Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Тұрақты электр тогы
|
Мектеп:
|
Күні: 09.12.2016
|
Мұғалімнің аты жөні:
|
Сынып: 8 класс
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Электр тогының химиялық әсері ( Фарадей заңы)
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)
|
8.4.2.1.8. сұйықтардағы электр тогының табиғатын түсіндіру және Қазақстанда металл өңдіруде электролиздің қолданылуына мысалдар келтіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін: Электролиттердегі электр тогының табиғатын түсінеді және электролиздің кейбір қолданылуына мысалдар келтіре алады.
Көпшілік оқушылар үшін: Электролиттердегі электр тогының физикалық мағынасын түсініп, оған есептер шығара алады және электролиз құбылысына қарапайым тәжірибелер жасайды.
Кейбір оқушылар: Қазақстандағы металл өңдірісіндегі электролиз әдісіне зерттеу жүргізе отырып, электролиздің қолданылуына талдау жасай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
- электролиттердегі электр тогының табиғатын түсінеді;
- электролиздің қолданылуына мысалдар келтіре алады;
- есептер шығара алады;
- электролиз құбылысына тәжірибе жасайды;
- зерттеу жүргізе отырып, электролиздің қолданылуына талдау жасай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
«электролит», «электролиз», «электролиттік диссоциация», «рекомбинация», «электрхимиялық эквивалент» терминдерін қолданып, электролиз құбылысын сипаттай алады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын шағын топта орындау арқылы өзара қарым-қатынас жасау қабілетін дамытып, өндіріс пен білімнің қолданылу аясын кеңейту, кәсіби мамандарды даярлау.
|
Пәнаралық байланыс
|
Сабақта төмендегідей пәндермен байланыс жүзеге асырылады:
Математика – есептер шығару (амалдар қолдану);
Химия – тұз/сілті және қышқылдармен тәжірибе жасау;
География – Қазақстанның географиялық картасымен жұмыс;
Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау.
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
Ғаламтор желісінде (компьютер/ұялы телефон) ақпарат іздеу, оны қолдану және таныстырылым дайындау.
|
Алдыңғы білім
|
Бұрын біледі: электр тогы, ток күші, кернеу, тізбек бөлігі үшін Ом заңы, металдардағы электр тогы.
Енді біледі: электролит, электролиз, Фарадейдің электролиз заңы (І, ІІ), гальванопластика, гальваностегия, электрхимиялық эквивалент.
Қосымша біледі: металл өндірісіндегі электролиздің қолдану ерекшелігін, жеміс-жидекпен электрлік тәжірибелер жасауды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |