Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Биологиядан коммуникацияға дейін: мемдер



Pdf көрінісі
бет148/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Биологиядан коммуникацияға дейін: мемдер
Бірінше суретте той жасаймын деп жанталасқан қарапайым қазақ азаматы 
бейнеленген: бейшараның алдынан COVID-19 вирусы кесе-көлденең 
шыға келген, ал артынан әзәзіл тартып жібермей тұр. Бұл суретті әлемдегі 
және елдегі алаңдатар оқиғаларға мысал ретінде сан мәрте таратып, пікір 
білдіргендер көп болды. Әлемдегі жағдайдың сұмдық кейіпке енгені 
соншалық – адамдар сол бұл жайтқа жауапкершілікпен, қалжыңсыз 
қараудан бас тартты. Жұрт жағымсыз жаңалықтарға жауап ретінде әзіл-
қалжыңға ден қойды, әзілдің сондай түрін қазір интернет-мем деп атайды.
1-сурет. @muratdilmanov, «Той жасаймын!»
«Мем» дегенді естігенде, бірден интернеттегі күлкілі, қызықты 
кескіндер мен видео елестейді. Бұл терминнің биологияға қатысы бар 
екені ойымызға да келмейді. «Меметика» терминін 1976 жылы биолог-
эволюционист ғалым Ричард Докинз «The Selfish Gene» атты танымал 
кітабында ұсынған. Ол мәдени ақпарат дами келе, имитация (ұқсату, 
еліктеу) арқылы адамнан адамға беріледі деген теорияны алға тартты 
(Докинз, 2016).
Докинзтің айтуынша (2016), адам өзге біреуге еліктеп, соған ұқсауға 
тырысқанда имитаторға (еліктеген адам), балаға көзінің түсі көк болатыны 
ата-анасының гендері арқылы берілетіндей, мем беріледі. Меметика 
Дарвиннің эволюция теориясының тұжырымдарына сүйенеді. Мұндағы 
мемдер гендер тәрізді бәсекелеседі, көбейеді, дамиды.
COVID-19 пандемиясы тұсында әлеуметтік желілерде (Twitter, 
Facebook, Instagram) тараған мемдер көп болды. Осы ретте айта кетерлік 
жайт, әртүрлі әлеуметтік желілерде (Twitter, Facebook, Instagram) езу 
тартқызар мәтіндер жазылған сан алуан суреттер таралып, күрделі 
әлеуметтік мәселелерді сөз еткендер де аз болмады. Дағдарыс кезінде 
адамның жасымай, ұдайы еңсесін көтеріп жүруі оңай емес. Карантин 
кезінде оқшауланып, жұмыссыз қалған, аман қалудың қамын ойлаған 
адамдар күйзеліске түспеу үшін бір-біріне әзіл-қалжың айтып, көңіл 
көтере бастады. Коронавирус пандемиясы кезінде енгізілген шектеу 
шараларының арқасында адамдардың бос уақыты да көп болды. Күрделі 
қосымшалар қолжетімді болған сол шақта әлемде COVID-19-ға қатысты 


338
мемдер де көп тарала бастады. Белең алған бұл құбылыс әлеуметтік 
желілер бетін (Twitter, Facebook, Instagram) жайлап алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет