Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


өйткені  басым ауырып тұр  немесе  дәрі ішіп алдым,  себебі



Pdf көрінісі
бет19/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159
Байланысты:
file-6694

өйткені 
басым ауырып тұр 
немесе 
дәрі ішіп алдым, 
себебі 
басым ауы-
рып тұрғаны
деп құрылуы тиіс.
Сол сияқты сөз варианттарының еркіндеу қолданылуы 
ауызекі сөйлеу тілінде де, шаршы топ алдындағы сөзде де 
жазба әдебиет тіліне қарағанда жиірек орын алады. Бұл жер-
де лексикалық норманың «босандығының» ғана емес, стиль-
дік талаптың да рөлі болады. Айталық, ауызекі сөйлеу тілін-
де дөрекі, қарапайым, жергілікті сөздер және бөгде тілдік сөз 
қатары әлдеқайда еркін жұмсалса, жазба тілдің шаршы топ 
алдындағы қолданысында немесе публицистикалық үлгілерде 
(газет-журнал беттерінде) бұлардың орын алуы мейлінше шек-
теулі, жоққа тән болуы керек, бірақ мұның барлығы да өз орын-
дарында, өз салаларында норма болып табылады.
Жалпы әдеби тіл мен сол тілдің көркем әдебиетінің норма-
лары да бір емес, соңғыда әдеби нормадан «ауытқу» сияқты 
болып көрінетін сәттер аз кездеспейді, бірақ бұл «ауытқулар» 
көркем әдебиет тілі үшін норма болып саналады. Мысалы, 
шылау-жалғау болып қызмет ететін 
мен (пен, бен)
тұлғасының 
менен (пенен, бенен) 
варианты, есімшенің 
-
тын (-тін)
де-
ген көрсеткішінің 
-
тұғын
 
болып қолданылуы, 
едім, келіп, 
айтқанмын
сияқты етістіктердің 
ем, кеп, айтқам
болып кез-
десуі – публицистикалық, ғылыми және кеңсе-іс қағаздары 
стильдері үшін норма емес болса (оны М.Балақаевтың жал-
пы әдеби тіл үшін бейнормалық санауы – жансақтық), көркем 
әдебиет, әсіресе поэзия тілі үшін – норма. Егер бұлар – әдеби 


48
тіл үшін бейнормалылық, ауытқушылық болса, ұлы Абайдың 
өлендері мен қара сөздері әдеби тіл үлгісіне жатпаған болар 
еді, өйткені көрсетілген тұлғалардың барлығы ақынның поэ-
зиясы мен прозасының тілінде «тұнып тұр», оларды Мұхтар 
Әуезовтің «Абай» эпопеясы сияқты көркем туындылары мен 
көркем публицистикасы тілінен де молынан кездестіреміз. Де-
мек, әдеби тілдік нормаларды тілдің функционалдық стиль-
деріне қарай ажырату қажет: бірінде қатаң болып келетін нор-
ма екіншілерінде босандайды (ауытқу сияқты болып көрінеді). 
Бірақ қай-қайсысы да – өз саласында норма, яғни уәжді, орын-
ды қолданыстар болып танылады.
Сөйтіп, жүйелілік, реттілік болып танылатын норма – тілдің 
барлық көрінісінде, яғни қолданысының барлық түрінде орын 
алатын тілдік, әлеуметтік категория.
Тілдік норма дегеніміз – көпшіліктің қатынас құралы ретін-
дегі тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі 
құралдары, амал-тәсілдері, тәртіптері; норма – тіл-тілдің қай-
қайсысының да даму (қызмет ету) кезеңдерінің баршасына тән 
құбылыс.
Норма деп тану үшін «әлеуметтік бағалау», яғни сол тіл-
де сөйлейтін қалың жұртшылықтың «дұрыс не дұрыс емес, 
жағымды, әсем не жағымсыз, орынды не орынсыз» деген таны-
мы, бағасы болуы керек. Нормалылық танымына тұрақтылық 
(стабильность), дәстүрлілік,көпшілікке біршама ортақтық бел-
гілер де кіреді. Бұлар – тілдегі нормалылықтың әлеуметтік ка-
тегория ретіндегі белгісі.
Тілдік норма құбылысын зерттеушілердің айтуына қара-
ғанда, норма мәселесіне тек сөздердің, грамматикалық амал-
тәсілдердің, тілдік құрылымдардың жүйелі түрде, біршама 
орныққан, көпшілік дұрыс, әсем деп тапқан қолданыстары 
ғана емес, осындай қолданыстардың таңдалып алынуы мен 
қолданыс барысының тенденциясы, яғни бағыт - бағдары, өмір 
шеңдігі, уәжділігі, әлеуеті (потенциалдығы) деген мәселелер 
де кіреді. Сондықтан «қазақ тілі мәдениеті», оның «тілдік 
нормалары» деген проблемаларын сөз еткенде, бұл салаға 
қатысты зерттеулер жүргізіп, мақалалар мен диссертациялар 
жазғанда, кітаптар мен құралдар ұсынғанда, бұларға байла-


49
нысты мәселелердің тек бүгінгі күй-жайы, бары-жоғы туралы 
ғана емес, әрі қарайғы барысы мен бағыты да сөз болуы ке-
рек. Тілдік нормалардың өзін ғана көрсетіп қою, яғни бүгінгі 
лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларды атап, әр алу-
ан ережелер жинағы мен сөздіктер түзу – жеткіліксіз. Бұлардың 
әрі қарайғы қолданылу, қырналу, өзгеріс-жаңалықтарға ие болу 
бағыты (тенденциясы) қандай деген пікірлер мен ұсыныстар 
болуы қажет. Әсіресе жазудың жаңа түріне – латын графика-
сына көшуге дайындық барысында да, көшу процесінде де, 
ол жазуды өмірде, тәжірибеде орнықтыру жұмыстарында да 
тілдік норма мәселелері айрықша мәнге ие болары сөзсіз, бұл 
орайда орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды бірден 
дұрыс көрсетудің, оны қолданыста берік орнықтырудың тек 
тілдік емес, әлеуметтік маңызы өте зор болмақ.
Қазақ емлесі мен сөзді дұрыс дыбыстауға қатысты күні 
бүгінге дейін орын алып келген қиындықтардың түптөркіні 
1929 жылы араб жазуынан латынға, 1940 жылы латыннан 
кириллицаға көшкен кезде әрі қауырттықтан (екі сәттің де са-
ясат тоқпағынан «от ала келгендей» тездікпен орындалғанын 
білеміз), әрі сол кезде тіл, жазу, сөзді дұрыс айту мәдениеті 
дегендердің ғылыми танымдары қалыптаса қоймағандығынан 
туған жайттарда жатқанын айту керек. Тіпті бұл күндердің 
өзінде тіл мәдениетінің, оның өзекті проблемасы – норма 
дегеннің теориялық негіздері түгел қаланып, практикалық 
шешімдері түгел жүзеге асып болған дей алмаймыз.
Норманы сөз еткенде, әрдайым оның жалпы ұғымын, 
мән-мағынасын әңгімелеп қана қоймай, оны ажыратып (диф-
ференциялап) қарастыру керек: әуелі ауызша тіл мен жазба 
тілдің нормалары, сондай-ақ функционалдық стильдердің 
әрқайсысының нормалары дегендерді бөліп-бөліп алу қажет. 
Әрине, бұл нормаларды бір-бірімен астаспайтын, бірімен- 
бірі байланыспайтын оқшау-оқшау автономиялар деуден гөрі, 
түптамыры ортақ «үлкен үйден» өрген отаулар деп таныған 
жөн, өйткені әдеби норманың өзегі (ядро) – стильдік жағынан 
бейтарап, «көпшілік қолды» тіл элементтері болады. Барлығы 
жиылып келіп бүгінгі ұлттық әдеби тілдің, оның ауызша және 
жазбаша түрлерінің қолданылу жүйесін, тәртібін білдіреді. 


50
Сондықтан, зерттеушілердің танымына қарағанда, тілдегі 
нормалылық үш тағанға орналасады: бірі – қандай да бір нор-
ма, негізінен, сол тілдің табиғатына, құрылымына сәйкес бо-
луы, екіншісі – қатынас құралы ретінде көпшілікке ортақтығы, 
қайталанып келіп отыратындығы, үшінші таған – белгілі 
бір кезеңдегі әлеуметтік талғамның сол қолданысты дұрыс 
деп тануы. Соңғы таған ол нормаларды мақұл деп тануға, 
кодификациялауға алып келеді. Тілдің өзінде болатын табиғи 
норма мен кодификация – тепе-тең құбылыстар емес, коди-
фикация дегеніміз – сөздерді орнымен қолдануды, сөзжасам 
тәртіптерін, сөз өзгерту жүйесін, сөздері тіркестіру мен сөйлем 
құрастырудың ережелерін заңдастырып, қалыптастырып хатқа 
түсіру, басқаша айтқанда, қабылданған тілдік нормалардың 
оқулықтарда, сөздіктерде, анықтағыштарда әр алуан ереже-
лер түрінде ұсынылуы. Бірақ кодификация дегеннің өзі де – 
қатып қалған зат емес: азды-көпті орын алып жататын өзгеріс-
жаңалықтарға байланысты және экстралингвистикалық фак-
торларға орай уақыт озған сайын кодификацияның да ішінара 
қырналып, өңделіп, толықтырылып отырылуы – заңды.
Тілдік нормалардың анықтала, тұрақтана түсуі және олардың 
әлеумет тарапынан мақұлдануы, осылардың нәтижесінде 
қалыптастырылып хатқа түсуінің – кодификациялануының 
бүгінгі қазақ тілі үшін мәні өте-мөте зор. Мемлекеттік мәрте-
беге ие болып, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түскен бүгінгі 
тіліміздің лексика-фразеологиялық қазынасы молығуда; сөз 
жасаудың грамматикалық, семантикалық мүмкіндіктері күше-
юде; функционалдық стильдердің белгілері анықтала түсуде; 
тілдің ауызша жұмсалу процесінде орфоэпиялық заңдылық-
тары айқындалуда; жазу мәдениетіне, яғни ғылыми негізде 
түзілген орфографиялық нормаларды жүйелі сақтау талабы алға 
тартылуда – міне, осылардың баршасы тіліміздің лексикалық, 
грамматикалық, стильдік, орфографиялық, орфоэпиялық нор-
маларының мақұлданған, зандастырылып хатқа түскен коди-
фикациясын жақсы көрсетіп, дұрыс танытуды қажет етеді.
Жалпы тілдің өзінде қалыптасқан нормалар мен кодифи-
кацияланған, оның ішінде ереже бойынша ұсынылған нор-
малардың арасында айырма болады. Тілдің өз нормасы – 
әлдеқайда тұрақты, көбіне-көп ұзақ сақталатын құбылыс, ал 


51
кодификацияланған норманы бұзып қолдану тәжірибеде аз 
кездеспейді.
Тілдік нормаларды тіркеп, реттеп жүйеге келтіріп отыру 
және оларды кодификациялау – жазба әдеби тілдің шаруасы 
(бұл қағиданы орыс тіл білімпаздары баса айтады
3
). Бұған қазақ 
тілінің 1940 жылы кириллицаға көшкен кезінен бермен қарай 
алғашқы орфографиялық нормаларының екі рет: 1957 және 
1983 жылдары елеулі түзетулермен жаңғырғаны дәлел бола 
алады, соған сәйкес түзіліп, жарық көрген емле сөздіктерінің 
(оларды «Орфографиялық сөздік» деп ғылыми түрде атап ке-
леміз): 1941, 1948, 1963, 1968, 1972, 1978, 1988 жылдары жарық 
көрген басылымдарын жай көзбен салыстырып қарағанның 
өзінде, оның ішінде толық түрде ресми басылым ретінде 
алғашқысы 1963, екіншісі 1978, ең соңғысы 1988 жылдар үш 
рет түзетіліп, толықтырылып басылған емле сөздіктеріндегі 
сөзтізбеде (реестрде) берілген сөздердің түрлері, ұяда берілген 
тіркестер, кейбір сөздерге қосымша жалғану үлгілері арасында 
айтарлықтай өзгерістер бар екені де жоғарғы пікірдің айғағы 
болады.
Кодификацияланған нормалардың азды-көпті өзгеріске 
ұшырап отыруы – тәжірибе талабынан туған заңды құбылыс 
болса, тілдің табиғи өзінен туындайтын құрылымдық модель-
дерден ауытқушылық та орын алып жататындығын айтуға бо-
лады. Мысалы, жіңішке сөзге немесе соңғы буыны жіңішке 
дауыстыға аяқталатын сөздерге қазақ тілі қосымшаларының 
да жіңішке түрде жалғануы – табиғи норма, құрылымдық 
модель. Айталық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет