45
3. Кабель қимасын ұлғайту жүктеме тогын сақтау кезінде оның қызуына
қалай әсер етеді?
4. Кабельдің рұқсат етілетін тогының және автоматтың номиналды
тогының қандай қатынасы кезінде кабельді шектен тыс жүктеуден қорғауға
кепілдік беріледі?
5. Тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қолданыстағы қандай автоматтар
желіні шектен тыс жүктеу тогынан ең жақсы қорғауды қамтамасыз етеді?
6. Автоматты ажыратқыштардың анықтамасын беріңіз.
7. Автоматтар іске қосу уақыты бойынша қалай ерекшеленеді?
8. Электромагнитті ағытқыштың мақсаты мен құрылымы қандай?
9. Жылу ағытқышының мақсаты мен құрылымы қандай?
10. Қандай ажыратқыштар А қолдану категориясына және В қолдану
категориясына жатады?
11. Заманауи каталогтарда берілетін автоматты ажыратқыштардың
негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз?
12. Білікті қызметкерлер қызмет көрсететін және біліктілігі жеткіліксіз
қызметкерлер қызмет көрсететін ғимараттарға орнатылатын ажыратқыштар
үшін жылу және электромагнитті ағытқыш сипаттамаларын беріңіз.
13. Кездейсоқ сипатқа ие эксперименттік деректер қалай өңделеді?
Достарыңызбен бөлісу: