куди-суди ғып...
(шашып болды)» деп сөйлеткенде,
осындағы орыс тілінен алынған
кудисуди (куда-сюда
дегеннен)
тұлғасы ауызекі тілде «малды қалай болса солай бейбереркет
шашу» ұғымын беруде ең бір әсерлі сөз болып танылады. Сол
сияқты Ғ.Мүсіреповке жиен Сейіттің аузына:
«Тырқиюыңа
болайын
!» деген сөздерді салғанда да ауызекі тілдің осы
табиғатын сақтап, экспрессивтілігін көздеген.
Осы ретте
бозымбай
(«Бұл неғып тап осынша
бозымбай
болды екен? – Ә.Кекілбаев),
келгінбай
(«Тетеден қосылған
келгінбайлар» – С.Жүнісов),
оттаубай
(«Оспанның шығарып
жүрген
оттаубайы
» – О.Бөкеев) сияқты адамды мінездей атай-
тын дөрекілеу сөздер мен
помыштау
(«Мұны да мұжықтармен
бірігіп,
помыштап
көтердік, қазақта да ұдықтасу деген болушы
еді ғой» – С.Жүнісов),
тырапай асу
(«баяғыда
тырапай
асар
еді»),
сумақайлану
(«Бір көрген қызға қырындап,
сумақайлана
172
беру – қадетіне жат»),
қотиын
(«Біз оның
қотиын
қылығына
өкпелеген жоқпыз»),
аңқиттау
(«суырша
аңқиттап.
..» – соңғы
сөздердің бәрі де О.Бөкеев шығармаларында),
құйтақандай
(«құйтақандай арманы боушы еді» – Д.Досжанов) сияқты
қарапайым сөздердің кейіпкерлер тілінде де, авторлық баянда-
уларда да орынды, белгілі бір стильдік жүкпен қолданылғанын
көрсетуге болады.
Ал
аңқиттама, ботырама, аталақтама, оттама, не ман-
тырап отырсың
сияқты адамның мінез-қылығына қатысты
халық тіліндегі «уытты» сөздер кейіпкерлер аузына орынды
салынған.
Қазіргі көркем әдебиетте кейбір қарапайым сөздерді актив-
тендіру нышаны байқалады. Мысалы,
толайым
сөзін лек-
сикологтар әдетте қарапайым элемент қатарында санайды.
Бұл тұлға М.Әуезов тілінде де бар, бірақ оны автор көбінесе
кейіпкерлердің диалогтерінде келтіреді: «Байсал:
– Соқпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы
ма? Әйтеуір келді ғой
толайым
» ( «Абай жолы», I). Ал О.Бөкеев
сияқты кейінгі жазушылар бұл сөзді өз тілінде де, кейіпкерлер
диалогтерінде де жиірек жұмсайды: «Дүние
толайымы
аппақ
нұрға бөленді» ( «Өз отыңды өшірме»); Мамырлап басатын
саржағал бәйбіше...
толайым
баланы... («Мұзтау»). Бұл тұлға
арагідік өзге авторларда да қолданыла бастады. Осы заман
саудасында орын алған «оптовая торговля» дегенді
толайым
сауда
немесе
толайым сату
деп бере бастағанын да көреміз.
Пошым
сөзі де –
түр, бейне
сөздерінің қарапайым эквиваленті.
Бұл сөзді де әдеби айналымға түсіру әрекеті жоқ емес. Мыса-
лы, О.Бөкеевте: «Тек
пошымы
ғана сүлделенеді», «Алтайдың
алып
пошымы
көріністене бастады...», «Үңілген
пошымын
танытады» т.б. әдетте ауызекі сөйлеу дағдысына тән болып
саналатын
жыны келді, ит жыны келді, жынына тиді
деген
сөздерді де автор тілінде жиі келтіріп, әдеби нормаға айналды-
ру ниеті бұдан да күштірек сезіледі. Соңғы сөздер осы күнгі
орта және жас буын прозаиктердің бірқатарында жиі кездеседі
деуге болады және олар ешқандай стильдік жүк арқаламайды.
Тегінде, автор тілінде қарапайым элементтер экспрессия
үдесінен шыққанда ғана жұмсалуға тиіс. Мысалы, Т.Ахтанов
173
тырқылдақ катер
деп анықтағыш сөздің қарапайым вариантын
(тырқылдақ)
алғанда, катердің «оңып тұрмағанын» мейлінше
әсерлі етіп көрсететін тек қана осы сөз болғандығына қызыққан.
Ал мұндай мақсат болмаса, қарапайым сөздерді автор баянда-
уында талғаусыз қолдану – әдеби нормадан жөнсіз ауытқу бо-
лады. Сондықтан қазіргі қазақ прозасы тілінде әйтеуір халық
аузында барын желеу етіп, кейбір қарапайым сөздерді көркем
дүние тіліне тықпалау, сол арқылы жарыспалы қатарлар то-
бын мұқтажсыз көбейту – құптарлық әрекет емес. Айталық,
ақырамаш, ілә, мүттәйім, тәмпішке
сөздерін олардың әдеби
сыңарлары бар тұрғанда және оларға ешқандай стильдік жүк
артылмай қолданылғанда, жазушы не ұтпақ?
Сөйтіп, қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі сөзқолданыс
проблемасын жалпы әдеби тіл нормасынан да, көркем
әдебиеттің ұлттық нормалары тұрғысынан да қарастырғанда,
мәселе әдеби стандарт (қалып) және сол қалыптан жөнді-
жөнсіз ауытқушылық деп қойылады да сөз таңдау проблема-
сына барып тіреледі.
Сөз белгілі стильдік үн (бояу) алғанда, өзінің номинативтік
мағынасынан, қалыпты қызметінен ауытқып қолданылуы –
заңды. Сондықтан жалпы әдеби тілдің лексикалық нормасына
сәйкеспейтін қолданыстардың барлығы бейнормалық құбылыс
болып табылмайды. Стильдік мақсатпен келген ауытқулар
көркем әдебиет тілінің нормасына сай келеді. Осы себептен
көркем әдебиеттін лексикасын норма тұрғысынан зерттеу-
де ауытқудың жөнімен-жөнсіз (уәжді-уәжсіз) түрлерін айы-
ра білу – басты шарт. Жөнсіз ауытқу жалпы әдеби тіл талабы
тұрғысынан да, көркем тіл заңдылықтары тұрғысынан да болуы
мүмкін. Әсіресе, көркем тіл нормасына қайшы қолданыстың
баршасы дерлік уәжсіз ауытқу болып шығады.
Жазушы жеке сөздің лексикалық (номинатив) мағынасын
дұрыс түсінбей, орынсыз (өз орнын таппай) қолданса, тұрақты
тіркестердің, мақал-мәтелдердің компоненттерін ешбір стиль-
дік мақсат көздемей өзгертіп жіберсе, әдеби тілдің сыртында
тұратын диалектизм, жаргонизм, қарапайым сөз, жасанды сөз
сияқтыларды ешбір зәруліксіз жұмсаса, бұлар жалпы ұлттық
әдеби тіл нормасынан жөнсіз ауытқу болмақ.
Нормадан тысқары тұратын элементтердің уәжді қолда-
ныстарының ішінде бірер рет, бірер авторда ғана емес кезде-
174
сетіндері де, сол қызметте сол уәжділікпен сан рет қайталанып
жұмсалғандары да болады және соңғылары бір жазушыдан
емес, бірнешеуінен табылады, демек, көне, сирек, жергілікті
болып табылатын бұл сөздерді әдеби тілге әкелу әрекеті бар
деп тану керек, яғни бір жазушыда сәтті, орынды шыққан
көпшілікке әзірге бейтаныстау сөзді не сөздерді өзге жазу-
шылар да қош көріп, қабылдағаны деп білеміз. Мысалы, осы
қатардан қазіргі күнде бірнеше автордың көркем туындыла-
ры тілінен табылатын
құянпұрыс, можан-топай, төрткіл
дүние, құсу
(безу),
лақса
(әбден қартайған, көбінесе мал, ит-
құсқа қарата айтылады: лақса төбет, лақса бие) сияқты сөздер
– көркем әдебиет арқылы бірте-бірте әдеби тілге ене бастаған
бірліктер деуге болады.
Жазушы әдетте образ іздейді, өйткені көркем әдебиет бір
нәрсені, затты, құбылысты баяндамайды, суреттейді. Сурет-
теу үшін оқырманға әсер ететін бейнелі сөздер керек. Ондай
бірліктер, яғни экспрессивтік бояуы бар сөздер диалектизм-
дерден, көне, сирек сөздерден, тіпті тосын жаңа тұлғалардан
табылады. Әсіресе мұндай сөздер сын есім, үстеу, етістіктер
болып келеді. Бұл – тіл-тілдің баршасына ортақ заңдылық.
Қазақтың мықты жазушылары мен ақындары, драматургтері
бұл заңдылықты мүлт жібермейді. Бірақ бұл жерде әңгіме –
бейнелі сөздерді тауып, құр қолдана салуда емес, орнымен,
дұрыс қолдана білуде. Жазушының бейнорматив сөзді дәл сол
жерде (контексте) неге қолданып отырғаны мейлінше заңды,
дәлелді болуға тиіс және әңгіме желісінен, мазмұнынан, алды-
артындағы сөздерден, яғни контекстен сол сөздің түсініктілігі,
қажеттілігі байқалатын болуы керек. Алдыңғы тарауларда
келтіргеніміздей, Мұхтар Әуезовтің
жошын,
О.Бөкеевтің
мантырап отыру,
Д.Досжановтың
кермалдасу,
Т.Әлімқұлов-
тың
сейдін
деп қолданған варианттары – осындай уәжді
қолданыстар. Қысқасы, бүгінгі қазақ көркем сөзінде мұндай
уәжді- уәжсіз қолданыстарды тіл мамандары да, оның ішінде
біз де, жазушы-журналистердің өздері де, әдебиеттанушы
ғалымдар да жақсы байқап, сан рет әңгіме өзегі етіп келеді.
Біздің бұл кітаптағы мақсатымыз – көркем әдебиет стиліндегі
байқалған тілдік және стильдік жетістік-кемістіктерді түстеп,
түгендеп беру емес, әдеби тіліміздің лексикалық нормасының
жазба әдебиеттің осы саласында жай-күйін көрсету.
175
Достарыңызбен бөлісу: |