Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет20/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   159
Байланысты:
file-6694

күнә – күнәлі, күнәсіз, куә – куәлік, Күләш 
– Күләштің.
Ал кейбір қосымшалар, мысалы, барыс жал-
ғауы немесе етістік тудыратын 
-ла/-ле, -да/ -де, -та/-те
 
жұрнағы жуан түрде жалғануға бейім: 
күнәлау, Күләшқа, 
куәландыру. 
Мұндай ауытқуларға емле ережелерінің де тигі-
зетін ықпалы бар, яғни 
күнәға, куәландыру 
деп жазу нормасы 
солай дыбыстауға дағдыландырады және оны орфоэпиялық 
норма ретіндетұрақтандыра түседі. Қазақ тілінің үндестік 
заңдылығын бұзып ұсынылған нормалар әсіресе кірме 
сөздерге, кірме элементтерге (жұрнақтарға) қатысты болып 
3
Костомаров В.Г. 
Культура языка и речи в свете языковой политики //Язык и 
стиль. - М., 1965; 
Пешковский А.М.
Объективная и нормативная точки зрения на язык 
// Избранные труды. - М., 1959.


52
келеді. Мысалы, кірме 
-
паз, -қор, -қой
 
жұрнақтары жіңішке 
сөздерге де осы жуан түрінде жалғанады немесе 
-
гер
 
деген 
жұрнақ жуан сөздерге де жіңішке жалғанады: 
өнерпаз, сәнқой, 
шайқор, саудагер.
Сірә, бұл тәрізді сәйкессіздіктер, яғни қазақ 
тілінің үндестік заңдарына бағынбай қолданылудың уәжінде 
(мотивациясында) тілдің өзіне тән кейбір модельдер жататын 
болуы керек. Айталық, -
мен (-бен, -пен)
көмектес жалғауының 
(оның түп-төркіні шылау екені мәлім), 
-
нікі (-дікі, -тікі)
 
қосымшасының жуан вариантының
-қой
(сәнқой)
сияқты 
бірен-саран жұрнақтардың жіңішке вариантының жоқтығы 
бұлардың да қазақ тілінің фонетикалық нормасына сай келмей-
тінін көрсетеді. Ал бұларды сөзден ажыратылмайтын қосымша 
деп танып, біріктіріп жазу – кодификацияның жемісі.
Тілдің өзіне тән табиғи нормасы мен ереже арқылы ұсы-
нылып кодификацияланған нормалардың айырмасы жазба 
тілдің қолданыс тәжірибесінде едәуір байқалады. Мысалы, сөз 
соңындағы 
қ, к, п
сияқты қатаң дыбыстардың дауысты ды-
быстан тұратын немесе дауыстыдан басталатын қосымшалар 
жалғанғанда ұяңдауы – қазақ тілінің табиғи нормасы, ал қазіргі 
жазба әдеби тілімізде: 
цех – цехы, шах – шахы, принцип – при-
нципі, сап – сапында, тарих – тарихы, тип – типі, грипп – гри-
пі
(жұқты) болып айтылуы және солай жазылуы осы норма-
ны бұзып тұр. Сірә, бұл ауытқулыққа бірнеше фактор себеп 
болса керек: біріншіден, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет