Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Танымал тұлға көтерсе ғана/жаңалыққа жарамды болғанда



Pdf көрінісі
бет126/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Танымал тұлға көтерсе ғана/жаңалыққа жарамды болғанда 
ғана проблема 
Жаңалыққа жарамды деген тым субъектив ұғымды жан-жақты ракурстан 
қарастыруға болады. Солардың бірі – осы тақырыпты көтерген тұлғаның 
беделі. Қазақстан мен Румыния мақалаларына жасалған сараптамада 
танымал тұлғалар әлеуметтік медиада жариялаған кезде ғана жаңалыққа 
жарамды болғаны жайлы 6 оқиға (2 румын және 4 қазақ) табылған. 
Сараптама барысында анықталған тағы бір ракурс – «шын болуы 
ықтималдығы аз оқиғаны... жаңалық ретінде хабарлау ықтималдығы 
жоғары» болады деген парадокс (Washington Post, 2020). 
Мақалалардың 64 пайызының оқылым саны көрінбеген, сондықтан 36 
пайызы туралы ғана мәлімет ала алдық. Осы себепті мәселені ықпалды 
тұлға көтерген кезде ғана жаңалыққа жарамды болуын анықтау қиынға 
соқты. 
Журналистің іс-әрекетке шақыруы 
Бұл бөлім халық қатты стреске түскен локдаун кезі үшін айырықша 
маңызды. Бұл бөлімде журналистің іс-әрекетке шақырғанын немесе 
материалдың оқырманға қандай да бір нәрсені тоқтатуға/өзгертуге шабыт 
бергеніне талдау жасаймыз. 
Белгілі болған жалпы байланысы: кең ауқым/контент коэффицентінің 
іс-әрекетке шақыруымен оң байланысы бар. Келесі бір маңызды элементі 
– мақаланың оқылым санының көп болуы мен визуал элементтері, бұл 
әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге пайдалы 
ақпаратқа қатысты. Неміс және румын мақалаларында жәбірленушілерге 
арналған жедел желі телефондарының нөмірі көрсетілген, оқырман оны 
алғашқы секундтарда-ақ байқайды. Мысалы, зорлық-зомбылық куәсіне 
бағытталған жодауда былай делінген: «Сіз {тұрмыстық зорық-зомбылық 
куәсі} оны {жәбіренушіні} қолдайтыныңызды білдіргеніңіздің маңызы 
зор. Сонда сіз {куә} оған нақты не көмек керек екенін және не көмек 
бере алатыныңызды бірге ойластыра аласыз». Жедел желі нөмірі көрнекі 
жазылып тұрғандықтан, бұл жолдау зорлық-зомбылықтың жәбірленушісі 
мен куәнің әрекет етуіне, күш көрсетушінің іс-әрекетіне шағым түсіруіне 
түрткі болады (2-қосымша, 7-мақала).


287
Іс-әрекетке шақырудың келесі бір мысалы саясаткерлерге қатысты. 
Германия мен Румыниядағы мемлекеттік емес ұйымның өкілінен сұхбат 
алған мақалалардың құрылымы осыған ұқсас болған: «Әйелдердің 
уақытша тұратын орнының жағдайын жақсарту тақырыбына тыйым 
салуға болмайды және дағдарыс орталықтарындағы мобайл және 
цифрлы қызметтерді көбейту керек» (2-қосымша, 2-мақала; 3-қосымша, 
2-мақала). Мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен сұхбат мақалаларынан 
әдетте дағдарыс орталықтарының контактісін табуға болады, ал оны 
оқырман көретіндей етіп қою – журналистің қолынан келетін іс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет