Электр аппараттары



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата15.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#181193
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
ЭА и ИТ лаб.раб

I
н
аралығындағы еселігі кезінде кабель мен 
сақтандырғыш арқылы шектен тыс жүктеу тогы ұзақ уақыт бойы жүретін 
болады.
Нәтижесінде кабель температурасы рұқсат етілген мәннен асып кетуі 
мүмкін, бұл кабель оқшаулағышының жылдам тозуына және қызмет ету 
мерзімінің күрт қысқаруына алып келуі мүмкін.
2-тапсырманы орындау бойынша жұмыс жасау тәртібі: 
1) Тапсырма нұсқасына сәйкес қалқымалы тізімнен таңдаңыз және 
бағдарламаға келесі мәндерді енгізіңіз: 
- сақтандырғыштың номиналды тогы;
- балқымалы қондырманың номиналды тогы;
- қоршаған орта температурасы. 
2) Жүктеме тогы
 
жолында жүктеме тогының мәнін енгізіңіз. 
Зерттеуді орындау кезінде жүктеу мәнін келесі мәндерге тең етіп 
қабылдайды: 
.
.
е
р
жїк
I
n
I

=
, n=0,8; 1,0; 1,2; 1,5; 1,6, 
мұнда 
е
р
I
.
- кабель жүктемесінің рұқсат етілетін тогы. 
Рұқсат етілетін ток мәндері 6.2 кестеде берілген.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі: 
1) Жұмыс тақырыбы бойынша теориялық мәліметтермен алдын ала 
танысып алыңыз. 
2) Зертханада бар ПН-2 және ПР-2 сақтандырғыштарының 
конструкцияларымен танысыңыз. 
Балқымалы сақтандырғыштармен теориялық және тәжірибелік 
танысқаннан кейін және әдістемелік нұсқаулықтың соңында берілген бақылау 
сұрақтарына жауап берген соң студент жұмыстарды орындауға рұқсат алады.
Сақтандырғыштың уақыт-ток сипаттамасын анықтау белгілі бір 
материалдық шығындарға байланысты болғандықтан оны зерттеу үшін 
компьютерлік бағдарлама әзірленген. Балқымалы қондырманың күйін кету 
уақытына кездейсоқ сипат беру үшін, бұл шынайы сақтандырғыштарда орын 
алып тұрады, бағдарламада кездейсоқ сандар генераторы берілген.
Жұмысты бастау үшін 
«Электрлік аппараттар бойынша зертханалық 
жұмыстар»
файлын ашу қажет. 


28 
Пайда болған электрлік парақта «
Зертханалық жұмыстар» 
батырмасын 
басыңыз.
 
Нәтижесінде 6.4 суретте берілген электрлік аппараттар бойынша 
виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау жөніндегі бағдарламаның мәзірі 
ашылады. 
6.4 сурет - Зертханалық жұмыстардың мәзірі 
Ашылған мәзірден 
Балқымалы сақтандырғыштардың қорғаныс 
сипаттамаларын зерттеу 
тармағын таңдаймыз және 
ОК
батырмасын 
басамыз.
6.5 суретте берілген пайда болған диалогтік терезеде 6.1 кестеде берілген 
тапсырмалардың нұсқаларына сәйкес қажеті параметрлерді орнатамыз және 
жұмыстың талап етілетін тапсырмасын орындаймыз. 
Зертханалық жұмыс екі тапсырмадан тұрады. 
Бірінші 
тапсырма 
балқымалы 
сақтандырғыштың 
уақыт-ток 
сипаттамасын, немесе қорғаныс сипаттамасын алудан тұрады. 
Екінші тапсырма зерттеу сипатына ие. Бұл тапсырмада жүктеме тогының 
балқымалы 
сақтандырғышпен 
қорғалып 
тұратын 
тізбек 
кабелінің 
температурасына әсерін зерттеу қажет. №2 тапсырманы орындау кезінде 
жұмыс жасау уақытын қысқарту үшін 
Шығыс деректерінің кездейсоқ сипаты 
жалаушасын алып тастаңыз.


29 
6.5 сурет - №1 зертханалық жұмыс бағдарламасының диалогтік терезесі 
6.1 кесте - №6 зертханалық жұмыстың бастапқы деректері
Нұсқа №
Кабельдің 
көлденең 
қимасы 
Сақтандырғыштың 
номиналды тогы 
Балқымалы ендірменің 
номиналды тогы 

2,5 
100 
16, 25, 32 


100 
25, 32, 40 


100 
25,32, 50 

2,5 
100 
16, 25, 32 


100 
25, 32, 40 


100 
25,32, 50 

2,5 
100 
16, 25, 32 


100 
25, 32, 40 


100 
25, 32, 50 
6.2 кесте - Қоршаған ортаның 25°С тең температурасы кезінде төмен вольтты 
кабельдер үшін рұқсат етілетін ток мәні. Кабельдің рұқсат етілетін 
температурасы 80°С 
S, кв.мм 2,5 4 6 10 16 25 35 50 70 95 120 150 185 240 
I
р.е.
, А, 
22 29 35 46 60 80 95 120 155 190 220 255 290 330 
 
Жұмыс жөніндегі есепті рәсімдеу. 


30 
Есеп келесілерден тұруы тиіс: 
1) Жұмысты орындау мақсаты мен тәртібі; 
2) Алынған эксперименттік деректері бар кестелер (есепке қосымша 
ұсынылсын); 
3) Графиктер: 
- қорғаныс сипаттамасы, яғни қондырманың балқу уақытының тізбек 
тогының еселігіне тәуелділігі.
- кабель температурасының балқымалы қондырманың түрлі токтары 
кезіндегі токқа тәуелділігі және қоршаған орта температурасына тәуелділігі. 
4) Алынған деректерді талдау және жасалған жұмыстардың нәтижелері 
бойынша қорытындылар. 
- кез келген тағайындалған үшін балқымалы қондырма үшін қорғаныс 
сипаттамасын беру. 
Барлық тағайындалған балқымалы қондырмалар үшін және қоршаған 
орта температурасына байланысты температуралық графиктер жасау. 
Қорғаныс сипаттамасын жасау кезінде оны қондырманың балқу 
уақытының мәні бір тәртіп шегінде тұратындай етіп, жүктеме тогының еселігі 
бойынша учаскелерге бөлген жөн. 
Теориялық бөлімі. 
Балқымалы сақтандырғыш - қысқаша тұйықталу немесе шектен тыс 
жүктеу кезінде электр тізбекті автоматты түрде ажырататын аппарат. Тізбекті 
ажырату қорғалатын тізбек тогымен қызатын балқымалы қондырманы балқыту 
жолымен жүзеге асырылады.
 
Сақтандырғыштың ең маңызды сипаттамасы болып балқымалы 
қондырманың күйіп кету уақытының 6.6 суретте көрсетілген токқа тәуелділігін 
көрсететін уақыт-ток немесе қорғаныс сипаттамасы табылады.
Балқымалы сақтандырғыштар сақтандырғыштың номиналды тогымен 
және балқымалы қондырманың номиналды тогымен сипатталады. 
Сақтандырғыштың номиналды тогы деп сақтандырғыштың контактты 
бөліктерінің температурасы олар үшін рұқсат етілетін мәннен асып кететін ұзақ 
ток аталады. Балқымалы қондырманың номиналды тогы деп ұзақ уақыт бойы 
ағуы қондырманың күйіп кетуіне алып келмейтін ток аталады. Ол 
сақтандырғыштың өзінің номиналды тогынан өзгеше болуы мүмкін. Әдетте бір 
сақтандырғышқа номиналды токтары әртүрлі балқымалы қондырмаларды 
салуға 
болады. 
Сақтандырғышта 
көрсетілген 
номиналды 
ток 
сақтандырғыштың 
осы 
конструкциясына 
арналған 
балқымалы 
қондырмалардың номиналды токтарының ең үлкеніне тең. 
Стандартта көрсетілген токтардан басқа сақтандырғыштарда балқитын 
ток деп аталатын тағы бір ток болады. Балқымалы ток деп әсерінен балқымалы 
қондырма күйіп кететін ток аталады. 
Стандартта балқымалы ток орналасатын диапазон беріледі. 
Минималды ток шамасы 
н
мин
I
I


=
)
4
,
1
3
,
1
(
тең, ал максималды ток 
шамасы - 
н
макс
I
I

=
6
,
1
тең, мұнда 
н
I
- балқымалы қондырманың номиналды 
тогы. 


31 
Көрсетілген диапазон тогының төменгі мәні қондырма шартты уақыт 
ішінде кепілді түрде балқып кетпейтін токты, ал токтың жоғарғы мәні 
қондырма шартты уақыт ішінде кепілді түрде күйіп кететін токты анықтайды. 
Шартты уақыт қондырманың номиналды тогына байланысты болады және 
айтарлықтай кең таралған токтар үшін 1 немесе 2 сағатты құрайды.
Балқудың максималды тогынан асып кететін ток кезінде 
макс
I
I

балқымалы қондырма қысқа уақыт ішінде күйіп кетуі тиіс. 
6.6 сурет - ПН-2 сақтандырғышының қорғаныс сипаттамасы 
Бақылау сұрақтары. 
1.
Пластинкалы балқымалы қондырмаларда тер жерлерді не үшін 
жасайды? 
2.
ПР-2 типті сақтандырғышта доғаны ажырату ненің арқасында жүреді?
3.
ПН-2 типті сақтандырғышта доғаны ажырату ненің арқасында жүреді? 
4.
Кездейсоқ сипатқа ие эксперименттік деректер қалай өңделеді?
5.
«Сенімгерлік ықтималдық 70% тең» түсінігі нені білдіреді? 
6.
Балқымалы қондырманың номиналды тогының мәні кабельді 
қыздыруға қалай әсер етеді? 
7.
Қоршаған орта температурасы кабельді қыздыруға қалай әсер етеді? 
8.
Кабель қимасын ұлғайту жүктеме тогын сақтау кезінде оның қызуына 
қалай әсер етеді?
9.
3-сұраққа жауап беру үшін кабель қимасын тапсырмамен 
салыстырғанда бір сатыға жоғары етіп таңдаймыз және осыған дейін енгізген 
жүктеме тогының мәнін сақтау арқылы кабельді қыздыру ең жоғары болған 


32 
балқымалы қондырма және қоршаған орта температурасы үшін зерттеуді 
қайталаймыз. 
10. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз: 
кабельдің рұқсат етілетін тогының және балқымалы қондырманың номиналды 
тогының қандай қатынасы кезінде кабельді шектен тыс жүктеуден қорғауға 
кепілдік беріледі? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет