58
болғандығын,
яғни бір әкесі емес, оған қоса бірнеше (көп)
адамның келгенін түсінеміз, демек, бұл жердегі
-лар
– тілдік
модельге сәйкеспейтін қолданыс: «нормаға қайшы келетін нор-
ма», соған қарамастан хатқа тіркелген – кодификацияланған
қолданыс. Екінші мысал: сан есіммен келетін тіркестерде
келесі компоненттің көптік жалғауын қабылдамауы – тілдің
ежелден қалыптасқан жүйелік нормасы: қорада
он бес сиыр
бар
(он бес сиырлар
емес). Осыған қарамастан қазіргі баспасөз
беттерінде, тіпті көркем шығармаларда, әсіресе радио мен те-
ледидарда
екі жүз оқушылар, он бес жоғары оқу орындары
сияқты қолданыстарды кездестіреміз.
Тілдік нормаға сай келмейтін грамматикалық, орфоэпия-
лық, сөзжасамдық құбылыстардың орын алу себептері де әр-
түрлі болып келеді. Олардың басым көпшілігі өзге тілдің әсері-
нен пайда болатынын байқаймыз. Айталық, көптік жалғауының
жалғанбайтын жерде келтірілуі –
орыс тілінің, әсіресе орыс
тілінен аударылған үлгілердің әсері деуге болады. Ал
оқырман,
көрермен, сатарман, аларман, оралман
деген жаңа сөздердің
жасалуына «қамшы болған» қазақ тіліне күні кеше ғана – XIX
ғасырдың II жартысында жүйені бұзып пайда болған
атарман,
шабарман
сияқты бірді-екілі қолданыс сияқты. Дегенмен бұл
екі сөздің жағымсыз мәндік семасы (реңкі) кейінгі
оқырман,
көрермендерде
сақталмайды. Демек, бұзылған жүйе әрі қарай
бұзыла түскен. Мұндай негізі осал, яғни тілдік құрылымына
сәйкеспейтін
нормалар кодификацияланбай, бірақ жарыса
қолданылып жүре берулері әбден ықтимал. Тілдің табиғатынан
шығып кететін нормалар тілдік бүкіл жүйені қамтымайды, жеке
тұстарының ғана «шырқын бұзады». Сондықтан норманың
басты белгісі – тілдің құрылымдық табиғи заңдылықтарына
сәйкес келіп отыруы деген қағида әрдайым күшін сақтайды.
Норманың екінші шарты (межесі) – тілдің қатынас құралы
ретінде қалың жұртшылықтың әрдайым қолданысында
болатындығы, яғни әлеумет дұрыс деп тауып, көпшілік болып
әрдайым
қолданып отыратын сөздер, грамматикалық тұлға-
тәсілдер, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау үлгілері норма
болып табылады. Бұл жерде нормалылық құбылысы тілдің
өмір сүру кезеңіне байланысты қаралады. Мысалы, қазіргі
59
әдеби тіліміздің нормалары – осы кезеңде (айталық, соңғы
60-70 жыл ішінде) қолданылатындары. Айталық, бұл күнде
көпшілік жалпы «әйел», одан соң «біреудің жұбайы, жары» де-
ген мағынаны білдіру үшін адамды жынысқа бөлгендегі атауы
(«ұрғашы») ретінде
әйел
сөзін қолданады, бұл – осы күнгі әдеби
норма, оның «қатын» деген синонимі –
белгілі бір стильдік
реңкпен (тұрпайылық, қарапайымдылық т.б.) ғана жұмсалатын
«әдеби емес» сөз. Ал
Достарыңызбен бөлісу: