Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



Pdf көрінісі
бет5/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166
Байланысты:
thesis147359

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасының басым 
бағыттары мен оның заңды жалғасы болып табылатын 
«Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласындағы жүктелген мідеттер біздің кәсіби жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айналды.
Тарихымыздың мұндай міндетін бүгінгі күні университетіміздің тарихшы қауымы 
жеткілікті дәрежеде түсінеді. Сондықтан оқытушы-профессорлар құрамы 
«Ұлы дала 
тарихы» 
тұжырымдасы арнасында және
 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәндері
бойынша әр тақырыпқа тыңғылықты дайындалып, ғылымның соңғы жаңалықтарын барынша 
ескеруде. Мұндағы басты мақсат – тамыры терең Отан тарихын жетік меңгерген бәсекеге 
қабілетті мамандар даярлау. Университетіміздің түлектері түрлі мамандық иесі атанып 
қоймай, тарихын толық меңгерген ұлтжанды азамат болып шығуы аса маңызды.
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыруда 
университетіміздің ұжымы мен студенттері, магистрлері, PhD докторанттары мен жас 
ғалымдары белсенді әрі жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, қолданбалы және 
іргелі ғылыми, стартап жобалар, түрлі конкурстар мен зияткерлік олимпиадалар, 
қайырымдылық акциялары мен түрлі кездесулер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар 
ұйымдастыру, т.б. көптеген шаралар мазмұндық және тұрпаттық жағынан рухани жаңғыруға 
бағытталған. Қазіргі таңда университетіміздің академиялық миссиясы білім-ғылым-тәрбие 
үштігі негізде атқаратынын ескерсек, бағдарламаның басым бағыттары осының үшеуінде де 
қамтылған. Әсіресе, өскелең ұрпақ бойындағы тарихи сананың қалыптасуына үлкен мән 
беріліп, назарға алынған. 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің
бастамасымен дәстүрге 
айналған бұл форум ғылыми интеграцияға да тың серпін береді демекпін. 2020 жылы ұлы 
ойшылдардың мерейтойы - әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 
жылдығы аталып өтіледі.
Форум жұмысының аясы мен мақсаты да осындай аса зәру мәселені қозғайтындықтан 
құптауға тұрарлық, тұғырлы да ғұмырлы ғылыми ой-санаға қозғау салатын иігілікті іс-шара.
Сондықтан, бүгінгі форумда талқыланатын тақырыптардың ауқымы кең, мағынасы терең, 
болашақ ұрпақ үшін тағылымы мол боларына кәміл сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет