Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Сирақ сүйектерінің қосылыстары



Pdf көрінісі
бет59/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Сирақ сүйектерінің қосылыстары 
Асықты жілік пен кіші жіліктің проксималды шеттері үздікті қосылыс – 
асықтыжілік-шыбық буыны
, articulatio tibiofibularis
арқылы байланысқан. Буынды 
асықты жіліктің кіші жіліктік буындық беті мен кіші жілік басының буындық беттері 
түзеді. Буын қапшығы қатты тартылып, буындық беттердің жиектеріне бекиді. 
Буынның байламдары: 
кіші жілік басының алдыңғы байламы

lig. capitis fibulae 
anterius, 
және
кіші жілік басының артқы байламы, lig. capitis fibulae posterius. 
Буын 
пішіні бойынша жалпақ, көп білікті, бірақ буындық беттері көлемдерінің 
айырмашылықтарының аз болуына байланысты қозғалысы өте шектеулі буын. 
Асықты жілік пен кіші жіліктің дисталды шеттері үздіксіз – 
жілікаралық 
синдесмоз, sindesmosis tibiofibularis,
арқылы қосылған. Синдесмозды асықты жіліктің 
кіші жіліктік тілігі мен латералды толарсақтың негізі түзеді. Байламдары: 
жілікаралық 
алдыңғы және артқы байламдар, ligg. tibiofibularia anterius et posterius. 
Кейде 
синдесмозға сирақ-асық буынының қуысы жалғасып тұрады. Бұл жағдайда 
жілікаралық төменгі буын, articulatio tibiofibularis inferior, 
түзіледі. 


113 
Сирақтың сүйекаралық жарғағы, membrane interossea cruris, 
асықты жілік пен 
кіші жіліктің margo interosseus-терінің аралығында тартылып тұрады. Жарғақтың 
жоғарғы және төменгі бөліктерінде тамырлар мен нервтер өтетін тесіктері бар. 
Аяқ басы сүйектерінің қосылыстары 
Аяқ басы сүйектерінің қосылыстары: сирақ-асық буыны, тілерсекаралық, 
тілерсек-табан сүйектері және бақайлар қосылыстары деп төрт топқа бөлінеді. 
Сирақ-асық буыны
,
articulatio talocruralis, 
асықты жілік пен кіші жіліктің 
дисталды шеттерінің және асық сүйектің буындық беттерінен түзілген. Олар, жоғарғы 
жағынан: асықты жіліктің төменгі буындық беті, медиалды толарсақ пен латералды 
толарсақтың буындық беттері; төменгі жағынан: шығыршықтың жоғарғы, медиалды 
толарсақтық және латералды толарсақтық беттері. Буын қапшығы буындық беттердің 
жиектеріне бекиді, бүйір жақтарынан қалың және қатты тартылған. Буынды 
нығайтатын байламдар бүйір жақтарында орналасқан. 
Медиалды (дельтатәрізді 
байлам), lig. mediale (deltoideum),
медиалды толарсақтан басталып, қайықтәрізді, өкше 
және асық сүйектерге барып бекиді. Латералды жағында үш байлам бар. 
Асық-кіші 
жіліктік алдыңғы байлам, lig. talofibulare anterius,
латералды толарсақтың алдыңғы 
жиегінен басталып, асық мойнының латералды бетіне бекиді. 
Өкше-кіші жіліктік 
байлам, lig. calcaneofibulare,
латералды толарсақ пен өкше сүйектің латералды бетінің 
аралығында орналасқан. 
Асық-кіші жіліктік артқы байлам, lig. talofibulare posterius,
латералды толарсақтың артқы жиегінен горизонталды дерлік жүріп, асықтың артқы 
өсіндісіне бекиді. 
Сирақ-асық буыны пішіні бойынша шығыршықты, бір білікті буын. Бұл буында 
фронталды біліктің айналасында бүгу (табанға бүгу) және жазу (cыртқа бүгу) іске 
асады (60-70°). 
Тілерсекаралық қосылыстарға:
асықастылық, асық-өкше-қайықтәрізді, өкше-
текше және сына-қайықтәрізді буындар жатады. 
Асықастылық буынды
,
articulatio subtalaris, 
өкше және асық сүйектердің артқы 
буындық беттері түзеді. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. Асық-
өкшелік латералды және медиалды байламдармен бекітілген. 
Асық-өкше-қайықтәрізді буынды
,
articulatio talocalcaneonavicularis, 
асық сүйек 
басының қайықтәрізді буындық беті мен өкшелік алдыңғы және өкшелік ортаңғы 


114 
буындық беттері, өкше сүйектің асықтық алдыңғы және асықтық артқы буындық 
беттері, қайықтәрізді сүйектің артқы буындық беті түзеді. Буын қапшығы буындық 
беттердің жиегіне бекиді. Буынды бекітетін байламдар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет