168
Екінші – кейбір мақал-мәтелдерде сақталған дөрекі естілетін
қарапайым сөздерді «әдептілеу, әдемілеу» вариантымен ал-
мастырып қолдану қазір дәстүрге айналып барады. Мысалы,
«иттің
боғы
дәрі болса, дарияға
тышады»
деген мақалда екі
дөрекі сөз бар, халық тілінде бұлар осы мақалда айтылмақ
сентенцияны мейлінше өткір етіп жеткізу үшін келтірілген,
ал осыны жазушы «иттің тезегі
дәрі
болса, дарияға
көмеді»
деп береді (Қ.Ысқақов «Қара орман»). Сол сияқты «аузында
тиек,
артында
орнық болсашы» дегенде де
артында
сөзі өзге
дөрекілеу сөзді ауыстырып тұр; «жылап ішіп, шыңғырып
қыр
астына жүгірген»
дегенде соңғы сөздер
ішіп-ке
ұйқасатын,
дөрекі
тышып
сөзінің «кезекшісі» болып тұр. Мұндай
ауыстырулардың ішінде сәтсіз шығатындары да аз емес. Мы-
салы,
бөрінің көмекейінше шулап
деген қолданыс сәтті емес,
мұнда автор
бөрінің көтінше
дегенді сыпайыламақ болып
«әдепсіз» сөзге дұрыс эквивалент таба алмаған. Сол сияқты
«шілдің балапанынша
(?) тоз- тоз болып шашыраған бірдеңе»
(Қ.Ысқақов) деген сыпайылық та сәтсіз: шілдің балапаны ша-
шырамайды, боғы шашыраса – бір жөн.
Мұндай әр алуан мақсатпен сөз құрамы өзгертілген фразе-
ологизмдер мен мақал-мәтелдерді стильдік не өзге себептерсіз
қолдану – жөнсіз (мотивсіз) ауытқу болмақ. Қазіргі қазақ
прозасында бұл да – көзге түсерлік дәрежеде етек алып бара
жатқан жағымсыз құбылыс. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: