Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет158/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   166
Байланысты:
thesis147359

 
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. «Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты 
XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. – Астана қ., 2016.- 26 сәуір.
2.«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. 
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 68 б. 
3.Қазақстан тарихы. 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. Астана,2018 
4. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі 
үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 
маусымдағы № 873 Қаулысы. 2013.02.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен.
5. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы. 2016.19.04.
6. Кульжанова Г.К. Патриотическое воспитание казахстанской молодежи: проблемы и 
перспективы. – 2016.// articlekz.com/article/10988 
7. https://sn.kz/sn-sayasat/5418-ly-dala-ymy-ly-ym
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК БИЛІККЕ ҚАРСЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Садыков Т. С., т.ғ.д., профессор 
Набиев С. Т., докторант 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
XYIII-XX ғасырдың басындағы Ресей империясының отарлық саясатына қазақ 
халқының қарсылығы ұлт-азаттық сипат алғаны белгілі. Араға жылдар салып ауық-ауық 
көтеріліске шығып отырған халқымыздың күресі кеңес дәуірінде де жалғасын тапты. Бірақ, 
патшалы Ресей дәуіріндегі көтерілістерге қарағанда кеңестік кезеңдегі билікке қарсы тұрудың 
өзіндік ерекшеліктері бар. Кеңес заманындағы қазақ баласының азаттыққа жетудегі күрес пен 
азапқа толы жүріп өткен тарихи жолын саралайтын болсақ тумысымыздан тиесілі бостандық 
жүгінің ауыр болғандығын аңғарамыз.
Отан тарихының қайта зерделеп, ғылыми айналымға еніп жатқан тың деректерді 
қайыра саралайтын болсақ көзге анық түсетіні - жаңа теориялық-методологиялық тұрғыдан 
зерттеуді қажетсінетін тұстарының бар екендігі аңғарылады. Осы кезеңдегі жаңа сипатқа ие 
болып, түрлене түскен кеңестік отаршылдыққа қарсы халық көтерілістерін зерттеудің жаңа 
нысанына айналдыратын уақыт жетті. Оның ішінде біздің ойымызша алдымен назар 
аударатын толғағы жеткен мәселелер бар.
Жер шарындағы отаршылыққа қарсы күрескен халықтардың тарихына көз жүгіртсек, 
іргелес орналасқан бауырлас башқұрт жұртынан орыс отаршылдығына қарсы 1755 жылдары 
тұңғыш бас көтерген Абдолла Әлиев, кейінірек оның ісін жалғастырған Салауат Юлаев; 


345 
Кавказ жұртындағы күллі Дағыстан жұртын соңына ерткен Шайхы Мансұр мен оның ісін 
жалғастырған имам Шәміл; Мексиканың испандық конкистадорлардан азаттығы жолында 
мерт болған Мигель Идальго-и-Костилья мен Хосе-Мария Морелостар және олардың істерін 
жалғастырған Бенито-Пабло Хуарес; сонау Солтүстік Африкадағы Алжир халқының француз 
езгісіне қарсы күресін басқарған әйгілі Абд-аль Кадир және т.б. сынды өр тұлғалардың есімін 
өзге жұрт жақсы біледі. Ал, орыс отаршылдығына қарсы тұрып, жанын берген ұлтымыздың 
өр тұлаларының ерен ерліктерін, есімін біз өз деңгейінде насихаттап жүрміз бе деген ойдың 
қылаң беретіні анық. Әлем халықтарына жақсы таныс өзге ұлттардың осындай батырларының 
қатарында қазақтың елін соңынан ерткен ұлдарының аттары неге аталмасқа ? 
Әсіресе, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің «бөліп ал да, билей бер» саясатына қарсы 
елін соңына ерітіп, қарсы шыққан батыр бабаларымыздың аттарын, олардың тарихи 
тағдырын, қуғынға түскен жақындарының қилы өмірін жете зерттей алмай жатқанымыз 
белігілі. Біздің ойымызша, жалпы қазақ халқының кеңестік отаршылдыққа қарсы көтерілуін 
зерттеу кезінде баса назар аударатын төмендегідей мәселелері бар: 
Біріншіден, халықтың азаттық үшін күресінің сипатына тарихи баға беруде алдымен 
ғылыми әдебиеттерде қолданыста жүрген «ұлт азаттық қозғалыс», «көтеріліс» ұғымдарына 
ғылыми, бастысы қазақы анықтама қажет, яғни мәртебесінің анықталуы шарт. Осы уақытқа 
дейін ғылыми айналымда В.И.Дальдің «Толковый словарьндағы» «восстание – мятеж, 
возмущение» немесе «перейти от покоя к движению, возмущаться, идти против властей» 
тәрізді анықтамасы маңызын жоғалтқан жоқ, пайдаланымда кезедеседі [1, 454-455-бб].
Осы мәселе жайында кезінде академик М.Қозыбаевтың айтқан: «...Қалай болғанда да 
біз тарихи әдебиетте халық бостандығының тарихына байланысты терминдерге, ұғымдарға 
мән бергеніміз жөн» деген жанды пікірін қаперге алған дұрыс [2, 21-б]. Патша дәуіріндегі 
қазақ халқының көтерілістерінен кеңес дәуіріндегі халық көтерілістерінің айырмашылығы, 
ұқсастығы, өзара сабақтастығын салыстырыу нәтижесінде ұлтымыздың Тәуелсіздікке жету 
жолындағы қозғалысының ортақ бейнесі шығары сөзсіз. Сонымен бірге патшалық Ресей және 
кеңестік дәуірдегі отарлық саясаттың ортақ үндестігі мен жаңалықтары айқындалуы шарт.
Өткен ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ішінде күрескеріміз М.Шоқай ғана 
«көтеріліс» сөзіне былайша анықтама берді: «Көтеріліс езілген халықтың езушілерге қарсы 
өшпенділік сезімінің бір бұлқынысы» [3,104-б].
Большевиктер билігі қазақ даласына қанатын кеңге жайғанда кешегі М.Шоқай: «Бұл 
Ресейде қазір 1916 жылы біздің аға інілерімізді, апа қарындастарымызды атып өлтірген, 
нәрестелерімізді бесігінде, ата әкелерімізді отбасында өмірін үзген баяғы сол орыс 
жұмысшылары мен орыс диктатурасының үкіметі өмір сүруде» [4, 196-б] деп бағалауы патша 
дәуірінен бастап тамырын тереңге тартқан ұлы орыстық отарлау саясатының өміршеңдік 
танытып отырғанын тануынан еді.
Ақиқатында, кезіндегі Ресей империясының құрамындағы қазақтар тәрізді ұсақ 
ұлттардың да отарлықтың қамытын киюі және орыстандыру саясатының құрбанына айналуы 
кеңестік өкімет тұсында да заңды жалғасын тапты. 
Ал, егемендік алғаннан кейін ұлтымыздың азаттық жолындағы күресінің теориялық 
мәселелеріне қалам тартқан ғалымдардың ішінде академик М.Қозыбаев «Менімше, ұлт-
азаттық көтеріліс – ұлт азаттық қозғалысының бір түрі, оның сөз жоқ, қарулы халық қатысқан 
бір түрі. Ал, осы көтеріліс бір оқиғалық, региондық шеңберінен шығып, масштабы кеңейіп, 
бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт азаттық революция санатына көтеріледі» деген 
тұжырымы көңілге қонады [5, 21-б]. 
Сол сияқты, тағы бір тың ұстаным профессор Х.М.Әбжановтікі: «Ұлт азаттық 
мәртебесіне ие болу үшін оның мемлекеттік билік мәселесімен кірігіп жатуы шарт дедік. 
Шынтуайтына келгенде, мемлекеттік билік мәселесін күн тәртібіне қоймаған әлеуметтік 
сілкініс бар болғаны наразылық, бүлікшілік, қарсылық дәрежесінде қалады деп есептейміз» 
[6, 101-б]. Жоғарыдағы мәселенің теориялық тұстарына қалам тартқан ғалымдарымыздың сан 
түрлі пікірлерінің ғылыми әдебиеттерде көптеп кездесуі азаттық күресінің сипатына әлі ортақ 


346 
көзқарастың қалыптаспағандығын аңғартады. Әсіресе, ол кеңестік биліктің орнаған алғашқы 
жылдарында (нақтырақ айтқанда 1921-22 жылдардағы) орын алған көтерілістердің сипатын 
айқындау, бағалау барысында алдымызда көлденең шығады. 
Екіншіден, кеңес саясатына ұлт зиялыларының басшылығынсыз қарсы шыққан 
қарапайым халықтың жаңа билікке көзқарасы және оны қабылдау процесі, сонымен қатар 
көрсеткен қарсылығының түрін анықтау қажет (малын сойып алу, басқа жаққа көшіп кету, 
қоймаларды өртеу және т.б.). Сондықтан да, қарапайым халықтың қарсылығын біз 
қарастырып отырған уақытта «Кеңес билігі халыққа не берді» деген ұстаным биігінен 
қарастыру керек.
Өйткені, 1916 жылғы патшаның маусым жарлығына қарсы көтерілген халықтың 
арасында «Біз патшаға не үшін, қай қызметі үшін және қандай жақсылығы үшін қара жұмысқа 
адам беруіміз керек» деген жалпыға ортақ пікірдің қалыптасқанын деректер растайды. 
Ақырында, жарлыққа көнбейтіндігін сөзімен де ісімен де дәлелдеді. Халықтың мұндай 
таңдауы тарихта болды. 
Көшпелі халықтың сайын далада ғасырлар бойы өмір сүрген биліктің жалғыз формасы 
хандық билікті ғана мойындағаны белгілі. Халықтың түсінігінде хандық билік 
мемлекеттіліктің және тәуелсіздіктің символы іспеттес және бұл ұлт жадынан өшпей әр уақыт 
көрініс беріп, жаңғырып отырды. ХХ ғ. 20-30 жылдарында Қазақстанның әр түкпірінде 
көтеріліске шыққан халықтың орталарынан хан сайлап алуы соның айғағы.
Атап айтсақ, 1921-22 жылдары Торғай, Атбасар уездерінің территорясын шарпыған 
Кейкі Көкембайұлы бастаған сарбаздар орталарынан Бабырдың ұрпағы Құлсейітті хан 
көтерсе, 1929-31 жылдардағы батыс өңірдегі «Адай ханы» атанған Әлниязов Тобанияз, 
Қарақұм көтерілісшілерінің сайлаған ханы Байымбетов Жұмағазы, ол тұтқындалған соң 
Жұбанов Көпжанның хан болып тағайндалуы, Созақ көтерілісіндегі Сұлтанбек Шолақовты 
және т.б. айтуға болады. Бұл жерде саяси сауатты, істің байыбын жете түсінген қазақ 
зиялыларының ұстанымдары мен жөні бір бөлек. 
Бұдан шығатын қорытынды кеңес үкіметі 1916 жылғы көтерілістің даңқты 
қаһармандарына сенімсіздік танытып, оларды құрықтауға бел шеше кіріскендігін аңғартады. 
Хандық биліктің жанына халықтың ұйыса алатынын жаңа билік өкілдері түсінді. Кеңес 
билігінің алғашқы жылдарында ақ алдымен қазақ зиялыларын құрықтаудан бұрын 1916 
жылғы көтерілістің көзі тірі жетекшілері қуғынға түсті.
1920 жылдың басында 1916 жылғы көтерілісте Арғын хандығының ханы О.Шолақовты 
және мыңбасы Қ.Алтынсаринді «...үкіметке қарсы әрекет етушілер» ретінде айып тағып, 
соттап Семейге, кейін Сібірге жер аударды [7, 4-б]. Бағаналы хандығының ханы Қасен 
Қасқабайұлы 1928 жылғы мал мүлкі тәркіленетін ірі байлардың қатарына ілігіп, Қазақстаннан 
тыс аймаққа үш жылға жер аударылды. Оның ұрпақтары тек егемендік алғаннан кейін ғана 
Өзбекстаннан ата жұртына оралды. Қыпшақ хандығының ханы Ә.Жанбосыновтың тағдыры да 
белгілі. 
Өйткені, халық ішінде беделді, тірісінде-ақ аты аңызға айналған ерлердің кез келген 
сәтте елін соңынан ерітіп, жұмылып жұдырық бола алатынын 1916 жылғы оқиға көрсеткен 
еді.
Үшіншіден, кеңестік биліктің қамытын киген ұлттық республиканың территориясын 
тұтастай қамтыған халық қозғалысы мен қазақ зиялылары арасындағы байланыс. Оның ішінде 
кешірім жарияланып большевиктер жағына өткен алаш қайраткерлерінің ұстанымы, 
қарапайым халықтың кеңестік саясатқа қарсылығына берген бағалары. Өз елінің қайта талауға 
түскен күйін көрген зиялылырымыздың бұған бей жай қарамағаны анық. 
Қарақұм көтерілісін басуда билік басындағылар Ә.Жәнкелдин, С.Сейфуллин, 
Ғ.Мүсірепов және т.б. бастаған қайраткерлерді көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге 
пайдаланғандығы кейінгі зерттеулерден белгілі. 
Төртіншіден, сол сияқты уақытындағы халық түсінігіндегі «большевиктер билігі» мен 
«орыс билігі» ұғымдарының ара жігін ажырату қажет. Өйткені, отарлықтың зардабын тартқан 


347 
жергілікті сол кешегі жергілікті халық, солардың ұрпақтары, билік ауысқанымен де халықтың 
күйі баяғы қалпында қалды; 
Бесіншіден, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбы қозғалғанда шетелдегі 
қазақтардың, әсіресе Қытай, Моңғолия, Ауғаныстан, Үндістан жеріндегі көшіп барған 
отандастарымыздың күресі қамтылмай қалады. Бұлардың туған жеріндегі халық күресімен 
байланысы, ортақ заңдылықтары анықталуы шарт. 
Алтыншы, Қазақстан тарихының темірқазығы саналатын 5 томдықта қазақ 
көтерілістері баяндалып, соңында «тарихи маңызы» деген түсінікпен аяқталатыны белгілі. 
Бірақ, күрестің халық ішінде бағалануы, жетекшілерінің, қатысушыларының ерліктерінің 
дәріптелуі, насихатталауы, тіпті жаңғыруы індетте зерттеуді қажет етеді. Өйткені, халықтың 
жадында мұндай ұлы оқиғалар мен көсемдері ұмытылмай кейінгі күрестеріне дем беретін 
насихат құралына айналғандығы белгілі. 
Жетіншіден, халық күресінен кейінгі отаршыл әкімшіліктің тарапынан жазалаудың 
жүргізілуі, белсенді қатысушылардың өзінің, отбасы мен жақындарының қудалануы, 
жетекшілердің басына ақша тігу тәрізді әдістер тұтас көтеріліс тарихының ішінде қамтылуы 
керек. Ұлт көсемдерінің басына ақша тігудің бүгінгі алпауыт елдердің әлі де жүзеге асырып 
отырған айласы. 
Біздің айтпағымыздың соңғысы, қазақтың азаттық күресіне қатысты жазылған 
зерттеулерді, естеліктер мен құжаттар жинағын өзге тілдерге аударса абзал болар еді. Себебі, 
отаршылдықтың қамытын киген әлемнің басқа халықтары қазақтыңда сондай күй кешкенін, 
орыс отаршылдығының ерекшеліктерін және оған қарсылықтың сипатының қандай деңгейде 
болғандығын ұғынатыны сөзсіз. 
Жоғарыда айтқан мәселелер шешуін таппаса ол әрдайым зерттеушілердің алдынан 
шығатта отырады және ұлт күресін бағалауға, тамырын табуға кері әсерін тигізеді. Және де 
бұрын отар болып, кейін тәуелсіздігін алған Латын Америкасы, Африка, Оңтүстік шығыс Азия 
елдеріндегі бұл мәселенің зерттелуі де қаперден қалыс қалмауға тиіс. 
Қорыта айтқанда халқымыздың ғасырларға созылып, бір сәт толастамаған азаттық 
қозғалысының тарихы ұлттық тарихымыздың маңызды буыны, бүгінде «арық сөлеп, семіз 
шығатын» кез келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет