Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


«Ұлы Дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін»



Pdf көрінісі
бет6/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166
Байланысты:
thesis147359

«Ұлы Дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін»
атты Еуразиялық Форумының 
жұмысына сәттілік тілеймін, ғалымдардың қаламы қайратты, шабыты шалқар болсын 
демекпін!



ҰЛЫ ДАЛА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ 
 
Көмеков Б. Е., т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Қазақ Ұлы даланың елі. Қазақтың болмысы Ұлы даланың теңдессіз құндылықтарымен 
бейнеленеді. Оның тамыры өткен мыңжылдықтарда жатыр. Біздің заманымызға дейін екінші 
мыңжылдықтың аяғында Еуразияның Ұлы даласының көшпелі мал шаруашылығына өтуі 
далалық қоғам дамуында түбегейлі бетбұрысқа алып келді. Бұл дәуірде қоғамдық және 
материалдық мәдениеттің даму деңгейінде маңызды өзгерістер орын алып, ол Дала 
өркениетінің дамуына негіз болды. Жалпы өркениет ұғымы отырықшы егіншілік аясында 
қалыптасқан, оның негізгі өлшемдерін зерттеушілер мемлекет, қалалар, жазу мен мәдениетпен 
байланыстырады. Бұл өркениеттің құрамдас бөліктерін анықтайтын өлшемдер отырықшы 
халықтардың мәдениет деңгейін анықтайтын заңдылықтардан бастау алады. Сондай-ақ, 
отырықшы қоғам өркениетінің қағидалары Дала өркениетінің дамуында да көрініс табады. 
Бірақта далалық аймақта тек қана Ұлы далаға тән ерекшеліктер қалыптасқан. 
Ұлы даланың құндылығы қашанда қоршаған географиялық ортаға байланысты. 
Көшпелі қоғам өне бойы табиғатпен үлесімдік және үндестікте болған. Табиғаттың 
заңдылықтарына өте-мөте көңіл бөліп, флора мен фаунаны көзінің қарашағындай сақтаған. 
Жас шөпті үзбеген, суды ластамаған, бұлақтың көзін тазалап, артық аң, құс, балықты алмаған. 
Табиғаттың экологиялық тазалығын сақтаған. Қазақ табиғаттың өзінен күш-қуат алып, 
табынып жүрген, бір қадам жерін ешкімге бермеген. Сонымен бірге табиғаттың тазалығын 
бойына сіндірген, обал, қанағат ұғымдармен өскен. Сондықтан сұнғыла бола алды. Бүгінгі 
таңда әлемде экологиялық зардап, басты проблемаға айналғанда Дала өркениеті 
құндылығының теориялық және тәжіриебелік мәңі баға жетпес қазынаға айналды 
Ұлы дала өркениетінің негізгі ерекшеліктерінің бірі, ол ел мен жер ара-қатынасына 
байланысты. Отырықшы қоғамда жерге байланып, жылжымай отырады. Сондықтан оларда 
«жер болса, ел табылады» деген қағида бар. Бұл аумақтық ұстанымның негізі. Көшпелі 
қоғамның заңдылығы керісінше – «ел болса, жер табылады», яғни көшпелі елдіктің қасиеті 
осыған тіректенеді. Дала өркениетінің бірегей құндылығы ру-тайпалық жүйемен тығыз 
байланысты. Ру-тайпалық құрылым қоғамдық және мемлекеттік дамудың негізгі діңгегіне 
айналған. Қазақтың болмысы осы ру-тайпалық жүйеге қатысты. Ру-тайпалық жүйе туыстық 
желісінде қалыптасқан. Олардың байланыстары бауырлардың қарым-қатынастарына іспеттес. 
Жүздердің ара-қатынастары туған бауырдай. Сондықтан ру-тайпалық жүйе әуелден елдің 
бірлігін күшейтіп отырған. Басып айтатын тағы бір жәйіт көшпелі қоғамда басты назар адамға 
бөлінген, адами фактор бірінші орында болған, адамның құқығы тапталмаған. Ру-тайпалық 
құрылым көшпелі қоғамға бейімделген, Ұлы даланың өте күрделі өлшемі. 
Ерте дәуірде Ұлы даланың тұрғындары талай технологиялық табыстарға ие болды. 
Айталық, металл технологиясын жоғары дәрежеде меңгергенін, жылқытану немесе атқа міну 
мәдениеті. Сонымен бірге ертедегі көшпелілер дәуірінен бастап, Дала өркениеті 
құндылықтарының бірі көшпелі малшылардың отырықшы шаруашылыққа тән техника 
арқылы даму жолының орнына биологиялық даму жолына түсуі болды. Малдарды жоғары 
технологияға байланысты будандастыру, сұрыптау, жаңа түрлерін шығару мен асыл 
тұқымдарын өсіру дәуірдің басты белгісіне айналды. Біздің заманымызға дейін II ғасырда Ұлы 
далада ғұндар жылқы түлігін өсіруге айрықша көңіл бөлген. Қытай жылнамасында ғұндардың 
әскері жайлы құнды мәліметтер келтірілген. Ғұндардың мыңдаған сарбаздары біртүсті атқа 
мінгендерін баяндайды. Сонда боз, қара, күрен, құла түсті атты жауынгерлерді сипаттайды. 
Бұл көрініс селекцияның өте жоғары дәрежесін, өндіріс мәдениетінің таңқаларлық 
табыстарын меңзейді. Сонымен қатар 10 ғасырлық арабтың географы Ибн әл-Факих Түркі 
елінде таңғалатын жағдайларды бейнелеп, бұл жерде бір қой төрт-бес қозы табады, қойдың 
құйрықтары соншалықты үлкен оны арбашаға салғаннан кейін қой жүре бастайды. Қойдың 



түрлері көп, соның бірі қысқа жүнді, құйрығы жоқтың қасы, өте төзімді жүздеген шақырымды 
жүріп өтеді. Осының бәрі өндірістің жоғары мәдениетінің айқын белгісі.
Көшпелі тұрмыстың ерекшелігінде Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі 
мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени-
шаруашылықтың бірнеше түрлері болды. Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға 
айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі 
жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылыми 
әдебиеттердегі қолданылып жүрген «көшпелі қоғам» мен «көшпелі мемлекет» деген 
ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде Қазақстанның кең 
байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Түркі 
көшпенділер қоғамда қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық 
өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың 
бойында жайғасқан. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы 
салаларына айналды. 
Дала өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі 
мемлекеттердің құрылуына алып келді. Ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттілік дәстүрі 
қалыптасты. Ол саяси басқаруда, шаруашылық және рухани-мәдени өмірде, өнеге мен тәртіп 
нормаларынан орын алды. Қазақстан аумағында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде 
мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар – үздіксіздік және сабақтастық. 
Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі 
және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен (б.з.д. VIII-III ғғ.) 
байланысты. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі «аң 
стилі» деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен 
олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын 
көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан. Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің 
дамығандығын және металлдар технологияларын жоғары дәрежеде меңгергендігін білдіреді. 
Б.з.д. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі – жазу пайда болған. Осылайша, 
сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір 
мезеттегі үрдіс болды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін (1465 жыл) сабақтастық байланыста 
18 көшпелі мемлекет өмір сүрді. Қазақ хандығы төрт ғасырға жуық дәуірде елеулі рөл 
атқарды, өзіндік саясат жүргізді, мемлекеттің, халықтың бірлігін нығайтты. Мемлекеттің 
іргесінде қазақ халқы бірікті, оның этникалық территориясы қалыптасты, қазақтың тұрмыс 
тіршілігі, рухани және материалдық мәдениеті дамыды. XIX ғасырда Ресей империясы 
Қазақстандағы дәстүрлі мемлекеттік билікті түбегейлі жойды. 
Өркениеттің өлшемі жазу тек отырықшы шаруашылықтың басты белгісі деген қағидат 
археологиялық табыстар негізінде күмән туғызды, өйткені Жетісу өлкесінде көшпелі сақ 
қоғамда біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларда жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда 
мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі 
үрдіс болып қалыптасты. Көшпелі ғұн империясында жазу қолданылған, мемлекетте іс-
қағаздар айналымы жүргізілген. Ал ерте ортағасырлық Түрік қағанатында көне түрік 
жазуының кең таралуы және жазудың түрік тілінің заңдылықтарына әбден лайық 
болғандығымен сипатталанады. Жазудың пайда болуы көшпелі қоғамның өзіндік сұранысы 
мен қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық тәжірибиенің, мемлекеттік актілер мен 
дәстүрлерді тіркеу қажеттілігімен байланысты. 
Дала өркениеті дала мәдениетінің және оның аса тұрақты бөлігі ретіндегі далалық 
тұрмыспен тығыз байланыста дамып отырды. Оның тамыры бастауын қола дәуірінен алып, 
сақ тарихи-мәдени қоғамдастығы кезеңінде негіздері орнығып, ал түркі мемлекеттік 
құрылымдарында одан әрі дамытылып, көшпенді тұрмыс уақыт пен кеңістік жағынан жоғарғы 
деңгейлі сабақтастық сипатына ие болады. Барлық этникалық және жергілікті нұсқаларда ұзақ 
тарихи кезеңдер арқылы сақталып келген мәдениеттегі стереотиптер кұрылады. Олар 



негізінен материалдық және рухани мәдениеттен, адамгершілік пен жүріс-тұрыс 
нормаларынан айқын көрініс табады. 
Дала өркениетінде ауыз әдебиеті саласындағы шығармашылықтың түрлі 
формаларының орны мен рөлі ерекше болды. Олар есте сақтау қабілеті мен шешендік өнердің 
дамуына, көркем шығарманың жоғарғы формалары болып табылатын батырлық эпостар мен 
лирикалық поэмалардың көптеп пайда болуына жол ашты. Егер отырықшы қоғамда батырлық 
эпостар мен лирикалық поэмалар ондықтармен саналса, көшпелі қоғамда бұл көркем жанрлар 
жүздікпен саналады. Қазақтың фальклорлық қорында аталмыш рухани мирастың саны бес 
жүзден асады. 
Сайып келгенде Ұлы дала құндылықтары Еуразия халықтарының рухани және 
материалдық асыл қазынасынан орын тапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет