-
қор, -паз, -гер, -и
қосымшаларын) қолданыстан алас-
тату әрекеттері болған жоқ, керісінше, арабизм, парсизмдерді
жазба әдеби тілде, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде де кеңінен
қолдану, тіпті жазба үлгілерде төл тұлғасын сақтап жазу
тәжірибесі XX ғасырдың орта тұсына, 40-жылдарға дейін орын
алып келді.
42
Орыс тілінің және орыс тілі арқылы Еуропа тілдері сөздерінің
қазақ тіліне молынан еніп, кеңінен қолданылуы ұлы Отан
соғысы жылдарында (1941-1945) басталып, соғыстан кейінгі
«коммунизмге тура тартқан» жылдарда мүлде кең етек жай-
ды. Таза пуристік ағым болмағанмен, жаңа ұғымдар мен жаңа
зат-бұйымдарды атауда ана тіліміздің өз қазынасын барынша
пайдаланудың нақты әрекеттері (мысалы, І.Жарылғаповтың
қазақша ұсынған
аялдама, балмұздақ, көкайдын
сияқты сөздері)
1960 жылдардан басталды. 1990 жылдардан бастап қазақ
тілін «орысшылдықтан құтқару» ағымы тікелей саяси бағыт
болмағанмен, күрес мазмұнына айналды, әлеуметтік пікір туа
бастады. Мұны да, сірә, пуризм ағымы деуге болмас, өйткені
қазақ тілін өзге тілдік элементтерден (сөздерден, тұлғалардан,
тіпті грамматикалық бірен-саран тәсілдерден) тазарту науқаны
жүрген болса, лексикалық қазынамыздағы жүздеген араб, пар-
сы сөздерін, мыңдаған орыс және шет тілдік сөздерді бүгінде
қолданып отырмас едік.
Сірә, бұл күндерде пуризмнің бел ала алмай отырғаны
– тілдің тарихи-өзгермелі құбылыс екенін мойындайтындай
білім дәрежеміздің өскендігі болар, тілдің де заман ағымына,
оның өзінде дүниежүзінде ғылыми-техникалық жаңалықтар
қауырт пайда болып, дамып отырған осы күндердің ахуалы-
на ілесуі қажет екенін және бүгінгі сауатты, білімді адамдарға
қызмет етіп отырған қазақ тілінің бұл ұлы майданнан шеттеп
қалмауы керек екендігін сезіп, түсініп отырғанымыз болар.
Тіпті бүгінгі біздер түгіл, кешегі, 20-жылдарда қазақ тілі-
не қызмет етіп өткен Халел Досмұхамедов сияқты ғалым-
практиктер жат сөзсіз болмайтын заман туғандығын айтып:
«Мәдениет қуған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, білімге
кірген жаңа сөздердің көбі шеттен кірген біліммен, әдетпен,
заңмен жаңалықтарға ұғым беретін жаңа сөздер кірмекші,
[олар] үлгіге алынған мәдениетті жұрттың сөздері болмақшы»
– деп жазып, дұрыс көрсеткен болатын.
Пуризм – табиғатында жаман ағым емес, миллиондардың
«мүлкі» – тілдің сындарлығын, тазалығын сақтау ниетін
көздейтін күрес амалы. Бұл күрес әсіресе қатар қолданысқа
түскен тілдердің теңсіздігі байқалғанда, бірінің бел алып бара
43
жатқан тұстарында жеңіліп келе жатқан тіл үшін пайдалы
қарекет екенін білеміз. Толыққанды үлкен пуризм болмағанмен,
оның бірқатар белгілерінің бұл күнде орын алуын да жөнсіз
деуге болмайды, тек ана тіліміздің тазалығын, сындарлығын,
тұтастығын, көркемдігін қай сәтте, қай тұсында қалайша сақтау
керектігін айырып тануымыз керек. Пуризм әрекеті ұран,
құрғақ сөз түрінде емес, нақты жұмыстар түрінде жүргізілуін
қалаймыз. Әрі қарай жеке тақырыптарды сөз ету үстінде пу-
ристік пікірлердің түрлері мен оның жүзеге асырылу- асырыл-
мау мүмкіндіктері сөз болып отырады.
Тіл мәдениеті проблемаларына оның алдында тұрған бүгінгі
таңдағы міндеттері немесе жүргізілуге тиіс іс-шаралар да жа-
тады. Ең басты міндет – қазақ тілі мәдениетін көтеру, жетілді-
ру, насихаттау. Ол үшін ана тіліміздің сөздік қазынасын жақсы,
дұрыс пайдалану қажет. Бұл жерде әңгіме екі-үш тұрғыдан
айтылуға тиіс: бірі – ғасырлар бойы жасалып, сақталып кел-
ген лексикалық қорды жұтатпай сақтау, толықтыру, ол үшін
көне, сирек, жергілікті сөздерді жинап, бүгінгі қолданысқа жа-
рамды деп табылғандарын әдеби нормаға қосу. Әсіресе қазақ
халқының ұлттық салт-дәстүріне, шаруашылық түрлеріне,
табиғаттануына, дүниетанымына, психологиясы мен халықтық
философиясына қатысты сөздер мен тіркестерді, фразеоло-
гизмдер мен мақал-мәтелдерді жинап, ұмыт болғандарын хатқа
түсіріп, мағыналарын түсіндіріп отыру.
Бұл ретте жүзеге асырылып келген жұмыстар жоқ емес.
«Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері 90-жылдардың ішінде
«Төрт құбыламызды түгендейік», «Көзінің қарашығындай» де-
ген сияқты айдарлармен жоғарыда аталған салаларға жататын
сөздерді, сөз тіркестерін тіркеп, олардың мағынасын түсіндіріп,
қолданылатын тұстарын көрсетіп беру үрдісін қолға алды.
Бұл ретте Ә.Нұрмағамбетов, Ж.Бабалықұлы, Жәрдем Кейкин,
Дәркембай Шоқпаров сияқты тілсүйер азаматтардың еңбегін
атай отырып, осы үрдісті әрі қарай жалғастыра түссек. Бұл іске
әсіресе Монғолиядан, Қытайдан көшіп келген қаламгерлер:
ақын, жазушы, мұғалім, журналист және тағы басқалары ат
салысса, құба-құп болар еді, өйткені әр алуан себептермен біз-
де, Қазақстанда, ұмыт болған немесе мүлде болмаған сөздер
44
мен фразеологизмдер бұлардың қолданысында кездесетіндігін
байқаймыз, бірақ кейде олардың мағынасын тап басып айта
алмаймыз. Қазақ халқы – дүниежүзінің көптеген елдерінде ша-
шылып жүрсе де, тілі, діні, ұлттық рухы бір халық, сондықтан
тіл қазынасын жинауда, толықтыруда әр қиырдағы қазақтардың
сөз мәдениеті, тіл тәжірибесі орасан зор табыс болмақ.
Сөз мәдениетін реттеуге қатысты міндеттеріміздің бірі –
соңғы онжылдықтарда қазақ тілінде орасан мол түрде жұмсалып
келген орыс тілінен енген сөздерді сұрыптау. Әңгіме бұл жерде
орыс тілінің өз сөздері және интернационалдық деп аталатын
ғылыми және саяси-мәдени терминдер болып келетін сөздер
деп бөліп қарастырып, көбінесе күнделікті тұрмысқа қатысты
орысша жай атаулардың қазақша баламасын табу туралы болуға
тиіс. Ал ғылыми, саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық тер-
миндерге келгенде, оларды жаппай қазақшалаудың мүмкіндігі
жоқ екені сөз мәдениеті проблемасының бір ұшы болып сана-
лады.
Бүгінгі қазақ тілі мәдениетінің өзекті де әлеуметтік-ғылыми
мәні зор мәселесі – терминология жайы. Бұл тұста әңгіме – кір-
ме терминдер, жасанды терминдер, сүйегі шет тілдік, бірақ
«қазақыландырылған» терминдер туралы болмақ. Бұлардың да
шешімі, сайып келгенде, норма проблемасына келіп тіреледі.
90-жылдардан бермен қарай терминология мәселелері баспасөз
беттерінде жиі сөз болып, арнайы шақырылған конференция-
мәслихаттардың күн тәртібіне қойылып, кеңінен талқылана
бастауы сөз нормасының бұл тармағына әлеумет назарына
мықтап іліккенін білдіреді, бұл жөнінде әлеуметтік пікірлердің
пайда болғаны – құптарлық құбылыс, әрі қарай осы пікірсай-
ыстарды сұрыптап, дұрыстарын пайдаланып, терминдерге
қатысты сөз нормаларын реттеу – тіл мәдениеті шаруасының
бір тарамы.
Тіл мәдениеті тек сөз таңдау, сөз жасау, сөйлем құрастыруда
ғана емес, сөйлеу актісінде сөздерді дұрыс айту нормала-
рын сақтауға келгенде де айрықша мәнге ие болады, яғни
орфоэпиялық заңдылықтарды көрсету, олардың сақталу және
бұзылу сәттерінің себептерін анықтау, ережелерін ұсыну
сияқты ғылыми-практикалық іс-әрекеттер де – тіл мәдениеті
45
міндеттерінің бірі және өзге салаларға қарағанда, істелер
жұмысы көбірек, оларды жүзеге асыру – қиынырақ жүк. Бұл
орайда іс тек орфоэпиялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан
зерделеп, ережелерін түзіп берумен шектелмейді, ол ережелер
көрсеткен нормаларды қалың көпшілікке үйрету, насихаттау
жұмыстары да алдымызға тартылады.
Емле, яғни сауатты жазу мәселесі – қай кезеңде де тіл-
ді жазба түрде пайдалану барысында дүниеге келетін талап,
орфографиялық нормалар да – бүгінгі таңда қайта қарастырар
сәттері бар және ол сәттер лексикалық, грамматикалық нор-
малармен ұштасып жататын іс-қарекеттер. Латын жазуы-
на көшу проблемасымен де астарласа қаралатын емле про-
блемасы – бүгінгі таңдағы ғылыми, әсіресе практикалық
жұмыстарымыздың маңыздыларының бірі.
Тіл мәдениетінің және бір проблемасы – шаршы топ ал-
дында ауызша еркін, дұрыс, шешен сөйлеудің шарттарын,
тәсілдерін айқындау, үлгілерін көрсету, белгілерін танытатын
ереже іспеттес құралдар ұсыну.
Міне, «тіл мәдениеті» деп аталатын ғылыми-практикалық
үлкен жұмыстың проблемалары және сол проблемалар
туғызатын міндеттері – қысқаша осындай. Әрі қарай бұл
мәселелер жеке-жеке тақырып етіп, кеңірек баяндалады.
Міне, тіл мәдениеті туралы жалпы түсінік, оның нысанда-
ры (объектілері) мен проблемалары, тәжірибе мен ғылымдағы
анықтамасы (мазмұны), ғылыми-теориялық негіздері туралы
қысқаша мәлімет – осындай.
Әрі қарай тіл мәдениетінің қолданбалық та, ғылыми да объ-
ектісі – норма болғандықтан, сол нормаларды «лексикалық»,
«грамматикалық», «орфографиялық», «орфоэпиялық» деп
тарамдап, әрқайсысының мән-мағынасын, қазіргі жай-күйін,
алдағы бағыт-бағдарын сипаттаймыз. Норма және оны коди-
фикациялау ісінде өзекті мәселе – варианттылық құбылысы
болғандықтан, бұл тақырып та өз алдына бөлек әңгімеленеді,
лексикалық нормалануда бүгінгі терминология жайы айрықша
орын алатындықтан, ол да арнайы сөз болады.
|