35
-
сақтандырғыш конструкциясы балқымалы қондырма күйіп кеткен
кезде оны жылдам әрі ыңғайлы ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Балқымалы қондырма - сақтандырғыш іске қосылғаннан кейін
ауыстырылуы тиіс электр токты ажырату орын алатын сақтандырғыш бөлігі.
Ол сақтандырғыш іске қосылған кезде балқып
кететін балқымалы қондырма
орналасқан корпусты және балқымалы элемент күйіп кеткен кезде туындайтын
электр доғаны ажыратуге арналған толтырғышты ұсынатын доға ажырату
құрылғысын білдіреді. Балқымалы қондырма ұстағышы - сақтандырғыштың
оның балқымалы қондырмасын ұстап тұруға арналған алмалы-салмалы бөлігі.
Балқымалы қондырма контакттары - балқымалы қондырма контакттарының
өткізетін өткізгіштермен электрлік байланысын қамтамасыз ететін ток
өткізетін бөлік.
Сақтандырғыштардың
параметрлері
мен
сипаттамалары:
сақтандырғыштың номиналды тогы (I
ном
)
-
жылу-физикалық және
геометриялық
параметрлерімен
анықталатын
ток.
Шығыстардағы
температураның асып кетуін және қуаттың жоғалуын есептеуден бекітіледі.
Оның мәні оған орнатылған балқымалы қондырманың номиналды
тогымен анықталады I
ном.м.
-
Сақтандырғыштың, балқымалы қондырманың
және сақтандырғыш ұстағышының номиналды тогы келесідей өрнектеледі:
айнымалы ток кезінде - номиналды жиілікті синусоидалды пішімнің мерзімдік
құрамдас тогының мәнімен, тұрақты ток кезінде (пульсация болған кезде) -
орташа мәнмен және ГОСТ 6827-76 сәйкес келеді.
Сақтандырғыш ұстағышының (немесе негіздің) номиналды тогы
сақтандырғышта қолданыла алатын балқымалы қондырманың ең үлкен
номиналды тогын білдіреді.
Балқымау тогы - сақтандырғыштың балқымалы қондырмасы балқып
кетпей, шартты уақыт ішінде өткізуге қабілетті болатын токтың тағайындалған
мәні. Балқымаудың шартты тогы I
балқымау
- балқымау тогының балқымалы
қондырманың номиналды тогына қатынасымен сипатталады.
Балқу тогы - балқымалы қондырмау ұзақ уақыт бойы күйіп кетпейтін ең
жоғары ток (балқу тогынан асып кететін ток
кезінде балқымалы қондырма
қысқа уақытта күйіп кетуі тиіс).
Балқудың шартты тогы (I
бал
) - шартты уақыт ішінде сақтандырғыштың
балқымалы қондырмасы іске қосылатын токтың тағайындалған уақыты; еселік
коэффициентімен сипатталады К
бал
= I
бал
/I
ном.м.
Сақтандырғыштың номиналды кернеуі - электр тізбектің осы тізбектің
сақтандырғыштарын сенімді ажырату қамтамасыз етілетін максималды
кернеуі (қолданыстағы мән). Айнымалы токта сақтандырғыштың номиналды
кернеуі номиналды жиіліктің синусоидалды пішімінің мерзімдік құрама
тогының қолданыстағы мәнімен, тұрақты ток кезінде (пульсация болған кезде)
орташа мәнмен өрнектеледі.
Ажырату кернеуі (оралатын кернеу) - балқымалы қондырғыларды
(немесе сақтандырғыштарды) іске қосу процесінде
оның шығыстарында пайда
болатын кернеудің лездік мәні. Әдетте осы кернеудің ең көп мәні есепке
алынады. Келесілер өлшенеді: айнымалы ток тізбегінде - сөндіргеннен кейін
36
кернеудің екінші жарты толқыны мен алдыңғы және келесі жарты
толқындардың шыңдары арасынан өткен тік сызық арасында; тұрақты ток
тізбегінде - токты ажыратқаннан кейін 100 мс ішінде орташа мән ретінде.
Сақтандырғыштың балқымалы элементінің балқу уақыты (t
бал
) - сақтандырғыш
арқылы асқын токтың ағуы басталған сәттен материалдың балқу
температурасының балқу элементінің ең қатты қызған учаскесіне жеткен сәтке
дейінгі уақыт интервалы. Бұл ретте асқын
токтың балқымалы элементтің
балқып кетуі үшін жеткілікті мәнге ие екендігін айтылады.
Сақтандырғыштарды топтарға бөлуге болады: жалпы қолданыстағы,
ілеспелі, күшті жартылай өткізгішті (жылдам әрекет ететін) аспаптарды
қорғауға арналған, трансформаторлы қондырғыларға арналған.
Жалпы қолданыстағы сақтандырғыштар электротермиялық және
электродинамикалық
тұрақтылығы
жоғары
электр
энергиясын
тұтынушыларды (мысалы, электр қозғалтқыштар, трансформаторлар, цех
ішіндегі электр желілері және т.б.) қорғау үшін қолданылады және барлық ҚТ
нүктелерін сөндіреді (шекарадағы токтан ажырату
қабілеті жоғары токқа
дейін), ажырату токтарының толық диапазонында ажырату қабілеті бар
g
типті
балқымалы қондырмалары бар.
Ілеспе сақтандырғыштар автоматты ажыратқыштармен немесе жылулық
релесімен бірге қолданылады. Тізбекті ҚТ тогы жоғары болған кезде ғана
ажыратуі тиіс, бұл ретте ҚТ тогы ажыратқыштар үшін рұқсат етілетін мәнге
дейін шектеледі, не болмаса тізбекті ажыратқыш (немесе реле) контакттары
тарап кеткенге дейін ертерек сөндіреді. Ажырату тогының диапазоны бөлігінде
ажырату қабілетіне ие
а
типті балқымалы қондырмалар қолданылады (аз ток
жүктемелері автоматты ажыратқыштарді немесе жылу релелерін ажыратады).
Жартылай өткізгіш аспаптарды қорғауға арналған сақтандырғыштар
жоғары жылдам әрекет ету және токты шектеу қабілеттерімен ерекшеленеді,
өйткені жартылай өткізгішті аспаптардың термиялық төзімділігі төмен.
Тасымалдау қондырғыларына арналған сақтандырғыштар - қарапайым
түрлерінен дірілге төзімділігінің және соққыға төзімділігінің жоғары
болуымен ерекшеленеді. Осы зертханалық жұмыста өздігінен қалпына келетін
сақтандырғыштар қолданылады. Осы сақтандырғыштар олардың кедергісінің
токтың шекті белгісіне жеткен кезде күрт жоғарылайтындығымен
ерекшеленеді, ток төмендеген кезде бұл
сақтандырғыштар өздерінің
кедергілерін қалпына келтіреді. Өздігінен қалпына келетін сақтандырғыштар
немесе позисторлар - бұл кедергісі тікелей пропорционалды температураға
тәуелді болатын резисторлар. Ток сақтандырғыш арқылы өткен кезде ол
қызады, белгілі бір температураға (токтың) жеткен кезде кедергі күрт ұлғаяды,
бұл токты шектейді, яғни жүктемедегі қысқаша тұйықталу кезінде немесе
токтың жоғарылауының басқа да жағдайларында позистор барлық кернеуді
өзіне қабылдайды, токтың төмен мәні шектен тыс жүктеу себебін анықтағанға
дейін сақталады.
37
Қорытынды сұрақтар.
1. Өздігінен қалпына келетін сақтандырғыштардың анықтамасын беріңіз.
2. Сақтандырғыштардың параметрлері мен сипаттамаларын атап өтіңіз.
3. Сақтандырғыштардың жіктелуін көрсетіңіз.
4. Сақтандырғыштың қорғау сипаттамасы деп нені атайды?
5. Балқымалы қондырғыны іске қосу уақытын күрт
қысқартуға не
есебінен қол жеткізуге болады?
6. Балқымалы қондырманың номиналды тогы деп нені атайды?
7. Сақтандырғыштың номиналды тогы деп нені атайды?
8. Балқитын ток деп нені атайды және ол неге тең?
9. Металлургиялық әсер дегеніміз не және оны не үшін қолданады?
10. Сақтандырғыштарға қандай талаптар қойылады?
11. Зертханалық жұмыста кандай типті сақтандырғыш қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: