Электр аппараттары


 Тапсырмаларды орындау тәртібі



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата15.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#181193
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ЭА и ИТ лаб.раб

 
10.1 Тапсырмаларды орындау тәртібі 
 
№1 тапсырма. Құюлы корпустағы автоматты ажыратқыштың 
қорғаныс сипаттамаларын зерттеу. 
Құюлы корпустағы
 
автоматтың уақыт-ток немесе қорғаныс сипаттамасы 
ажырытқыштың іске қосылу уақытының тізбек тогына тәуелділігін ұсынады. 
Әдетте абсциссалар осі бойынша тізбек тогын емес, тізбек тогының автоматтың 
номиналды тогына еселігін жүргізеді. 
1-тапсырма бойынша жұмыс жасау тәртібі мынадай: 
1) Тапсырма нұсқасына сәйкес 
ажыратқыштың номиналды тогын 
тізімінен және 
жылу ағытқышының номиналды тогын 
тізімінен деректерді 
таңдаймыз. Дәл осы жерде электромагнитті ағытқыштың номиналды тогының 
мәнін де енгіземіз.
2) 
Шығыс деректерінің кездейсоқ сипаты 
жалаушасын орнатамыз

3) 
Жүктеме тогы 
жолына токтың қажетті мәнін енгіземіз және 
Іске қосу 
батырмасын басамыз

Осы тапсырманы орындау кезінде жүктеме тогын жүктеме тогының 
еселігі α шамамен келесі мәндерді қабылдайтындай тәсілмен өзгерткен жөн: 1; 
1,13; 1,3;1,45; 2,5; 4; 10; 12. 
Ток еселігін тағайындай отырып, жүктеме тогын келесі формула 
бойынша табамыз:
.
н
ж їк
I
I

=

(10.1) 
4) Тәжірибені қайталаймыз, яғни 
Іске қосу 
батырмасын (5 – 7) рет 
басамыз.
Тәжірибелерді орындау кезінде автоматтың іске қосылу уақытының 
тұрақты өзгеріп тұратындығына, яғни кездейсоқ сипатқа ие екендігіне назар 
аударған жөн. 
Эксперименттік деректер кездейсоқ сипатқа ие болғандықтан, оларды 
өңдеу кезінде статикалық әдістерді қолдану қажет.
Осындай деректерді өңдеу тәртібі 1-жұмыста берілген. 
№ 2 тапсырма. Кабель температурасының тізбек тогына және 
автоматтың номиналды тогына тәуелділігін зерттеу. 


54 
Осы тапсырмада қорғалатын кабель температурасының түрлі номиналды 
токтары бар балқымалы қондырмаларды қолдану кезінде жүктеме тогына 
тәуелділігіне зерттеу жүргізу қажет. 
Зерттеу екі температуралық режим үшін жүргізіледі: 
1) Қоршаған орта температурасы 40.°С тең (Жаз). 
2) Қоршаған орта температурасы -5°С тең (Қыс). 
Жасалған зерттеулермен кабельдің рұқсат етілетін тогының автоматтың 
жылу ағытқышының номиналды тогына қандай қатынасы кезінде автомат 
кабельді шектен тыс жүктеуден сенімді қорғайтындығын анықтаңыз (яғни, 
кабель оқшаулағышын кабель температурасы ол үшін рұқсат етілетін 
температурадан асып кеткен кезде туындайтын кеуіп қалудан қорғайды). 
Тапсырманы орындау кезінде келесі жағдайларға назар аударған жөн. 
Өнеркәсіптік қолданыстағы автоматтың жылулық қорғанысы ұзақ уақыт 
ішінде іске қосылатын диапазонға сәйкес келетін 1,13 – 1,45·
I
н 
аралығындағы 
еселігі кезінде кабель мен автомат арқылы үлкен ток ұзақ уақыт бойы жүретін 
болады. Нәтижесінде кабель температурасы рұқсат етілген мәннен асып кетуі 
мүмкін, бұл кабель оқшаулағышының жылдам тозуына және қызмет ету 
мерзімінің күрт қысқаруына алып келуі мүмкін.
2-тапсырманы орындау бойынша жұмыс жасау тәртібі: 
- тапсырма нұсқасына сәйкес қалқымалы тізімнен таңдаңыз және 
бағдарламаға автоматтың номиналды тогының мәнін енгізіңіз; 
- жылу ағытқышының номиналды токтарының қажетті мәндерін 
енгізіңіз;
- қоршаған орта температурасының қажетті мәндерін енгізіңіз;

жүктеме тогы 
жолында жүктеме тогының мәнін енгізіңіз. 
Зерттеуді орындау кезінде жүктеу мәнін келесі мәндерге тең етіп 
қабылдайды: 
.
.
е
р


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет