273
2) Бас-басына би
болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын.
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.
(Абай)
3) Біз бұлбұл қызыл гүлге
тартқан сада,
Нәркес көз, қалам қасты лағыл бала.
Иранның Құсни-зия тотысындай,
Гәухардан шыққан нәсіл тудың зада.
Топ көрсе, қырындайтын біз бір тұлпар,
Бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкәр.
Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар.
(Ақан сері)
4) Сүйе алмадық,
қия алмадық, қимадық,
Неге біздер от құшаққа сыймадық?
Екеуміз де екі айрылған өзендей,
Махаббатты басқа жанға сыйладық.
(Т. Молдағалиев)
§17.
Қазіргі емле ережелеріміз бойынша,
қосар
ұу, үу
әріптерінің орнына жалаң
у
әрпі жазылады. Бұл дыбыстың да
айтылуының жуан-жіңішке екендігін
(ұу
немесе
үу
екендігін)
сөз ішіндегі өзге дауыстыларға қарап айыру керек. Екі, үш не
одан да көп буынды сөздерде өзге дауыстылар жуан
(а, о, ы)
болса,
ұ
әрпімен келген тұс
ұу
болып, ал
жіңішке
(е, ә, ө, ү, і)
болса,
үу
болып айтылады.
Ал бір буынды сөздерді (олар сан жағынан өте аз) сөйлемнің
мағынасына қарай қай сөз екенін ажыратып, жуан не жіңішке
айтуға тура келеді. Мысалы,
Үйдің төбесінде ту желбірейді
деген сөйлемде
ту
сөзі жуан
тұу
болып айтылады.
Ту деген-
де түкірігі жерге түспейді
деген сөйлемде
ту
сөзі жіңішке
болғандықтан,
түу
деп айту керек. Сол сияқты:
Шу, жану-
ар, шу
деді дегенде
шу
сөзін жіңішке
шүу
деп айту керек те,
Көшеде айғай-шу естілді
дегенде
шу
сөзінің жуан екенін,
сондықтан
шұу
деп жуан
айту керек екенін контекстен, яғни
сөйлемнің мазмұнына қарап ажырату керек.
Тәжірибеде
у
дыбысын жуан не жіңішке айтуда қиындық
байқалмайды, сондықтан орфоэпиялық қателіктер де бұл
ретте онша сезілмейді, дегенмен
ту
және
түу, шу
және
шүу,
274
гүугууледі
(жазылуы:
гу-гуледі)
және
гудок, су
және
сүурет
(жа-
зылуы:
сурет
) сияқты бес-он сөздің жуан-жіңішке айтылуынан
жаңылыспаған абзал.
Осы айтылғандарға сәйкес
Абайдың мына жолдарын дұрыс
оқып көріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: