Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)

Менеджмент
– 
нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына 
толығырақ жауап бере алатын басқару үлгісі. 
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме 
(мотивация) 
жағдайларында 
туған 
нақты 
басқарудың 
өзінше 
тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілдік, 
технократиялық, 
жоспарлы-директивтік, 
өктемшілік 
(авторитарное) 
басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал. 
Басқару үлгісі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды 
жатқызуға болады: 
1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотивы), 
құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен 
оны жүзеге асырушы болып табылады. 
2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде 
экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл 
әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын 
басқаруда жиі білінеді. 
3. Менеджермен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін 
кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және 
әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек. 
4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және 
инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе 
алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән. 
5. Менеджмент менеджердің жеке басына қойылатын талаптардың 
кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері - тапқырлық, 
байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Менеджменттің 
басқару өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес. 
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп 
саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады: 
-
еңбек өнімділігін арттыру; 
-
бәсекеге жарамдылық; 
-
тұтынушыға бағдарлану (маркетинг); 
-
іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша 
жұмыс істеу. 


Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану өнері 
болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға қарай басқаратын 
ахуалдық басқаруды білдіреді. 
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін 
нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезендік және ағымдық) 
белгілейді. Ескі стилді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің 
басты, яғыни принциптік айырмашылығы, міне, осында. 
Жеке кәсіпорынмен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі 
есебінде үш негізгі факторлармен анықталады: 
-
техника мен технологияның деңгейі; 
-
жұмысшы күшінің сапасы және еңбек 
уәждемелерін кеңінен пайдаланылуы; 
-
өндірісті 
ұйымдастыру 
және 
басқару 
(менеджмент). 
Менеджменттің жағдайы техникамен технологияның деңгейіне, 
жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл 
экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті экономист 
Альфред Маршалл (1842-1924 ж.ж.) басқаруды үш дәстүрлі – капиталмен, 
еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі 
тегін болмаса керек. 
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуін 
басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет 
түріне бөлді. Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені белсенді түрде байытуға, 
өндіріс пен еңбекті басқарудың тиімді әдістерін іздеструге, басқару 
ғылымының пайда болуына әкеп соқты. (Басқару тәжірибесін жүйелеуге 
талпыныс Англияда ХІХ ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша 
алғашқы оқулық – математика, инженер профессоры, ағылшындық кәсіпкер 
Ч.Бэббидждың «Экономика машин и производства» (1832 ж) атты кітабы 
болды.) 
Бұл анықтамадан бөлек басқалардың көптеген анықтамалары бар. Оның 
біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатнас жасаудың тәсілі 
ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық 
және т.б. ретінде қарастырады. 
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнына тікелей 
байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка «Карьера 
менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатнас жасай білу, олардың мінез-
құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің 
тәсілдері сияқты, оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы 
басқару ғылымы – пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы 
айрықша ғылымға жатады: индустиялық социология, инженерлік 
социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б. 
Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын 
тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктірді. 
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының 
мамандары – математиктерден антропологтарға дейін айналысады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет