62
Якорь
дифференциалды
ажыратқышты
басқару
механизміне
механикалық әсер етеді. Оның күш контакттары ашылады және жүктеме
(тұтынушы) электр желісінен ажырайды. ДС жұмыс жасауға жарамды күйін
тексеру үшін «Тест» батырмасынан тұратын тізбек қарастырылған, оның
көмегімен дифференциалды токтың пайда болуы орын алады. Батырманы
басқан кезде электр желісіне жалғанған ДС іске қосылады және визуалды
бақылау терезесінде басқару механизмінің сөндірілген күйі туралы
ақпараттандыратын қызыл сектор пайда болады.
Жұмыс жасау талаптары бойынша У30 келесі түрлерге бөлінеді:
АС,
А,
В,
S, G:
-
АС
типті ҚСҚ
-
кенеттен туындайтын не болмаса ақырындап
жоғарылайтын айнымалы синусоидалды дифференциалды токқа әрекет ететін
қорғалған ажырату құрылғысы;
-
А
типті ҚСҚ
-
кенеттен туындайтын не болмаса ақырындап
жоғарылайтын айнымалы синусоидалды дифференциалды токқа және жүріп
тұратын тұрақты дифференциалды токқа әрекет ететін қорғалған ажырату
құрылғысы;
-
В
типті ҚСҚ - айнымалы, тұрақты және түзелген дифференциалды токқа
әрекет ететін қорғалған ажырату құрылғысы;
-
S
типті ҚСҚ
-
қорғалған ажырату құрылғысы, іріктелген (ажырату
уақыты кідіреді);
-
G
типті ҚСҚ - S типімен бірдей, бірақ уақыт кідірісі аз.
А
типті аспаптар импульсті қорек көздері бар электр қабылдағышты
тізбектер үшін ұсынылады (компьютерлер, теледидарлар және т.б.). Іріктелген
тізбектер жасау үшін
S
типті ҚСҚ қолданылады, олар уақыт бойынша белгілі
бір кідіріспен іске қосылады.
Қорытынды сұрақтар.
1.
Қорғалған ажырату құрылғыларын қолдану саласын көрсетіңіз.
2.
ҚСҚ жұмыс жасау принципін сипаттаңыз.
3.
ҚСҚ типтері.
4.
Ток ағыны дегеніміз не?
5.
ҚСҚ қарапайым автоматтан несімен ерекшеленеді?
6.
ҚСҚ жылдам әрекет ететін автоматтан несімен ерекшеленеді?
7.
Импульсті қорек көздері қарапайым қорек көздерінен несімен
ерекшеленеді?
8. ҚСҚ жұмыс жасау қабілетін қандай тәсілмен тексеруге болады?
9. Онымен бірге қосылған асқын токтан қорғалған автоматты
ажыратқыші жоқ ҚСҚ орнатуға болады ма?
Достарыңызбен бөлісу: