Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


қ дыбы- сынан бастап, алдыңғы сөзді  н



Pdf көрінісі
бет98/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159
Байланысты:
file-6694

қ
дыбы-
сынан бастап, алдыңғы сөзді 
н
дыбысына аяқтап, 
қалқа
нқ
ұлақ, 
қалқа
нқ
ұлақ
деп жатса, «Жоқ, балам, сен оны құлағы үшін 
мазақтама, ал мазақтайды екенсің, онда 
қалқа
нқ
ұлақ
деме, бұл 
сөзді сен 
қалқа
ңғ
ұлақ
деп айт» деген сияқты түзету жасап жат-
пайтын тәріздіміз.
Әрине, ол үшін қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстары бір-
бірімен қиюласып, үндесіп айтылатын заңдылықтарын алды-
мен ересектердің, ата-аналардың өздері жақсы білулері керек 
(бұл құрал сондықтан осы мақсатты өтеуге арналады).
Осы талаптар балабақша тәрбиешілеріне де қойылады. 
Олардың «Мәнерлеп оқу» сияқты тәрбие сағаттарында көңілді 
тек оқып беруге ғана аудармай, сол оқыған мәтіндегі сөздердің 
дұрыс айтылуына зер қою абзал. Бүлдіршіндерге өлең-тақпақ 
айтқызғанда, олардың тек тілі келмейтін дыбыстарын түзету 
емес, ең алдымен, сөздерді қиюластырмай, бөлек-бөлек айту-
лары сияқты қателіктеріне де көңіл аудару қажет. Бүгінгі қала 
балалары әр нәрсеге үйренуді отбасынан гөрі балабақшалар-
дан бастайды, өйткені ата-аналардың көбі жұмыс істейді


208
олардың кешкі екі-үш сағат баламен бірге болған уақыттары 
күн ұзаққа балабақшада өткізген тәрбие-сабақпен теңесе ал-
майды. Оның үстіне, жоғарыда айттық, әзірге біздің жас ата-
аналарымыздың, оның ішінде әсіресе қала тұрғындарының 
өздері қазақ тілінің сөзді дұрыс айту нормаларын, ғылыми тіл-
мен айтқанда, орфоэпиялық ережелерін жақсы білмейтіндік-
терін ескеру қажет. Сол себептен ана тілімізді үйретуде 
алғашқы үлкен жүк балабақша тәрбиешілеріне түседі.
Бұл орайда балабақша тәрбиесіне ұсынылатын оқу-мето-
дикалық құралдарда қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылық-
тарына арнайы назар аударылса, тіпті бүлдіршіндерге арнал-
ған кейбір өлеңдердің дұрыс айтылу (оқылу) үлгісін қоса 
көрсетіп отырсақ, артық болмас еді. Мысалы, балабақшаларда 
оқуға арналған бір жинақта («Оқып, ойнап, ән шырқайық», 
1983) берілген «Бұл қалай?» деген 8 жолдық өлеңнің мәтіні 
мынау:
Аппақ гүлден
Қызыл алма 
өседі.
Қара бұлттан
От шығады 
деседі.
Аппақ гүлден
Ақ бұлт неге 
өнбейді?
Бұлт ішінде
От қалайша 
сөнбейді?
Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға бы-
лайша оқып беруі керек:
Әппақ гүлден
Қызыл алма 
өсөді.
Қара бұлттан
От шығады деседі.
Әппақ 
гүлдөн
Ақ бұлт неге 
өмбөйді?
Бұлт ішінде
От қалайша 
сөмбөйді?
Осылайша оқығанда ғана өлең құлаққа жағымды, тілге 
(айтуға) жеңіл болып шығады. Мұны бүлдіршіндер жаттап 
алғанда, жазылуынша емес, осылайша оқылуынша жаттауға 
тиіс. Бұл мәтінде еріндік дыбыстардың үндесуіне және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет