Сабақ тақырыбы Электр тогының химиялық әсері



бет2/2
Дата30.01.2023
өлшемі275 Kb.
#166847
түріСабақ
1   2
Байланысты:
8.4.2.18 ашық сабак Электролиз

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)



Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин
(барлық сынып)
3 мин
(барлық сынып)



Ойды шоғырландыру жаттығуы: «Иондалу және рекомбинация»

  • «Иондалу» сигналы берілгенде сынып оқушылары тақ санды топ құрады.

  • «Рекомбинация» сигналы берілгенде сынып оқушылары жұп санды топ құрады.



Пазл әдісі арқылы топқа бөлу (химиялық элементтер жазылған шыны колбаны құрастыру)

  • Пазлды құрастырып, сурет бойынша топтасыңыз.

  • Құрастырылған суретті 2-3 сөзбен сипаттаңыз.

  • Олар заттың қай күйіне жатады?

  • Сұйықтар электр тогын өткізеді ме?



қышқыл, тұз және сілті ерітінділері бейнеленген суреттер



Сабақтың ортасы
15 мин
(топтық жұмыс)

  1. Оқушының орындайтын тәжірибелік жұмысы


Тапсырма 1




Тапсырма қадамдары

Не байқадың?

Неліктен?

а.1

Схемада көрсетілген электр тізбегін құрастырыңдар

а.2

Электр тізбегін тұйықтап, электр шамын бақылаңдар







Тапсырма 2






Тапсырма қадамдары

Не байқадың?

Неліктен?

в.1

Схемада құрастырылған электр тізбегіндегі сұйықтыққа тұз түйіршігін салыңдар

в.2

Электр тізбегін тұйықтап, электр шамын бақылаңдар










  • «Парадокс» таблосы бойынша жеке топтар өздерінің жұмыс парақтарын өзге топтарға беріп, өзара бағалау.

  • Тапсырмаға модерация жүргізу.

  • Осы тапсырмаға «Тірі микрофон» әдісі арқылы рефлексия жасау.




Схема көрсетілген слайд

Жұмыс парақтары


а) дистелденген су, электродтар (көмір таяқшалары), шам, амперметр, жалғағыш сымдар, кілт, ток көзі.
в) дистелденген су, электродтар (көмір таяқшалары), шам, амперметр, жалғағыш сымдар, қышқыл/тұз/сілті.



8 мин
(топтық жұмыс)

Топтық жұмысқа берілетін тапсырмалар

  1. Глоссариймен жұмыс (оқулықпен жұмыс)




Маңызды терминдер

Мағынасы мен анықтамасы

Электролиттер




Электролиз




Электролиттік диссоциация




Рекомбинация




Электрхимиялық эквивалент




Фарадейдің электролиз заңы




• «Эврика!» әдісі бойынша жеке топтар бір-біріне кезектесіп сұрақтар қойып, өзара бағалау жүргізеді.



Жұмыс парағы

Бағалау парағы



  1. мин

топтық жұмыс

  1. «Кім жылдам?» стратегиясы бойынша

  2. А) есептер шығару тапсырмасы

1 Металл заттарды мырышпен қаптау үшін электролиттік ваннаға массасы m = 0,01 кг мырыш электроды батырылған. Электрод толық шығындалу үшін ванна арқылы қандай заряд өту керек. Мырыштың электрохимиялық эквиваленті к=3,4 *10-7 кг /Кл

2 5 сағат ішінде катодта 61,2 г мырыш бөлініп шығуы үшін ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек. Мырыштың электрохимиялық эквиваленті к=3,4 *10-7 кг /Кл


3 Жалпы ауданы 170 см2 металл бұйымды электролиз арқылы 1А ток күші кезінде алтынмен қаптау 2 сағатқа созылды. Алтын қабатының қалыңдығын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы ρ=19300 кг/м3, Электрохимиялық эквиваленті к=68*10-8 кг /Кл.





  1. В) Шығармашылық зерттеу жұмысы


а. Қазақстанда металл өндіруші аймақтарды берілген картаға белгілеңіз.
б. Металл өндіруде элекролиздің қолдануын ғаламтор желісінен ақпарат жинақтаңыз. Себебін түсіндіріңіз.



Есептер жазылған үлестірмелі кестелер
Бағалау парағы

Карта
Бағалау парағы





Сабақ соңы
Рефлексия
2 мин
Үйге тапсырма
1 мин



«Рефлексия аралына» кеме үлгісіндегі стикерлерді жабыстырады, төмендегі сұрақтарға қысқаша жауап жазады:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?

  • Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?

  • Сабақта не ұнады? неге?

  • Сабақтың несі ұнамады?



Үйде орындалатын эксперименттік тапсырма:
Қандай жемістер электр тогын өткізеді?

Қолданған материал түрі

Не байқадың?

Құбылысты түсіндіріңіз






















Ж ұмыс парағы, кеме үлгісіндегі стикерлер, «Рефлексия аралы» суреті

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қиындық деңгейі әртүрлі есеп шығару қабілеттерін ашу;
Шығармашылық зерттеу тапсырмаларын беру дағдыларын дамыту.



Бағалау парағы арқылы өзін бағалау, өзара бағалау

Электр тогы, қышқылдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Оқушының өзі реттейтін оқуы (Тәжірибелік, шығармашылық)

Шығармашылық жұмыстарына қарап бағалау




Сабақ бойынша рефлексия










Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет