Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет24/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   159
Байланысты:
file-6694

қатын
сөзі күні кешеге дейін, Абайдың 
өзінде әдеби норма болған, яғни бұдан 60-70 жыл бұрын қазақ 
жұртшылығы 
қатын
сөзінен тұрпайылық көрмеген. Бұл сөздің 
тіпті ертеректе «ханның, императордың, ұлы әміршілердің 
некелі жары» деген титулдық мағынасы болғанын білеміз. 
Шыңғыс ханның төрт әйелі ғана «хатун» лауазымына ие 
болған, қалғандары 
кіші, құма
сияқты атаулармен аталған, 
кіші
сөзі бабаларымыздың тілінде көне замандардан сақталған, ол 
«біреудің жұбайы, қосағы, жары» (орысша «жена») дегенді біл-
дірген. «Абай» эпопеясында Бердіқожа (М.Әуезовтің ұлы ата-
сы) Құнанбайға қызын «кішілікке бермеймін» дейді ғой, мұны 
бүгінгі оқырман «кіші» сөзінің мағынасынан шығарып, кіші 
әйелі ретінде, яғни тоқалдыққа бермеймін дегені деп ұғады, ал, 
дұрысында, 
кішілікке
сөзін «әйелдікке» дегеннің баламасы деп 
түсіну керек, тіпті бәйбішені де бабаларымыз 
кіші
деп атаған. 
Ол дәуірлердегі тілімізде 
кіші, қатын
сөздері норма болған бол-
са, бұл күнде бірі көнеріп, мағынасы күңгірттеніп қолданыстан 
кеткен, екіншісі тұрпайы стиль элементіне ауысқан. Қазіргі 
қазақ әдеби тілінде «біреудің әйелі, қосағы, жұбайы» мағынасы 
үшін де, жалпы «ұрғашы әйел заты» ұғымы үшін де жаппай, 
кең қолданыстағы сөз – «әйел», демек, бұл – әдеби норма.
«Жаппай қолданыс» (употребляемость) дегенді жиі, актив 
қолданыс дегенмен шатастырмаған жөн. Сирек қолданылатын 
сөздер де әдеби нормадағы элементтер болуы мүмкін. Айталық, 
көнерген сөздер, кейбір экспрессивті поэтизмдер, тар аумақтық 
кәсіби сөздер сияқтылар сирек жұмсалады, олардың өзге эк-
виваленттері болмайды, сондықтан реті келіп жұмсала қалса, 
барлық жұрттың аузына түсетін, яғни жаппай қолданатын тіл-
дік элементтер болып саналады. Мысалы, көптеген көне сөздер 
мақал- мәтелдердің, фразеологизмдердің құрамында сақталған, 


60
оларды бүгінгі қалың көпшілік түгел түсіне де бермеуі мүмкін, 
бірақ сол сақталған күйінде барлық жерде қолдана береді. 
Айталық, «әр ханның тұсында бір 
сұрқылтай», ереуіл
атқа ер 
салмай, 
өндірдей
жас жігіт, 
қатуланып, қаттанып
дегендерде-
гі көрсетілген сөздерді мағыналарын анық білсін-білмесін, 
барша жұрт айта береді, бірақ оларды өте сирек (мысалы, Те-
зек төре Сүйінбайға «болсайшы сен де менің 
сұрқылтайым»
дейді) жұмсайды, олардың тіркесімдік қабілеті де шектеулі бо-
лады, осыларға қарамастан, олар да – әдеби нормадағы сөздер 
болып саналады.
Нормалылықтың «көпшілік қолданатын» деген өлшемі 
«әдеби» және «әдеби емес» деген қатарларды анықтауда басты 
шарт болады. «Әдеби емес» параллельдердің түрлері әр алуан. 
Айталық, күні бүгінге дейін бірқатар сөздердің жуан не жіңішке 
айтылатын қатарларының қайсысы әдеби норма екендігін бел-
гілеу қиындық туғызып келеді: 
кәзір – қазыр, әулі – аула, заңғар 
– зеңгір, пара – пәре, кәйтіп – қайтіп.
Мұндайда кодифика-
ция арқылы, яғни мына варианты әдеби деп танылсын деген-
ді сөздіктерде, әсіресе орфографиялық сөздікте, оқулықтарда 
әдейі көрсетіп, қолдан нормалауға тура келеді, бұған әдемі бір 
мысал келтіруге болады: бұл күнде 
және
сөзінің осы тұлғада 
қалыптасып кеткендігі даусыз, тіпті соңғы ұрпақтар мұның 
өзге варианты болғанын білмейді де, ал үстіміздегі ғасырдың 
40-жылдарына дейін арабша, латынша хат танып, жазып-сы-
зып келгендер бұл шылаудың алғашқыда 
жана 
тұлғасын, 
бертін келе, 20-30-жылдардың ішінде, оған қосамжарлатып 
және
вариантын қолданғанын білеміз, оған сол кезеңдердің 
уәкілі – өзіміз куәміз. Осы қатардан 
даража – дәреже, уағда 
– уәде, қазыр – кәзір, ары
(тұр) – 
әрі
тұр, 
әріп – қарып, аупы-
рым – 
әупірім, бары – бәрі, ғазиз – әзіз, ғылым – ілім, доңғалақ 
– дөңгелек, ажыраю – ежірею, қисап – есеп, жадау – жүдеу, 
жай – жәй, жаудырау – жәудіреу, жаутаңдау – жәутеңдеу, залым 
– зәлім, заңғар
 зеңгір, қаны – кәні (қане – кәне), қария – кәрия, 
қоңырсу – көңірсу, шайы
(көйлек) – 
шәйі
(орамал), 
азар
дегенде 
– 
әзер
дегенде, 
ауаны – әуені
сияқты параллельдерді көре ала-
мыз. Бұлардың бір парасы ережемен реттеліп, бір ғана тұлғада 
кодификацияланды: 
және, дәреже, әріп, әзер
(дегенде), 
аула 


61
дегендердің 
жана, даража, қарып, азар, әулі
варианттары 
әдеби қолданыстан ығыстырылды, бірқатарының, әсіресе араб, 
парсы кірме сөздерінің екі (кейде тіпті үш) түрлі фонетикалық 
тұлғада қолданылғандарының екі варианты да «кәдеге асырыл-
ды»: әрқайсысына жеке мағына телініп, яғни әрбірі қосымша 
семаларға (қосымша, үстеме мағыналық реңктерге) ие болып, 
әдеби норма ретінде тіл «айналымына» түсті. Мысалы, 
ғылым – 
орысша «наука», 
ілім
– «учение», 
доңғалақ
– көбінесе арбаның, 
мәшиненің доңғалағы (бірақ бұл мағынада 
дөңгелек 
варианты 
да қолданылуы мүмкін), ал 
дөңгелек
– пішін атауы: 
дөңгелек 
сызық, дөңгелек таңба;
бірқатары қосарынан жұмсалып, қос 
сөз статусын алды 
(есеп – қисап, жүдеп – жадау),
ал көпшілігі 
әлі күнге дейін жарыса қолданылып, екеуі де әдеби тілде вари-
анттар 
(балуан – палуан, пәле – бәле, шайтан – сайтан)
қатарын 
түзіп келеді, бұлар да, сөз жоқ, түптің түбінде не бөлек-бөлек 
мағыналық реңктер алып, екі сөз болып қалыптасады, не тір-
кесімдік қабілетін (ретін, үйлесімін) түрлендіреді: айталық, 
«Түсіндірме сөздікте» 
жаудырау 
вариантының «көзі мөлдіреу, 
бейкүнә көзбен қарау» деген мағынасымен қатар «жарқырау» 
(жаудырап
ағып жатқан бұлақ су), «жалтақтау, қия алмау» 
(ыстық мекені 
жаудырап
артта қалды) мағыналары болса, 
жәудіреу
параллелі көбінесе 
жәудіреген көз, жәудіреп қарау
деген тіркестерде қолданылады (бірақ «Түсіндірме сөздік» бұл 
қатардың жіңішке вариантын әдеби норма емес, сөйлеу тілінің 
элементі деп көрсеткен, біздіңше, екеуі де – әдеби нормадағы 
сөз, тек қолданылу орындары, тіркесімдік сипаттары бөлек бо-
лып келетін сияқты). Фонетикалық дублеттер (әлде вариант-
тар) қатарын тек жуан-жіңішке параллельдер ғана емес, өзге 
де, ұяң-қатаң немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет