Электр аппараттары



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата15.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#181193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ЭА и ИТ лаб.раб

 
 



Кіріспе
«Электрлік аппараттар» (ЭА) пәнін оқу кезінде білімін, шеберлігін және 
дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ағымдағы бақылауды ұйымдастыру 
үшін зертханалық жұмыстарды орындау қажет. Зертханалық жұмыстар лекция 
және тәжірибе сабақтарында алынған білімді нығайтады, сараптамалар 
жүргізуге арналған дағдылар сіңіреді, электрлік қондырғылармен және өлшеу 
аспаптарымен жұмыс жасау кезінде шеберлік алуға мүмкіндік береді. 
Зертханалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде студенттерде сараптамалардың 
нәтижелерін өңдеу дағдылары мен шеберліктері қалыптасады, олар теориялық 
есептеулерді тәжірибелік зерттеулермен салыстыруға үйренеді. 
Зертханалық жұмыстар «Электрлік аппараттар» оқу жабдығының 
әмбебап типтік кешенінде (стендінде) өткен лекция материалдарына сәйкес 
өткізіледі (топтың барлық студенттері зертханалық сабақтарда берілген 
нұсқаларға сәйкес бір типті жұмыстарды орындайды).
Студент зертханалық жұмыстарды орындауға оқытушыға осы жұмысқа 
дайындаған ұсынғаннан кейін ғана жіберіледі. Жұмысқа дайындық 
зертханалық жұмыстың тақырыбына сәйкес келетін және әдістемелік 
нұсқауларда берілген есептік тапсырмалар орындалған кезде теориялық 
материалдарды оқудан тұрады.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде студенттер зертханалық 
жұмыстың мақсаты мен мазмұнын, зерттеу нәтижелерін өңдеу тәртібі мен 
әдісін ашатын әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алуы тиіс. 
Жасалған жұмыстар туралы есепте жұмыс мақсаты, жұмысқа 
дайындауды көрсетілген есептеулер, жұмыстарды орындау тәртібі, есептік 
және эксперименттік көрсеткіштерді салыстыру көрсетілуі тиіс. Стандарттар 
мен масштабтарды сақтай отырып, графикалық құрылымдар жасалуы, 
қорытындылар берілуі керек. 
Материалды пысықтау үшін ұсынылған сұрақтарға жауап беру қажет. 
Есептеулер мен графикалық құрылымдар заманауи технологияларды қолдана 
отырып жасала алады. Есеп А4 форматты ақ қағаз парағында рәсімделеді. 
Есептің титул парағы АЭБУ қабылданған нысанда рәсімделеді. 
Есепті студент келесі зертханалық жұмысты орындағанға дейін 
қорғайды. Ағымдағы жұмыс бойынша есепті қорғамаған студент келесі 
жұмысты орындауға жіберілмейді. Есеп ағымдағы сабақта немесе студенттің 
оқытушымен өз бетінше жұмысы (СОӨЖ) кезінде қорғала алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет