288
Тағы бір қыры – мақалада жәбірленушіге пайдалы ақпарат пен
нұсқаулықтың көрсетілуі. Неміс мақалаларының 75 пайызында жедел
желі контактілері көрсетілген, ал қазақ мақалаларының 10 пайызында
ғана дағдарыс орталықтары жөніндегі дерек жазылған. Гендерлік зорлық-
зомбылық туралы мақаланы оқыған оқырман күш көрсетуден жәбір
көрген болуы немесе осындай оқиғаға куә болуы мүмкін екені белгілі.
Сондықтан контактіні көрсетудің қоғамға пайдасы мол. Мақалалардың
бірінде Германияда ер мен әйел жәбірленушілерге арналған жедел желілер
24/7 режимде 18 тілде жұмыс істейтіні жазылған (2-қосымша, 7-мақала).
Қазақстандағы мақалалардың көбінің стилі – баяндау тәсілі:
«журналист объектив түрдегі баяндаудан гөрі, әңгіме стиліндегі жаңалық
материалын көбірек жазады», баяндау стилін қолданудағы мақсаты
– аудиторияның назарын ұстап отыру» («Is Journalism Storytelling?»,
2020). Жаңалықтардағы негатив сөздер мен суреттерді зерттеген кезде
негатив контент оқырманды көбірек тарта алатыны байқалған (Trussler &
Soroka, 2014). Өлім аузындағы әйелдің суреті басылған «әңгімені» оқыған
оқырман эмоциялық толғанысқа түседі.
Ал неміс журналистері оқырманды қорқытуды емес, тақырыпты
сараптауды, пайдалы ақпарат беруді көздейді. Мысалы, «Құқықбұзушыға
бойындағы дөрекілігін жеңуге көмектесетін жақсы бағдарлама бар...
Ұзақмерзімді мақсат – балаларға жақсы болатын шешім табу» (2-қосымша,
2-мақала).
Достарыңызбен бөлісу: