Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет129/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Журналист этикасы
Осы зерттеу жұмысы қазақстандық журналистика этикасының негізгі 
элементі оқырманға құрмет болуы керек екенін көрсетті. Журналистің 
аудиторияға құрметі хабар таратудың жоғары сапасын, яғни дереккөздің 
сенімді, аударманың дұрыс, сілтеменің шын, суреттің орынды, «саны 
емес, сапасы жоғары болуы» қағидасын ұстануынан (тұрмыстық 
зорлық-зомбылық туралы мақала жариялаудан Қазақстан Германия мен 
Румынияның алдында келеді) және мақалада жан-жақты пікір беруінен 
білінеді. Үш елдегі ең төменгі көрсеткіштің бірі – «күш көрсетудің куәсі» 
туралы жазу екенін атап айтан жөн (1-кестені қараңыз). Яғни талдау 
жасалған мақалалардың көбінде әрекет етуге шақыруы керек басты 
тұлғаның, яғни күш көрсетудің куәсінің пікірі жоқ. Энн Ферт Меррейдің 
пікірінше, отбасындағы зорлық-зомбылықтың басты себебі – «медиаға 
күнара шығып жататын [...] зорлық-зомбылықтың алдын алу немесе 
тоқтату жолындағы [...] қоғамның, куәлердің әрекетсіздігі» (Murray & 
Farmer, 2020). 
Осылайша зерттеу жұмысы барысында бейтараптыққа қатысты 
журналист объективті болып, жәбірленушіге бейтарап қарауы керек 
пе, әлде бір тарапты қолдап, біржақты материал жазуы керек пе деген 
этикалық дилемма туды. Хантердің айтуынша, «объективті журналистика 
қағидасымен тәрбиеленген журналистердің негізгі қателігі [...] – 
дереккөзден алған ақпаратқа ғана құлақ асып, эмоциясына мән бермеуі» 
(Hunter, 2011). 
«Бейтарап немесе сезімтал» журналистік стильге себеп болатын фактор 
көп; бастысы – мақаланың мақсаты. Мақаланың мақсаты Қазақстандағы 
проблеманы көтеріп, халық назарына ұсыну болса, мақалада тұрмыстық 
зорлық-зомбылық санының артуы сияқты ауқымды әлеуметтік 
мәселеге көбірек көңіл аударылуға тиіс. Ал, іс жүзінде, талдау жасалған 
қазақстандық мақалалардың жартысы, әсіресе баяндау форматында 
жазылған мақалалар зорлық-зомбылық оқиғасының өзіне ғана мән 
берген (1-кесте). Челси Ли мен Дженнифер С.Уонг та зерттеуінде осыған 
ұқсас қорытындыға келген (Lee & Wong, 2019).
Зорлық-зомбылық жағдайын жариялап, қоғамда бар екенін көрсетуге 
келгенде, сезімтал журналистика аудиторияның жбірленуші күйін сезінуге 
жетелейді. Дегенмен мән-жайды тек жәбірленуші тұрғысынан емес, жан-
жақты зерттеу керек. Осылайша қазақстандық медианың этика деңгейі 
аудитория мен жәбірленушіге құрметке сай жақсаруы керек: дереккөздің 
сенімді болуын, жәбірленушінің жеке басының құпиясын сақтауды және 
репортаждың басты мақсатын айқындап алуды жетілдіру керек, себебі 
талдау жасалған қазақстандық мақалалардың 30 пайызы ғана ой тастай 
алады (1-кестені қараңыз). 


291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет