Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет7/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   166
Байланысты:
thesis147359

 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ: ТАРИХИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 
 
Аяған Б., т.ғ.д., профессор 
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты 
 
Қадірлі қонақтар! Форумға қатысушылар! 
 
Құрметті зиялы қауым!
Қазақстан Республикасының соңғы ширек ғасырлық тарихы 
әлем жұртшылығы тарапынан жасампаздық пен бейбітшілік, келісім кезеңі ретінде 
мойындалып отыр. Мұндай беделді де орнықты мемлекеттілікті құру процесі - қазақстандық 
«Назарбаев моделі» деген атауға ие болды. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың жаңа 
мемлекеттілікті қалыптастыру және оның даму стратегиясы мен адам капиталының сапасына 
негізделген, «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі жарық көрді. Ұлт көшбасшысының 
бастамасымен жаңадан Мемлекет тарихы институты ашылды. Қазіргі заманда Қазақстан
дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басты. Ұрпақтар сабақтастығын сақтай, жүйелі реформалар 
жасау міндеті күн тәртібінде тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 
Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуін тікелей, 
қоғамдық келісіммен байланыстырып отыр. 
Қадірлі әріптестер
! Расында, ел бірлігі – оның әралуандығында. Этносаралық татулық 
пен дінаралық түсіністікті қалыптастыруда қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласы 
мамандарының рөлі зор. Атап айту керек, 2020 жылы әлем таныған ғұлама тұлғаларымыз, әл-
Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өту міндеті 
тұр. Мұндай ауқымды іс-шаралар ең өзекті мәселелер: белсенді азаматтық қоғам құру, қазақ 
тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағытындағы жас ұрпақты отаншылдыққа 
тәрбиелеу жұмыстарына әсер беретіні сөзсіз. Қоғамдық келісімді нығайту – тұрақтылық 
кепілі. Өздеріңізге белгілі «Ұлы Даланың жеті қырында» ұлттық тарихқа, тұлғалар, мен 
көзқарастар дамуының негізгі бағыттарына, тарихи сананы жаңғырту үдерістеріне айырықша 
мән берілді. 
1995 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы 
Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесі «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы 
қалыптастыру тұжырымдамасын» қабылдады. Дүниежүзілік қауымдастықтың бір бөлігі 
ретінде Қазақстан Республикасы - жаһандық тарихи, саяси және экономикалық 
инновациялардан ешқашан тыс қалған емес. 
Қазіргі қоғам өміріндегі өзгерістер заман талабына сай іс-қимылдарға бағытталған. 
Жаңа ғасырда әлемдік тарихқа жаңаша көзқарастар қалыптасып отыр. Республикада Ұлттық 
тарих жылы жарияланып, ұлттық тарихты жүйелеу қажеттілігі артты. Соңғы отыз жыл, тарих 
ғылымының дамуындағы маңызды кезең болды деуге болады. Тарих ғылымы мен білімі - 
қоғамдық өмірде, қазіргі заманғы түрлі үдерістерде мемлекеттің ішкі және сыртқы 



саясатындағы басымдықтарда және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде жетекші рөл 
атқарып келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Ғылыми қазына» пәнаралық жаңа 
ғылым-зерттеу бағдарламасы аясында «Ұлы Дала Тұлғалары» жаңа топтамасы жарық көрді. 
Ұлттық тарихты дамыту мәселелері басты назарда.
«Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік 
бағдарламалары арқылы тарих ғылымы қарқынды даму мен ғылыми ізденістер жүргізуге
қолайлы мүмкіндіктер алды. Көшпелілер өркениетінің әлемдік тарихтағы рөлі, орны мен үлесі 
анықталды, қазақ халқының этникалық тарихы ғылыми негізде қайта жаңадан жазылды. 
Қазақстан тарихына арналған оқулықтар мен хрестоматиялар жарық көрді. Тарихшылардың 
Ұлттық конгресі, Тарихшылар және қоғамтанушылар лигасы сияқты тарихшылардың 
қоғамдық бірлестіктері құрылды. 
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайтуда «Көшпенділер», «Жау жүрек мың бала», 
«Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы жолы», «Анаға апарар жол», «Томирис» және 
басқа да көркемсуретті фильмдердің орны ерекше. Алайда, тарихи фильм шығару процесіне 
кәсіби тарихшы-мамандады көбірек тарту жағдайы әлі де қарастырылуы тиіс.
«Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша меценаттардан қомақты қаржы тарту 
бойынша үлкен жұмыс қолға алынды. Жұртшылық пен ғалымдардың кең қолдауымен 
«Қазақстанның қасиетті географиясын» зерттеу бойынша жұмыстар, оның ішінде тарихи мұра 
объектілерін қалпына келтірудің негізгі нысандары айқындалуда. Әлемнің түкпір-
түкпіріндегі мәдени орталықтарда «Қазақстанның мәдениет күндері» өткізілді. Оған қоса, 
отандық поэзия және проза антологиясы дайындалды. 
Тарих ғылымының дамуында популяциялық генетиканың, қазақтардың популяциялық 
генофондысын, генетикалық құрылымын зерттеудің маңызы зор. Тарихты инновациялық 
зерттеу әдістері ІТ-технологияны, электронды және компьютерлік құралдарда бағдарламалық 
ресурстарды қолданумен байланысты. Тарихи зерттеу жұмыстары нәтижесінде тарихи 
жадыны қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 
Атап айтқанда, қуғын-сүргінге ұшыраған және ұмытылған тұлғалар есімдерінің 
жаңғыруы және ұлықталуы, жаңа шығармалардың жарық көруі. Жаңа әлеуметтік-мәдени 
құндылықтар - өткен тарихты объективті зерттеуге және оны түсінуге мүмкіндік береді, жас 
ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын өзектендіреді. Биылғы қазан айында, «Валдайда» өткен жыл 
сайынғы Халықаралық пікірлесу клубының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан тарихи және географиялық жағынан алғанда 
өркениет қиылысында орналасқанын, қазақ халқының мәдени кодындағы Ұлы Жібек Жолы, 
Алтын Орда, еуразияшылдықтың маңызды орнын атап өткені белгілі. 
Алтын орда тарихы жеткілікті деңгейде зерттелмегені мәлім. Алайда қазіргі 
еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің көбі осынау алып мемлекетке қарыздар. Еуразияның 
тарихшылары неліктен Алтын орда тарихы жайлы ауыз ашпай отыр. Бұл жерде бір 
әділеттілікті айта кету керек: Ресейде революцияға дейін Ключевский, Костамаров, Зернов, 
Бартольд қатарлы тарихшылар объективті зерттеу жүргізген. Әлбетте, олардың еңбегінен 
бірқатар субъективті қате таба аламыз. Алайда олар орасан зор еңбек атқарып кетті. Татар 
ғалымы Махмуд Сапарғалиевтің еңбегі мен ізденісі – ең керемет зерттеулердің бірі болып 
қалып отыр. Кеңестік заманда Алтын орда тарихын зерттеуде ғалымдар корпусы мен 
әдістемеге қатысты тосқауылдар болды. Алтын орда кезеңін зерттеу мүмкін болмады. Соңғы 
уақытта біздің бауырлас елдер, оның ішінде Татарстан Алтын орда тарихын зерттеуге кірісті. 
Әлемдік тарихқа татарлар «Әлем тарихындағы Алтын орда» үш томдық кітабын сыйлады. 
Қазақстан үшін бұл тақырып мемлекеттік «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында 
зерттелуде. Кеңестік күрделі заманның өзінде академик Әлкей Марғұлан, Сұлтан Тұрсынов, 
Венямин Юдин, Сергей Престорный, Клавдия Пищулина зор еңбек атқарды.
Сонымен бірге Меруерт Әбусейітова, Бекет Кәрібаев, Радик Темірғалиев қатарлы 
замандастарымыз да Алтын орда тарихын зерттеуде зор үлесін қосып келеді. 2019 жылдың 24 
тамызында өткен «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумына қатысқан Мемлекет 



басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар 
жұмыс жасалу керектігін атап өткен еді. Президент Алтын орданың негізін қалаған Жошы 
ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу жөнінде ұсыныс жасады. Жошы 
мазарының қазақ жерінде орналасуы көп тарихтан хабар береді. 
2019 жылдың қыркүйек айында «Архив 2025» бағдарламасы аясында Татарстанның 
Мемлекеттік және Ұлттық архиві, әлеуметтік-саяси тарих архиві, Қазанның Н.И. Лобачевский 
атындағы қолжазбалар мен сирек кітап қорларында Қазақстан ғалымдарының зерттеушілер 
тобы жұмыс атқарды.
Құжаттар арасынан Алтын Орда ханының Махмұдтың Осман империясының сұлтаны 
Фатих Мехмедке, өзінің Алтын Орда тағына отырғанын және сауда керуенін ретке келтіріп 
өзара достық қарым-қатынас орнату ұсынысымен жазған хатының көшірмесі табылды. Хат 
қолмен әдемі арабтың өрме жазуымен жазылған. Бұл Алтын Орданың сыртқы саясатындағы 
аз зерттелген тұстарын айқындауға жол ашады. Қазандағы жоғарыда аталған архивінің 969-
шы қорында 1860-жылдары Қазақстан территориясында (Жетісу), Шығыс Түркістан және 
Сібірге саяхат жасаған белгілі шығыстанушы Н.Ф. Катановтың естеліктері сақталған. Н.Ф. 
Катанов Ташкенттегі сияқты Петропавловскіде қазақ тілінің бірегейлігін атап өтеді, сол 
сияқты: «тракт бойында тұратын орыс шаруалары... қырғызша (қазақша) жақсы сөйлейді, ал 
орысша сөйлейтін қазақтар аз» екенін атап өтеді. 10-шы қорда орыс администраторы Василий 
Бакуниннің «статтық кеңесші Василий Бакунин жазған қалмақ халқы, оның ішінде 
торғауыттар туралы және олардың хандары мен билеушілерінің әрекеттері» жазылған 
қолжазба табылды. Автор қалмақтардың (торғауыттардың) Еділ мен Жайық (1620-1640жж.) 
аралығындағы көші-қонына кеңірек тоқталған. 
Тарихшылар үшін бұл қолжазба қазақ-жоңғар және қазақ-қалмақ қарама-
қайшылықтары тарихын зерттеу бойынша, Қалмақ ұлысының қалыптасуы мен қалмақтардың 
ноғайлармен және қазақтармен арадағы қақтығыс болған кезеңді зерделеуде, аймаққа 
жүргізген Мәскеу саясаты туралы ақпараттар құнды дерек болып табылады. Ноғай ғалымы, 
тарих ғылымдарының докторы Даниял Кыдырниязов аталынған қолжазбаның 1935 жылы 
Элисте жарық көргені туралы мәлімет береді. Біз қолжазбаның жеке көріністері бойынша
көшірмесін алдық. 
Негізінен бұл басылымды тауып, ғылыми айналымға қосқан дұрыс деп есептейміз. 92 
және 93-қорлар бойынша А. Алекторов, Н.И. Ильминскийдің жеке қорларынан Ыбырай 
Алтынсарин және басқа да қазақ жастарының өмірі мен қызметінің кезеңдері жөніндегі 
хаттардың түпнұсқалары сақталған. Тереңірек мәліметтер алу мақсатында М.А. Машанов, 
Александр Алекторов, Вельяминов-Зернов және басқа да белгілі қайраткерлердің еңбектері, 
естеліктері, монографиялары қарастырылды. Мұндай ғылыми іссапарлар жалғасын табуы 
тиіс. 
Мемлекет тарихы институты ұжымы өз тарапынан «Еуразиялық тарихи мұра: бұрынғы 
кезеңнен қазірге дейінгі тарих беттерін», оның ішінде Алтын Орданың тарихи мұраларына 
қатысты зерттеудің маңызды бағыттарын қарастыруда. «Әбілқайыр Шәйбан» кітабы жарық 
көрді. Сонымен қатар, «Архив-2025» жобасы аясында отандық және халықаралық ғылыми 
мекемелермен, архивтермен байланыс орнату; мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген 
отандық тарихтың басты оқиғаларын саралау;
әлемдік қауымдастықтағы отандық тарихи мұраларды айшықтау; жетекші және жас 
ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру бағытына қамқорлық көрсету тетіктерін қарастыру 
жұмыстары қолға алынуда. АҚШ, Франция, Голландия, Ресей, Түркия, Польша, Украина, 
Өзбекстан, Қырғызстанның ғылыми-зерттеу сараптамалық орталықтарымен тұрақты 
ынтымақтастық нәтижесін көрсетуде. Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімінің Археология 
және этнография институтымен, Гувер соғыс, революция және бейбітшілік архивімен (АҚШ), 
Украина Тарих институтымен, Қырғызстан Дипломатиялық Академиясымен, Голландия 
Патшалық архивімен және басқа да мемлекеттер ғалымдарымен ынтымақтастық келісімдеріне 
қол қойылды. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет