдіктен бас тартуға бағытталған 
қозғалыс зор қарсылыққа тап болды. Керісінше, бүгінгі таңдағы жал- 
пы ішкілікке емес, тек көлікті мае күйінде басқаруға қарсы қозғалыс- 
тың өзіне оппозиция мүлде жоқ десе болады.
Үшіншіден, жаңа қозғалыстан қауіп сезінген адамдар тобы 
қуатты одақтас тапса кері қозғалыс пайда болады. Мүндай одақтас- 
тар саяси партиялардан, одақтардан, шіркеуден немесе басқа да ма- 
ңызды әлеуметтік топтан шығуы мүмкін. Осы орайда, шылым ше- 
гетіндер мен мейрамхана иелерін тағы бір марте мысалға келтіруге 
болады.
Баланы алдыртып тастауға қатысты шиеленіс қозғалыстар мен 
кері қозғалыстар арасындағы өзара байланысқа тамаша мысал бола 
алады. 1960 жылдардағы жасанды түсікті қолдайтын қозғалыс өзіне 
аса назар аудартпады. Онда, негізінен, саяси элита - докторлар, заңгер- 
лер және саяси топтарға мүше әйелдер болғандықтан шыгар. Сондық- 
тан болуы керек, БАҚ-та бұл қозғалыс туралы көп айтылмады (Luker, 
1985). 1973 жылы Жоғарғы соттың шешімімен оның Рой мен Уэйдтің 
қарсыластарын жеңуі халықты таңғалдырды және жасанды түсікке 
қарсы қозғалыс тудырды (Meyer & Staggenborg, 1996). Kepi қозғалысқа 
баланы алдыртып тастауды заңдастыру дінге, отбасы тұрақтылығы- 
на және әйелдердің қоғамдағы рөлі мен табиғатына қатысты дәстүрлі 
салаларға қауіп төндіреді деп санаған әйелдер де, ерлер де қосылды. 
Жасанды түсікке қарсы қозғалыс бұқаралық ақпарат құралдарында 
көрсетуге тұрарлық әрекеттер жасаған соң қосымша қолдаушыларға 
ие болды. Рой мен Уэйдтің ісі қаралғаннан кейінгі жылдары қолдау- 
шы және кері қозғалыстар саяси одақтас іздей бастады. Таңдау құқы- 
ғын қолдаушылар Демократиялық партиямен, ал жасанды түсікке 
қарсылар Республикалық партиямен бірікті. Қазіргі таңда америка- 
лықтар «таңдау құқығын қолдаушылар» және «өмір сыйлаушылар» 
болып екіге бөлінген (Gallup.com, 2011с). Екіжақтыңешқайсысы да әлі 
жеңіске жеткен жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет