қ, к,
п
әріптерімен жазылатын сөздер айтуда ұяңдап
ғ, г, б
болып
естілетіндігі (дыбысталатындығы) жиі кездеседі. Мысалы,
орфографиялық норма бойынша
өнеркәсіп, Қазақстан, келе
қалды, келе-келе, ала көбеден
деп жазылған сөздер
өнөргәсіп,
Қазағыстан, келеғалды, келегеле, алагөбөден
болып айтылуы
– орфоэпиялық норма талабы.
Орфоэпиялық нормаларды сөз еткенде, бүгінде бізді алаң-
дататын жайттар бар. Олар:
1) жазу мен сөзді дыбыстаудың бір-біріне қатысы, әсері;
2) орфоэпияға әлеуметтік көзқарастың қалыптаспай келе
жатқандығы;
3) орфоэпия нормаларын үйрету, сақтау, насихаттау жұмыс-
тарының әлсіздігі;
4) қазақ орфоэпиясы бойынша ғылыми зерттеулердің
енді-енді, яғни кеш басталып келе жатқандығы. Осылардың
әрқайсысының сыр-сипатын танып көрелік.
1) Жазу – адам баласының мәдени-рухани тірлігінде тапқан
орасан зор табысы. Қатынас құралы ретіндегі тілдің осы
қызметін түрлендіре түскен, күшейте түскен ғажайып дүние.
Бірақ медаль сияқты оның екі жағы бары байқалды: бірі –
халықты тегіс сауаттылыққа көтерді, екіншісі – тілдің табиғи
дыбысталу заңдылықтарына ықпал етті. Бұл құбылыс тек
қазақ тілі емес, өзге тілдерде де байқалғанын білеміз. Атақты
орыс ғалымы акад. Л.В.Щерба: «тілді жазудың бұғауынан
құтқарып (эмансипация от письменного языка), жанды
тілге бет бұратын кез келді», – деген болатын XX ғасырдың
20-жылдарының өзінде-ақ. «Жанды тіл» деп отырғаны – табиғи
заңдылықтарымен қолданған тіл, оның сөйлеу актісіндегі
көрінісі.
Қазақ тілінің сөздерді сөйлеу актісінде дұрыс дыбыстауға
оның жазба түрінің ықпалы соңғы кезендерде едәуір болып
199
келе жатқаны байқалады. Сөздерді жазылған түрінде айту
(оқу) етек алды. Мектеп балалары түгіл, институт, универси-
теттердің филология, журналистика факультеттерін бітірген
мамандардың өзі мәтінді оқып тұрғанда былай тұрсын, айтпақ
ойын қағазсыз ауызша білдіріп тұрғанда да сөздерді үндестік
зандарына бағындырып, қиюластырмай, олардың жазудағы
көрінісін көз алдарына келтіріп, жазылған түріндегідей айта-
тындықтарының куәсіміз. Мұны әсіресе радио мен теледидар-
дан хабар жүргізетін дикторлар мен журналист- тілшілердің,
ауызша интервью берушілердің, сөзге тартқан адамдардың
сөздерінен жиі кездестіреміз. Теледидардан әр алуан хабар
жүргізетін дикторлардың
шекара, қыркүйек, қол қойды
деп қы-
қылап тұрмай,
шегара,қыргүйөк, қолғойдұ
деп дұрыс айтатын-
дары кемде-кем.
Жазудың ықпалын күшті қабылдайтындар лекция оқитын-
дардың, тіпті мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орында-
ры оқытушыларының, кейбір әншілердің, драма актерлерінің
арасынан да табылады. Бұл сияқты жазудың ықпалымен тілдің
табиғи заңдылықтарының бұзылуының бірнеше себебі бар:
алдымен, орфоэпиялық нормалар мектепте дұрыс үйретілмей-
ді, дәлірек айтсақ, бұған көңіл бөлінбейді, баланың білімін
бағалауда сөзді дұрыс-бұрыс айтып тұрғаны ешбір есепке
алынбайды; жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде,
тіпті олардың филология, журналистика факультеттерінде
тіл мәдениеті пәні, оның ішінде тілдік нормалар дегендер,
сірә, мүлдем жүргізілмейтін болу керек, сабақ кестесінде бұл
пәндер бар болса да, оған мән беріп, дұрыс жүргізетін маман-
дар да жоқ болар.
Екінші фактор – сөздерді нақпа-нақтап, қалай жазыл-
са, солай оқып (айтып) берсем, тыңдаушыларға анығырақ,
түсініктірек шығады деген жансақ ой да орын алуы мүмкін.
Әр сөзді жазылғанынша айтқанда олар анық, түсінікті шығуы
мүмкін, бірақ есесіне сөздер сіресіп естіледі, тілдің үнді сазы
жоғалады, бояуы солғындайды.
Сөйтіп, жазу және дыбыстау дегендерді айырып таныту,
әрқайсысының тіл мәдениеті үшін мәнін білу, бірін екіншісінің
құрбандығына шалмау керектігін білетін кез туды деуіміз ке-
рек.
200
2) Кезінде сөздерді дұрыс қолдану, сөйлемді дұрыс құрас-
тыра білу, сауатты жаза білу сияқты лексикалық, грамматика-
лық, орфографиялық нормаларды үйретуге, насихаттауға үлкен
мән берілді, талап етілді, ал осындай қажет нормалардың тағы
бірі – орфоэпиялық сауаттылық бізде әлі әлеумет назарына
ілікпей келеді, қалың жүртшылық сөзді дұрыс дыбыстаудың
тәртібі, заңдылығы болады дегенді тіпті білмейді де. Қалың
көпшілік түгіл, көптеген мектеп мұғалімдерінің де бұл сала-
дағы таным-білімі аз ба деп қалдық. Жақында мектеп оқулық-
тарын шығарып жатқан баспа редакторларының бірі маған
мынадай адам нанғысыз бір әңгімені айтты: «Оқулықтың бір
авторы: Сөзді дұрыс айту нормасы деген не? Оны ғалымдар
шығарып жүр. Мектеп үшін керегі жоқ» дегенде қатты шошы-
дым». Әрине, бұл – тек шошитын емес, тіпті айтып жеткізуге
болмайтын сауатсыздық, өресіздік. «Егер оқулық жазып жүрген
мұғалім «тілдік норма» дегендерді осылай танитын болса,
ағартушыларға әбден жарыған екенбіз, мектеп мұғалімдері
тіпті еш нәрсе оқымайтыны ғой, бір кезде училищеде не инсти-
туттарда шала-шарпы алған білімімен қалып қояды екен ғой»
деген ой келді маған. Әрине, барлық мұғалім дәл мұндай бол-
мас, дегенмен ең мықты деп оқулық жазуға сенген маманның
сөзі жоғарыдағыдай болса, тіл, оның мәдениеті, тілдік норма-
лар, олардың түрлері, бұл нормаларды мектепте оқыту, үйрету
дегендер мүлде қалып келе жатқан майдан деуге болады. Де-
мек, сөйлеу үстінде сөздерді бір- бірімен дыбысталуы жағынан
үндестіріп, «сындырып», құлаққа жағымды, тілге ыңғайлы
етіп айту туралы нормаларға көпшілік назарын аудартуды,
әсіресе балабақшадан бастап, мектептерде, жоғары оқу орын-
дарында мықтап қолға алу керектігі – қазақ тілі мәдениетін
көтерудің басты міндеттерінің бірі.
3) Орфоэпиялық нормаларға баулу, ол нормаларды арнайы
үйрету жұмыстары – өз дәрежесінде емес.
Баланың тілі, ең алдымен, үй ішінде, отбасында шығады,
баланы тілге үйрететін тұңғыш ұстазы – ата-анасы мен үй
ішіндегі өзге де үлкендер болады. Сөйлеу үстінде сөздерді бір-
бірімен үндестіре айта білуге баулуда балаға ертегі, әңгімелер
айтып (оқып) берудің мәні зор. Мұнда орфоэпиялық норма-
ларды сақтауға үлкендер мейлінше көңіл қоюға тиісті. Балаға
201
ертегі, әңгімелердің мазмұны ғана емес, оның тіліндегі үннің
музыкалылығы қатты әсер етеді, ұйқасы мен ырғағы әсем
болып келген өлен шумақтарын, қызықты, әсем тілді ертегі-
лерді жаттап алуға құштар болады. Бізде, қазақ қоғамында,
отбасылық тәрбиеде де орны толмай жатқан жайттар баршылық.
Жас бүлдіршіндердің ана тілін жақсы меңгеруіне, оның
әсіресе дыбыстық заңдылықтарын бұзбай, дұрыс қолдануына
тәрбиелейтін бастапқы орын – балабақшалар. Мұндағы тәр-
биешілер тек баланы бағып-күтушілер емес, тәлім-тәрбиенің
өзге түрлерімен қатар тіл үйрететін, тілдің дұрыстығына бау-
литын нағыз ұстаздар болмаққа керек. Әзірге азын-аулақ болса
да, бүлдіршіндерге арналған өлең, тақпақ, ертегілерді дұрыс
жаттатқызу, дыбыс үйлесімін келтіріп айтқызу – тәрбиешінің
педагогтік бірінші міндеті. Әрі қарай, әрине, бұл жұмысты
мектеп жалғастырады. Мектепте, біздің байқауымызша және
бағдарламалармен, оқулықтармен танысқанымызға қарап,
орфоэпиялық заңдылықтарды оқыту өз дәрежесінде емес деп
табамыз. Бастауыш кластардан бастап қазақ тілі сабақтарында,
кейінірек грамматика бағдарламасы бойынша қазақ тілінің
үндестік зандарын өтеді, баптарға таратып жаттайды, оқушы
ереженің өзін жап-жақсы айтып береді, бірақ оны іс жүзінде
қолдануды білмейді. Сөздерді дұрыс айтуға мектепте тек қазақ
тілі сабағында ғана емес, барлық пәндердің сабақтарында да
үйрете беруді, қате айтса, түзетіп отыруды қолға алса, бұл са-
ладан бүгінгі кездесіп келе жатқан кемшіліктер кеми түсер еді.
Орфоэпиялық нормаларды үйренудің ерекшелігі сонда –
олар негізінен «теория жүзінде» білу, яғни оқу, жаттау арқылы
емес, құлақпен тыңдап үйрену арқылы игереді. Бұл ретте
күнде тыңдайтын радионың, күнде қарайтын теледидардың
және сахнадан естілетін сөздер мен әндердің рөлі айрықша.
Сөзді дұрыс айтуға баулитындар нағыз осылар: радио, теледи-
дар қызметкерлері, сахна қайраткерлері. Дыбыстар гармония-
сын сақтау – сахна мен радио, теледидар сөздеріне мамандық
тұрғысынан қойылатын талаптар. Актерлер мен әншілерді,
жалпы сахна қайраткерлерін дайындайтын оқу орындарында
да тіл мәдениеті, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау норма-
лары деген пәндерді міндетті түрде енгізуді талап етер едік.
Тек актерлер емес, режиссерлер де, көркемдік жетекшілер де
202
өз мамандықтарының тетіктерін жақсы білумен қатар, қазақ
тілінің де сөз сазын дұрыс сақтауды естен шығармаса.
4) Орфоэпия тақырыбының тәжірибедегі күй-қалпын,
заңдылықтарын танудың өзі кешеңдеп қолға алынғандықтан,
оның жеке мәселелерін ғылым нысаны (объектісі) ретінде
зерттеу жұмыстары да кенжелеп келеді. Бұл іске ғылыми
қызметкерлермен қатар, мектеп мұғалімдері, баспа ісіндегілер,
баспасөзде қызмет ететіндер де нақты ұсыныстарымен,
күнделікті тәжірибеде байқалған жетістік-кемістіктерді
көрсетуімен араласса, тіпті орынды болар еді. Бірақ, өкінішке
орай, жазудың (емленің) тауқыметін тартып отырған осы топ,
әсіресе қазақ мұғалімдері, тіл нормаларын сөз етуге мүлде ен-
жар, ынтасыз, дағдыланбаған. Ал тіл – тек тіл мамандарының
ғана «мүлкі» емес, қалың жұртшылықтың, оның ішінде
тікелей тілмен жұмыс істейтіндердің құзырындағы нәрсе. Рас,
«Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», ара-тұра «Жас алаш» сияқты
газет беттерінде, бір кезде араб жазуымен шығып тұратын
«Шалқар» газеттерінің беттерінде сөзді дұрыс қолдану,
әсіресе бұл орайдағы кемшіліктер, орфография мен орфоэпия
тақырыптарына жазылған мақалалар жарияланып тұрды, ав-
торлары – тіл мамандарын былай қойғанда, көбінесе жазушы,
журналистер мен өзге де мамандық иелері, бірқатары қазақ
сөзінің табиғатын, сыр-сипатын жақсы білетін зейнеткерлер.
Бірақ осылардың ішінде сөз сазы туралы мақала-пікірлер мүлде
аз (біздің әр кезде әр газетте жарияланған 5-6 мақаламыз бол-
маса, мүлде жоқ деуге болады). Бұл, сірә, көпшілігіміздің орфо-
эпия проблемасына не тісіміз батпай жатқанын, не сөзді дұрыс
дыбыстау дегенге немқұрайды қарап келе жатқанымызды
көрсететін сияқты.
Бұл айтылғандардан шығатын бір түйін – қазір қазақ орфо-
эпиясы нормаларын реттеп баяндау, ережелерін түзу сияқты
атқарылған істер бар, бірақ бұл нормалардың кодификация-
сы әлі жоқ, яғни ол заңдылықтар зандастырылып (оқытылып,
міндеттеліп, тіпті емле ережелері сияқты ресми түрде бекіті-
ліп) түрақтандырылған жоқ. Сол себептен орфоэпия мәселе-
леріне мамандар болып және қалың жұртшылық болып назар
аударсақ, тілдің бұл қырының да барынша реттеліп, нормала-
ры орнығып, тіл мәдениетіміздің де, сол арқылы жалпы ұлттық
мәдениетіміздің де көтеріле түсуі хақ.
203
Достарыңызбен бөлісу: |