ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАКАЛАВРИАТ ДЕҢГЕЙІНЕ ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ТЕСТ СЫНАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНЕН ТЕСТ НҰСҚАУЫНЫҢ ЕГЖЕЙІ 1. Тест нұсқасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен болатын тест тапсырмалары Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына кіру үшін болатын емтихандарында жалпы орта және орта арнаулы, кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім стандарттары, қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламасында белгіленген білім, дағды және біліктілік талаптары негізінде абитуриенттердің дайындық деңгейін анықтау үшін арналған.
2. Тест нұсқасының негізін құрайтын нормативтік құжаттар Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен тест тапсырмалары Өзбекстан Республикасы Президентінің «Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2020 жыл 6-қарашадағы ПҚ-4884-санды қаулысы және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Жалпы орта және орта арнаулы, кәсіптік білім беру оқу орындарының мемлекеттік білім беру стандарттарын бекіту жайында» 2017 жыл 6-сәуірдегі 187-санды қаулысына сәйкес қолданыстағы мемлекеттік білім стандарты, қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, мемлекет оқу орындары жағынан ұсынылған, жалпы орта және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында қолданылатын оқулықтар мен оқу құралдарына негізделген.
3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен құрастырылған тест вариантының құрамы Мамандық пән ретінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен екі бөлімнен тұратын тест нұсқасы қалыптасқан. Бірінші бөлім қазақ тілі пәніне байланысты 18 тест, екінші бөлім әдебиет пәніне байланысты болып 12 тест тапсырмасынан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін 3,1 балл етіп белгіленген.