Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Список использованной литературы и источников



Pdf көрінісі
бет55/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Список использованной литературы и источников: 
 
1. Иванин М. О военном мскусстве при Чингисхане и Тамерлане. 2-е изд. –Алматы, 1998. С.146. 
2. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья // Сочинения. Т. III. – М., 1965. С.82-83. 
3. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV – начале XVI веков. – Алма-Ата, 
1977. С. 75.
4. Ру, Ж.-П. Тамерлан [Перевод французского издания 1991 г.]. – М., 2006. С.85. 
5. «Зафар-наме» Низам ад-Дина Шами. «Зафар-наме» Шараф ад-Дина Али Йезди // Материалы 
по истории киргизов и Киргизии. Вып.1. – М., 1973. С. 106, 136. 
6. Исин А. Әмір Темірге қарсы тұрған қаһармандар (XIV ғасыр соңындағы дулат, жалайыр, 
қыпшақ, арғын, керейіт көтерілістері) // «Абай». 1999. №1. 34-42-бб.; Тимур в Восточном Казахстане: 
план и направление похода 1389 г. // «Вестник университета «Семей» 1999. №5-6. С.237-243; Тимур в 
Восточном Казахстане: план и направление похода 1389г. // «Отан тарихы». 2000. № 1-2. С. 124-128. 
7. «Зафар-наме» Низам ад-Дина Шами. «Зафар-наме» Шараф ад-Дина Али Йезди // Материалы 
по истории киргизов и Киргизии. Вып.1. – М., 1973. С. 106-108, 136-139; Низамиддин Шоми. 
Зафарнома. – Тошкент, 1996. С. 152-154. 
 


111 
ДІНШЕ ӘДІЛОВ – АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 
 
Искакова К. Ы., филос.ғ.к., профессор 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
М.О. Әуезов атындағы, «Еңбек Қызыл Ту» және «Халықтар достығы» орденді 
Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш кәсіпқой ұлттық сахналық 
мекеме. 1925 жылдың ақырында қазіргі Қызылорда қаласында Ұлт театры болып 
ұйымдастырылды. Театрдың құрылу тарихы алдағы 2020 жылы туғанына 120 жыл толатын, 
репресия құрбаны болып кеткен, театрдың алғашқы директоры, әрі көркемдік жетекшісі 
Дінше (Дінмұхамед) Әділұлы Әділовтің есімімен тікелей байланысты. 
 
Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (1900-1930) - қоғам және мәдениет қайраткері, 
ағартушы. Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы 1900 жылы Ақмола облысы, Ақмола 
үйезінің Шу болысында көшпелі малшы отбасында дүниеге келді. Кенесары хан 
қолбасыларының бірі Мыңжасар батырдың немересі. Жеті ағайынды, үлкен ағасы Байсейіт 
Әділұлы – алғашқы революция жылдарындағы белгілі қоғам қайраткері. Дінмұхамед Әділұлы 
ауылда қазақша сауат ашып,1909-1913 жылдары Ақмола қалалық қазақ-орыс мектебінде, 
1913-1918 жылдары Омбы гимназиясында оқыған, 1919-21 жылдары Ташкенттегі Орта Азия 
университетінде дәрістер курсын тыңдаған [1,20]. 1914-18 жылдары Омбы оқу орындарында 
оқып жүрген қазақ қыз-жігіттерінің саяси және мәдени-ағарту қауымдастығы ретінде танымал 
«Бірлік» ұйымының мүшесі, бірер мезгіл хатшысы да болды. Қошке Кемеңгеров екеуін 
Омбыда оқитын жастардың «Бірлік» атты саяси және мәдени-ағарту ұйымы табыстырды.
Мұндағы жалпы оқу, өнер-білім игеру көкжиегін кеңейтуді көздеген басқосулар (олардан 
тысқары, әдетте астыртын өтетін жиындарда, заман талабынан туындап жататын саяси ой-
пікірлер жасырын түрде айтылатын, пікір таластырылатын, халық мүддесі тұрғысында түрлі 
жоспар жасалатын), сауық кештері, сондай-ақ баршасы бірігіп жасап жүрген «Балапан» атты 
қолжазба журнал олардың көзқарастарын айқындауға, азаматтық тұғырларын сомдауға 
септесті. Қошке өлең жазатын, домбыра тартып, ән салатын, мәдениет тарихын қуа оқитын 
Дінше Қошке Кемеңгеровпен бірге ұйымның белсенді мүшелері болды. Екеуі де белгілі бір 
кезеңдерде «Бірлікте» хатшылық міндет атқарды. 1917 жылғы сәуірде Д.Әділұлы Ақмола 
облысы қазақтарының съезіне қатысады, съезде сайланған атқару комитетінің нұсқаулары 
ретінде Қошке Кемеңгеров екеуі Ақмолаға келіп, Сәкен Сейфуллинмен бірге үйездік қазақ 
комитетін, жастардың «Жас қазақ» ұйымын ұйымдастырады. Олар 1917 жылғы қазанда 
«Алаш» партиясы Ақмола облыстық комитетинің мүшесі болып сайланған. Дінше 1917 
жылдың соңындағы саяси оқиғаларға байланысты солшыл қанатқа ауысып, жастардың 
демократиялық кеңесін құрады. 
1917 жылғы қазан айында қазақ арасынан барған он шақты делегат жетекшісі ретінде 
Сібір автономистерінің съезіне қатысуы атақты қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 
саяси бағдарындағы ірі бетбұрыс кезеңі болды. Ол съезден кері оралып келе жатқанында 
Омбыға аялдап, зиялылармен, оқып жүрген жастармен кездеседі. Алаш партиясын құрудың 
нақты қадамы да осы сапар жасалады. Большевиктердің Петроградтағы 1917 жылғы қазан 
төңкерісіне орай, Омбыда оқып журген жастар арасында екіұдай көзқкарас туғанда, 
Д.Әділұлы ұйымның демократиялық қанатында болды. Бұл кезде қызыл әскерлермен 
Благовещенскіге өткен. Содан қанша қыл көпірден өтіп, минут сайын өмірін құрбан қылуға 
даяр болып, Омбы шаһарына келеді. Ол Омбы жасақталған қызыләскерлер отряды құрамына 
Қиыр Шығысқа аттанып, 1918 жылдың сәуір-қыркүйек айларында ақтарға қарсы соғыстарға 
қатысты. 1918 жылы желтоқсанда Омбыда Колчак үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс 
жасаушылар қатарында болды, көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң ол жасырынып, ақтар 
билеген аймақтан кеңес өкіметі орнаған өлкеге қарай қашады. Кеңестердің 1920 жылғы 
қазанда Орынборда өткен ұйысу съезі Дінше Әділовты сырттай Қазатком (КирЦИК) мүшесі 
етіп сайлады. Дінше Орынборда Кеңестік Қазақ Республикасының тұңғыш сайланған Орталық 


112 
Атқару Комитетінің мүшесі, алғашқы кеңестік үкімет құрамындағы Ішкі істер халық 
комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссариатының орынбасры, бірер мезгіл міндетін 
атқарушы болған аз мерзімде жас мемлекет іргесін нығайтуға бағытталған едәуір жұмыс 
жүргізді (Батыс үйездерінің біріндегі ахуал жайында Қазатком Төралқасы межілісінде арнайы 
баяндама жасады, Ақмола үйезі қазақтарының көңіл-күй зеттеу үшін іссапарға арнайы 
жауапты қызметкер аттандырды, халкоматтың ішкі қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған 
шара қабылдады, т.б.) және әр қадамында ұлт мүддесі талабын ескеріп отырады [1,45]. 
Монархияның құлауы Қошке Кемеңгеров екеуін ашық саясат алаңына бірге алып 
шықты. Омбыдағы Бостандық үйінде (күні кешегі Дала генерал-губернаторы кеңсесінде) 1917 
жылдың сәуірінде өткен Ақмола облысы қазақтарының съезінде азаттық таңының атуына 
байланысты ағымдағы ахуал талқыланып, қазақтардың облыстық атқару комитеті құрылды. 
Съездің шешімін орындау мақсатымен қазақ атқару комитеті жұмысқа «Бірліктің» белсенді 
жастарынан жәрдемшілер тартты. Жер-жерде халық жиналыстарын өткізіп, қазақ 
комитеттерін құру үшін солардан комиссарлар жасақтап, үйездерге жіберді. Қошке мен Дінше 
Ақмола үйезіне бөлінді. Ақмолада олар сондағы мұғалімдер Сәкен Сейфуллин, Бірке 
(Бірмұхамед) Айбасовпен бірлесіп әрекет етті. Ауыл-ауылды аралап жиындар өткізді, үйездік 
жиналысқа өкілдер жіберілуін ұйымдастырды. Үйез тұрғындарының съезінде үйездік қазақ 
атқару комитеті құрылып, оған Рахымжан Дүйсенбаев төраға, бұлар мүше болды да, 
бостандық таңы арайындағы саяси жұмыстарын екпіндете жүргізе берді. Ұзамай байырғы 
журналист Рахымжан (ол «Дала уәлаяты газетінде» 1902 жылғы жабылуына дейін істеген, 
сосын заңгерлік білім алып, адвокат болып қызмет атқарып жүрген) «Тіршілік» атты газет 
шығарудың шаруасымен орталық қалаларға іссапарға кетеді. Үзеңгілес жігіттер Сәкеннің 
басшылығымен ауылдардағы жастардың басын құрап, «Жас қазақ» ұйымын құрады («Жас 
қазақ» мүшелері түскен, Сәкен «Тар жол, тайғақ кешуде» жариялаған суреттің бел ортасында 
албырт жас Дінше де бейнеленген). Содан бәрі революция рухындағы қызық жұмыстар 
жүргізеді. Солақай әрекеттер де болып тұрады: олардың тым тапшылдық көрсетіп, 
ауқаттылармен араздасулары, дінге қарсылық білдірулері, тиісінше жергілікті бас адамдармен 
тіл табыса алмаушылықтары ұзамай теріс нәтижесін береді. 1917 жылғы шілдеде Орынборда 
өткен бірінші жалпықазақ съезінен кейін өткен үйез халқының екінші жалпы жиналысында 
атқару комитеті қайта сайланады. Оның құрамына Сәкен мен оның серіктері енгізілмейді. 
Содан Қошке мен Дінше Омбыға қайтып кетеді. Екеуі де өз оқу орындарындағы сабақтарын 
жалғастырады. 
1917 жылғы қазан айының аяғына қарай Омбыға Томдағы Сібір автономияшыларының 
съезінен келе жатқан Әлихан Бөкейханов соғады. Белгілі қоғам қайраткері және болашақ ұлт 
көсемімен Бостандық үйінде өткен кездесу Алаш саяси партиясын құру жиынына ұласады. 
Сол жиналыста Қошке де, Дінше де Алаш партиясының Ақмола облыстық комитеті 
мүшелігіне сайланады. Осында Бөкейхановтың пайым, уәждеріне студент Шәймерден 
Әлжанов қарсы сөйлеп, солшыл бағыттағы өзгеше көзқарас танытқан болатын. Ол ұзамай 
Көлбай Төгісов, Мұқан Әйтпеновтерді қолдап, социалистік бағыттағы «Үш жүз» партиясын 
құруға қатысады. Осы жәйт және Петроградтағы большевиктердің совет өкіметін жария еткен 
Қазан төңкерісі, сондай-ақ Орынбордағы Алаш автономиясын құрған Желтоқсан жалпықазақ 
құрылтайы «Бірлік» ұйымының тағдырына қатты әсер етеді: 1918 жылғы сәуірде «Бірлік» 
мүшелері көзқарас ыңғайымен екі жарылады. Қошке алаш тұғырындағы «Жас азамат» 
ұйымына, Дінше кеңестік бағдардағы Демократиялық одаққа қосылады. Ұзамай Дінше 
мүлдем большевиктеніп, Омбыда жасақталған қызыл партизандар жасағына кіреді де, 
ақтармен соғысу үшін Қиыр Шығысқа аттанады. Ал Қошке жастардың ұлттық мүддені 
күйттейтін жаңа ұйымының тілі болып табылатын «Жас азамат» газетін шығарумен 
шұғылданады. Осылай екі дос қоғамдық қозғалыстың екі қанатына шығып, қилы тағдыр 
сындарына кезіккен өз жолдарына түседі [1]. 
Қошкенің 1925 жылғы 16-наурызда Діншеге жазған бір хаты ОГПУ жүргізген 
қылмыстық тергеу ісқағаздары арасында тігулі тұр. Хатында ол ғұмырында талай тарихты 


113 
бастан кешкен Діншенің сонау Қиыр Шығыс сапарынан бастап, қазіргі өміріне шейін терең 
білгісі келетінін жазған. Қандай мақсатпен коммунизм жолына түскен? Бұл жолдан неге 
ауытқыған? Өзі көрген уақиғалар, сапарлас, қарым-қатынас жасап жүрген достары хақында 
қысқаша ақпар берсе. Бұлар оның қазақ зиялыларының өмірі жөнінде роман жазуы үшін 
қажет. Түркістандағы істері туралы хатқа жаза алмаса, ауызша айтсын, Қазақстанның дүмді 
деген қайраткерлеріне мінездеме берсін. Соларды есту үшін арнайы кездескісі келетінін 
айтқан. Сол жылғы көктемнен «Алтын сақа» сахналанып болған 1926 жылдың басына дейін 
олардың талай кездескеніне күмән жоқ.Қошкенің болашақ романына негізгі материалды 
Діншеден алғысы келуі, оның сонау омбылық досының бейнесіне шығармашылық 
қызығушылықпен қарауы өте орынды-тын, себебі Дінше революция ісіне жан аямай 
атсалысқан, сосын оның барысынан көңілі суып та үлгерген қайраткер-тін. Хатында 
айтқанындай, Қошке соның себебін білгісі келді. Діншенің театр ісіне кіріскенге 
дейін көркемөнерпаздықпен шұғылдануы 1914–1918 жылдары Омбыда оқыған шағында 
(жастардың мәдени-ағарту және қоғамдық-саяси «Бірлік» ұйымында) және облыстық қазақ 
революциялық мекемесінің комиссары ретінде Ақмолада қоғамдық-саяси қызмет атқарған 
кезінде (1917 жылы «Жас қазақ» ұйымын құрысқанында) орын алғанын айта кету ләзім. Одан 
соң 1918 жылғы көктемде Омбыда қызыл партизан жасағына кірген де, Қиыр Шығысқа 
аттанып, күзге дейін ақтармен шайқасқан. Благовещенскіде ақтар түрмесіне түсті. Одан 
Омбыға оралып, сол жылғы желтоқсанда Колчак диктатурасына қарсы қарулы көтеріліске 
қатысқан. Ақтардан жасырынып, 1919 жылы Түркістан өлкесіне өткен. Ташкентте Тұрар 
Рысқұлов басқаратын Мұсылмандар бюросы жұмысына қатысқан, қазақ педагогикалық 
училищесінде сабақ берген, ал 1920 жылы Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы 
Нәзір Төреқұловтың шешімімен Алматыға аттанып, Жетісу облыстық халыққа білім беру 
бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарған. Өзімен бірге шәкірті Ғани Мұратбаевты 
ертіп әкеп, қазақ мұғалімдерін даярлау курсына дәрісші етіп бекітті, оның сабақ бере жүріп, 
қоғамдық-саяси жұмысқа араласуына, ширап, ысылуына септесті. Сондай-ақ өзі де мұғалімдер 
дайындау курсына мәдениет тарихынан тұрақты дәріс беріп тұрған. Алматыға келген бетте 
Түркмайдан Әскери-революциялық кеңесінің уәкілі Дмитрий Фурмановпен байланысып, 
облыстағы алғашқы мәдени-үгіт топтарын құрысқан. (Тарихта «Верный бүліншілігі» деп 
таңбаланған 1920 жылғы 12–19-шы маусым оқиғаларын көзімен көрген. Мәскеуден келген 
революциялық трибунал бірде-бір оқ шығармаған «көтеріліс» басшыларын топтап атып, 
қаладағы партия ұйымының басшысын, тағы басқа қызметкерлерді жер аударуға үкім 
шығарған болатын. Міне сол «бүліншілік» шындығын Діншенің: «Гарнизон Фурмановқа 
қарсы шықты» деген бір ауыз сөзі ашып тұр – мұрағат деректері оның дұрыс айтқанын, 
«бүліншілік» нақты оқиғаны большевиктік тәсілмен әдіптеп бұрмалаудың салдары екенін 
көрсетеді, алайда бұл жеке әңгіме желісі.) 1920 жылы күзде Семейге барып, Жүсіпбек 
Аймауытов басқаратын қазақ бөлімі жұмысына қатысқан. Қазан айында өткен Қазақстанның 
тұңғыш Кеңестер съезінде Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сырттай сайланып, 
Орынборға келген. Ол жайында Қазақ автономиясының белгілі қайраткерлерінің бірі Смағұл 
Садуақасов республиканың бас газеті бетінде сол шақта: «Дінмұхамед Әділов жас болса да, 
қазақ революционерлерінің кәриясінен саналады», – деп жазған-ды. Әділов Ішкі істер халық 
комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссарының орынбасары, халық комиссары міндетін 
атқарушы болды. Сосын қазақ үкіметі пен облыстық партия комитетінің отаршылдық 
салқынынан арылмаған саяси бағытына Смағұл Садуақасовпен бірге қарсы шықты. Соның 
салдарынан халық комиссары лауазымына бекітілмеді, қызметінде кыспақ көре бастады [2]. 
Сонда ол Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың батасымен Ташкентке кетіп қалды. 
Онда 1919–1920 жылдары өзі ұстаздық еткен Қазақ ағарту институты (Казинпрос) мұғалімдері 
мен оқушыларының қатысуымен қаланың «Колизей» театрында өтіп жүрген «Шығыс 
кештеріне» арнап қазақ тұрмысынан ойын-сауық әзірледі. Одан Бұхараға кетіп, жалпытүркілік 
қозғалыс серкелерінің бірі Зәки Валидов жүргізген белгілі астыртын жұмысқа қатысты. 
Безгекке шалдыққандықтан, елге оралды. Жазылған соң, 1922–1923 жылғы қыста Сырдария 


114 
облаткомы мандатымен Шу бойында халық жиналыстарын өткізді. Кеңес өкіметі мұраттарына 
кір келтіріп жүрген ел ішіндегі белсенділерді ауыздықтауға қатысты. Сосын Ташкентте 
Казинпростың оқытушысы, 1924 жылы директоры болды. Институт директоры болған 
кезінде, әрине, белгілі дәрежеде көркемөнерпаздар үйірмесі жұмысымен де айналысқан. Осы 
жәйттер оны мәдениет қайраткері санатына қосып, 1925 жылы Кеңестер съезі қарарына сай 
Ұлт театрын ұйымдастыру ісіне құлшына кірісуіне сенімділік берді. 
1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ Республикасының астанасы Қызылорда қаласында 
Мемлекеттік Ұлт театры (қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры) 
Мұхқтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен 
концертпен 1925 ж. желтоқсандағы өткен Қазақ өлкелік 5 партконференция кезінде тұңғыш 
рет театр шымылдығы ашылды. 1926 ж. 31 қаңтарда болған Ұлт театрының ресми ашылуында 
Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақинасы» ойналды. және халық өнерпаздары қатысқан үлкен 
концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы салтанатты түрде ашылды. Ұлт театрының 
қызметі, арнайы ұйымдастырылған бәйге, жекелеген спектакльдерді қоюшы режиссерлер, 
ойнайтын әртістер, бәйгеге түскен туындыларды сараптайтын комиссия құрылды. Бұл 
комиссияның құрамына ағарту халкомы Смағұл Садуақасов, өлкелік партия комитеті үгіт-
насихат бөлімінің меңгерушісі Ораз Жандосов, орыс театрының режиссері Михаил Насонов, 
ақын-жазушылар Бейімбет Майлин, Молдағали Жолдыбаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек 
Аймауытов кірді. Алғашқы театрлық маусым барысында репертуарды байыту мақсатымен 
драматургтерді ынталандыру шарасы жасалған – жаңа пьесаларға бәйге жарияланып, түскен 
туындылар бірден сахналанып тұрды. Ағарту халық комиссариаты құрған арнайы комиссия – 
белгілі қазақ журналист-жазушылары, орыс театрының режиссері, оқу наркомы – 
спектакльдерді көрермендермен бірге тамашалап, олардың сапасына, Дінше мен оның өнерпаз 
серіктерінің сахнада көрсеткен ойындарына баға беріп отырды. Олар және қатардағы 
көрермендер ұлттық драматургия, режиссура, орындаушы-әртістер жайында спектакльдің 
артынша, ойынның ізін суытпай пікірлерін білдіріп, өз ойларымен жас сахна шеберлерінің 
кәсіптік биікке біліктілікпен бет алуына септігін тигізуге тырысты [1,116]. Театр әртістері 
«Исатай батыр» деген тарихи драма», «Шернияз» атты қарақалпақ тұрмысынан жазылған 
драма», сондай-ақ «Қаракөз» атты драма» қойды. Қазақтың тұңғыш ұлттық театры 
Қызылордадағы орыс театрымен бір ғимаратта жұмыс істеп, аптасына бір-екі мәрте (бейсенбі, 
жексенбі күндері) ойын қойып отырды. Қысқа мерзімде (театрдың бірінші маусымы төрт айға 
ғана созылды) сахналық қойылымдардың 12 премьерасы болды. Әр пьеса аз уақыт ішінде 
сахналанып, бір-екі-ақ реттен қойылатын. Маусым бойы сахнада ұзын саны 20 рет спектакль 
ойналды. Барлық спектакльдер концерттік ойын-сауықтармен астастыра көрсетіліп жүрді. 
Театр артистері болып ешқандай кәсіби білім алмаған халық таланттары қызмет атқаратын, 
сахнада түрлі образдарды солар шығарды. Спектакльдер соңынан қойылатын концерттерде 
ән-күй, әзіл-сықақ, тіпті цирктік нөмірлерді де солар орындайтын. 
Жас театрдың іргесін қалаушылар, сөз жоқ, тынымсыз ізденіс үстінде жүрді. Театр 
директоры Дінше спектакльдердің қойылымдарына негізінен жалпы көркемдік басшылық 
жасап отырды. Ал әр ойынның ұңғыл-шұңғылын шығармашылықпен әрлеп, режиссуралық 
деңгейін көтере түсу үшін ол сахна шеберлерінің өз ішінен жекелеген спектакльдердің 
режиссерлерін тағайындау тәжірибесін қолданды. Мәселен, «Қаракөзге» режиссер болуды 
Орынбор оқу орындарындағы көркемөнерпаздар үйірмесінде ойнап ысылып келген Серке 
Қожамқұловқа, «Шернияздың» режиссерлігін Ташкент сахналарында тәжірибе алған, Қазақ 
ағарту институты қабырғасындағы музыкалық драма үйірмесінде өзінің шәкірті болған 
Құрманбек Жандарбековке тапсырды…[2]. Осылайша, Қазақ Мемлекеттік Мұхтар Әуезов 
атындағы академиялық драма театрының бірінші тікелей ұйымдастырушысы, тұңғыш 
директоры, тек директоры ғана емес, маман кадрлары жоқ жаңа өнер отауының жаңадан 
шаңырақ көтеріп, түтін түтетуге, үлкен сахна ордасы ретінде қалыптасуға бет алған шақтағы 
алғашқы көркемдік жетекшісі де, бас режиссері де Дінше (Дінмұхамед, Мұқыш) Әділов 
болды. 1926 жылғы 11-ақпанда халық комиссары Смағұл Садуақасов төрағалық еткен Ағарту 


115 
халкоматы алқасының мәжілісінде Ұлт театрының жай-күйіне байланысты мәселе қаралды. 
Дінше Әділовтің баяндамасы тыңдалып, театрдың алғашқы аяқ алысы жақсы бағаланды. 
Театрға «Қазақ Мемлекеттік Академиялық Театры» атауы берілсін деген қаулы қабылданды. 
Екі айдан кейін, 1926 жылғы 25 сәуірде, Ағарту халық комиссариатының алқасында 
Дінмұхамед Әділов театрдың қызметі жайында есепті баяндама жасады. Талқылаудан соң 
қабылданған қаулыда Қазақ театрының есеп беру мерзімі ішіндегі қызметі қанағаттанарлық 
деп табылды. Қысқы маусымның аяқталуы, келесі театрлық маусымға дайындық, қабілетті 
өнерпаздардан мұқият таңдап, труппаны жаңа әртістермен толықтыру, сахна шеберлерін осы 
1926 жылдан бастап-ақ республикадан тысқары жерлердегі көркемөнер жоғары оқу 
орындарында оқыту және, әрине, қаржы мәселелері, республика үкіметі алдына қояр 
ұсыныстар, сұралатын нақты сома қаралды. Биік өнерімен ұзақ жылдар ел сүйіспеншілігіне 
бөленіп, Еңбек Ері атанған сахна майталманы Серке Қожамқұлов өзінің естелік кітабында 
театрға 1925 жылы Діншенің бұйрығымен қабылданғанын атап кеткен. Оның сонда алған 
театр әртісі екенін куәландыратын куәлігі республикалық мұрағатта сақтаулы. Сол куәліктің 
мөрлі мәтінінің төменгі жағына Дінше 1926 жылғы 5 мамырда қоңыр сиямен орысша мына 
сөздерді жазып, қолын қойыпты: «Анықтама. Жолдас Қожамқұлов осы уақытта Қаз. Мем. 
академиялық театр артисі және бас режиссері болып табылады. Театр директоры Әділов. 8/V 
26 ж.» Мұны Ағарту халкоматына Серкеге әртістігімен бірге бас режиссер екендігін 
куәландыратын жаңа жекебас құжатын беруі үшін ұсынған екен [3]. 
Содан көп ұзамай Дінше қызметінен босатыланады. ОГПУ тергеушісіне 1928 жылы 
берген түсініктемесінде ол бұл орайда былай деген: «Мен бұл театрдың директоры міндетін 
кінәратсыз атқардым, қажырым мен қуатымды аямай жұмсадым деп есептедім, сондықтан да 
доғарысқа кетуге бел будым» («Я считал, что обязанности директора этого театра выполнил 
безукоризненно, внес много сил и энергии, и поэтому решил подать в 
отставку»).Наркомпросқа (Ағарту халкоматына) жолданған жазғы гастрольге шығатын 
артистердің тізіміне жаңа директор Әзиз Байсейітов 1926 жылғы 16 мамырда қол қойыпты. 
Демек, Дінше театр басшысы құзырындағы материалдық құндылықтар мен іс-қағаздарын оған 
мамырдың ортасына қарай өткізген. 
Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік тұрғыда жіктеп-межелеу науқаны өткеннен кейін, 
қазақ жер-суы мен халқы бір шаңырақ астына топтастырылды. Ресей Социалистік 
Федеративтік Советтік Республикасы құрамындағы Қазақ автономиясына Түркістан 
республикасынан межеленген қазақ аймағын және Қарақалпақ облысын қосты. Сол шара 
нәтижесінде құрылған Үлкен Қазақстан Кеңестерінің 1925 жылғы 15–19 сәуірде Ақмешітте 
(Қызылордада) өткен Бірінші (ескі республикадағы рет саны бойынша – Бесінші) құрылтайы 
біртұтас Қазақ Ұлттық Республикасының құрылғаны тарихтың белгілі беттері. Құрылтай 
автономиядағы «халық ағартудың кезекті мәселелері жөнінде» арнайы қарар қабылдады. 
Онда «тұрмысы жүдеу, артта қалған Қазақстанды шаруашылығы жаңғырған күшті, мәдениетті 
кеңес республикасына айналдыру» жолдары, соның ішінде ұлт театрын құру мәселесі де атап 
айтылды. «Қазақтың ұлттық театрын құру жеделдетілсін» деген шешім жеке тармақта 
тұжырымдалды. Алайда оны орындау күзге дейін қолға алынбады. Тарих қаулының бұл 
тармағының орындалуын жүзеге асыруды Діншенің – Дінмұхамед Әділұлы Әділовтің 
еншісіне бұйыртты. Дінше 1925 жылғы жазда Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші 
хатшысы Сұлтанбек Қожановтың ұсынысымен Ағарту халкоматының аға инспекторы 
қызметіне тағайындалған еді. Сол тұста жас республикаға қажет мамандарды еліміздің ірі 
қалаларындағы белгілі оқу орындарында оқытып дайындау мәселесі күн тәртібінде тұрған. 
Дінмұхамед Әділұлы емтихан қабылдау комиссиясының төрағасы болды. Шәкірттер Мәскеу, 
Тәшкен, Орынбордың түрлі оқу орындарына жіберілді. «Осы науқан біткеннен кейін… мен 
ұлттық қазақ театрын ұйымдастыру қажеттігін көтере бастадым», – деп еске алды Дінше 1928 
жылы. Кеңестер съезінің ұлт театрын құру жөніндегі шешімі жайында халық комиссары 
Садуақасов, өлкепартком басшыларының бірі Жандосов, басқа да көптеген көрнекті 
қызметкерлер айтып жүретін. Діншеге сол театрды ұйымдастыру тапсырылды. Дінше іске 


116 
кірісті: «Мен Қазақстанның түрлі қалаларына Садуақасовтың атынан сахна қызметкерлерін 
шақырған жеделхаттар жолдай бастадым». Театр жұмысын ұйымдастырудың жоқтан бар 
жасап маңдай тер төккізген қияметін, кәсіби сахнаның не екенін білмейтін ауыл 
өнерпаздарынан үлкен өнер көрігін қыздырушыларды жасауға бет алған сол кезеңнің 
қиындығын өнер қайраткерлерінің бертінде жазған естеліктерінен, зерттеушілердің 
еңбектерінен көруге болады. Соларға сүйене отырып, Мемлекеттік Ұлт театрын құру 
мынандай кезеңдерден өткенін байқаймыз: өнерпаздар әуелі Қазақстанның бес жылдығын 
тойлау күндерінде – 1925 жылдың күзінде астанада бас қосқан және Қызылорданың мерекелі 
орындарында ән шырқаған. Әйгілі палуан Қажымұқанның көшпелі цирк аренасында өнер 
көрсетуі ең атышулы, атақты оқиға болған екен. Сонда отырған еуропалық қызметкерлер 
халықтың Қажымұқанды ұлықтауы кезінде айтылып жатқан жүрекжарды лебіздерін 
орысшалауды талап еткен көрінеді. Сол кезде Ұлт театрын құру үшін жер-жерден халық 
таланттарын шақырып жүрген Дінше олардың алдына шығып, еркін сөз сөйлейді. Оның 
сондағы мәдениет хақында айтқан сөзі кешегі езілген қазақтың көкірегіне қандай мақтаныш 
сезімін ұялатқаны жайында атақты халық артисі Қапан Бадыров кейін тебірене еске алған еді 
[1, 45]. Мерекелік іс-шаралар аяқталған соң, 22-қазанда республиканың Ағарту халкоматында 
жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен қазақ театры жайында кеңейтілген 
арнайы мәжіліс өткен. Сонда халком Смағұл Садуақасұлы ұлт театрын ашу мақсатында 
атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады. Одан араға бір ай салып, Діншенің 
айтуынша, жаңа театр республика коммунистері форумында тұңғыш рет ойын көрсетті: 
«Бірінші спектакльді біз бесінші өлкелік партконференцияның ашылуына қойдық…». Яғни, 
Казнацтеатрдың алғашқы спектаклі Ресей Компартиясы Қазақ өлкелік ұйымының Бесінші 
конференциясы жұмысын бастаған 1925 жылғы 1 желтоқсанда болған. Дінше театрдың ресми 
ашылуына өзінің байырғы пікірлес досы Қошке (Қошмұхамед) Кемеңгерұлының «Алтын 
сақина» атты пьесасын сахналауға таңдап алды.Бірак, түрлі себептермен ол талпынысы іске 
аспады. Дінше 1926 жылы жазғытұрым театрдың басшылығынан өз еркімен кетті де, құпия 
полиция қармағына түсті.1928 жылғы тәркілеу науқаны соңында тұтқындалды. Театр 
труппасы 1929 жылы Алматыға қоныс аударды. 1930 жылғы 21-ші сәуірде Мәскеуде, 
пролетариат көсемі Лениннің туғанына алпыс жыл толған юбилейі қарсаңында Дінше 
құрбандыққа шалынып, атылды. Смағұл қазақ еліндегі диктатор Голощекиннің айлалы 
саясатының құрбаны болып, 1933 жылы дүниеден озды. 1930 жылы Қошке де қамалды. Екі 
жыл түрмеде отырып, ішкі Ресейге жер аударылды, 1937 жылы қайта ұсталып, Омбыда 
атылды. Осылай үшеуінің де Ұлт театрының бастауындағы еңбектерін елемеуге негіз 
салынды. Қасіретті жылдарда репрессияның қара қанжары отыз жасар Діншені мерт етті. 
Қыршын кеткен боздақтың ұлттық сахна өнерін қалыптастырудағы еңбегі ізінше жоққа 
шығарылды. Республикамыздың бас газеті бетінде белгілі ақынымыз сол 30-шы жылдары: 
«…бетінен қаны шыққан ұлтшыл Әділұлы театрдың бағытын еңбекші тап мүддесінен бұрып 
әкетті», – деген жалалы тұжырымын жария етті. Содан Дінше Әділұлының есімі театр, 
мәдениет құрылысы тарихынан тез және ұзақ уақытқа өшірілді. Тек, 1988 жыл, 4 қараша – 
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақталды. 1988 жылғы 4 
қарашадағы ұйғарымымен КСРО Халком кеңесі жанындағы ОГПУ алқасының 1930 жылғы 4 
көкектегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Әділов Дінмұхамедке қатысты қаулысының күшін 
жойды және бұл бөлімде оның әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан, іс доғарылды. 
Осылай, араға елу сегіз жыл салып барып әділет орнады, Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) 
Әділұлы ақталды [4]. Өнер ордасы 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын, ал 20 
жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту ордені және 1961 жылы жазушы, драматург М. 
О. Әуезовтің есімі беріліп, 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы 
орденімен марапатталды. Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — 
отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен 
қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін 
тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. Осы тетрдың құрылуына 


117 
елеулі еңбек сіңірген ұлт қайраткері - Дінше Әділұлының ардақты есімі халық жадында берік 
сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет