Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет18/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Сүйектенуі. 
Аяқ басы шеміршектік қаңқасының сүйектенуі былай өтеді: әр 
тілерсек сүйегінде бір-бірден сүйектену нүктесі пайда болады. Эмбриогенездің 
алтыншы айынды өкше сүйекте, 7-айда – асық және текше сүйектерде – 9-айда, 
латералды сына тәрізді сүйекте – 1 жаста, медиалды сына тәрізді сүйекте 2-5 жас 
аралығында, аралық сына тәрізді сүйекте – 3-4 жас аралығында, қайық тәрізді сүйекте – 
4-5 жас аралығында, бұдан басқа өкше сүйек бұдрмағында – 7-9 жас аралығында 
сүйектенетін қосымша сүйектену нүктесі пайда болады. Табан сүйектері мен 
бақайлардың денелерінде сүйектену бір уақытта – нәрестенің 2-3 айлығында 
анықталады, ал екінші реттік сүйектену – ІІ-Ү табан сүйектері бастарында, І табан 
сүйектің негізінде және барлық бақайларда - 2-3 жас аралығында айқындалады. Аяқ 
басының толық сүйектенуі қыздарда ертелеу (16-18 жаста), ал ер балаларда сәл кешірек 
(18-20 жас шамасында) аяқталады. Бірақ, есте сақтайтын жайт аяқ басының сүйектенуі 
жиі өзгеруімен ерекшеленеді.


30 
 
БАССҮЙЕКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
 
Бассүйек,
cranium
- көру, есту мен тепе-теңдік, иіс сезу, дәм сезу
ағзаларының орналасқан аймағы. Бассүйек екі бөліктен ми орналасқан,
милық – 
cranium
cerebrale (neurocranium) 
және тыныс алу мен ас қорыту
жолдарының сүйектік негізін құрайтын беттік
 cranium visceralе
(splanchocranium) 
– тұрады. Мисауыттық бассүйекте екі бөлімді
айырады: бассүйек төбесі (күмбезі),
calvaria,
және негізі, 
basis cranii
, оның
өзіне сыртқы 
basis cranii externa 
мен ішкі 
basis cranii
interna
жатады.
Бассүйектің ішкі негізін оның горизонтальды кесіндісінде төбесін алып
тастағанда ғана көру мүмкін.
Бүтін бассүйекті әртүрлі қалыпта зерттегенде онда төмендегідей
түзілістер байқалады: үстінен- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет