Облыс
1 шілде
2 шілде
3 шілде
4 шілде
5 шілде
10 шілде
15 шілде
20 шілде
25 шілде
31 шілде
Нұр-Сұлтан қ. 81
119
71
81
95
120
204
248
284
226
Алматы қ.
195
206
114
72
113
223
219
251
173
211
Шымкент қ.
43
100
101
76
84
80
76
27
39
26
Ақмола
облысы
52
46
42
34
32
34
43
53
53
56
Ақтөбе
облысы
63
59
41
36
32
87
53
17
12
24
Алматы
облысы
111
123
117
122
71
109
88
54
59
55
Атырау
облысы
287
327
377
342
325
243
218
96
85
45
ШҚО
111
91
152
149
96
154
133
163
192
111
Жамбыл
облысы
45
65
82
56
59
68
87
61
53
50
БҚО
112
50
110
147
103
95
101
103
95
76
Қарағанды
облысы
97
77
76
73
81
120
100
168
121
110
Қостанай
облысы
11
48
52
36
17
65
49
57
59
64
Қызылорда
облысы
105
25
37
30
40
61
74
119
24
16
Маңғыстау
облысы
83
78
114
44
124
76
41
54
71
32
Павлодар
облысы
59
37
68
52
53
59
63
67
73
84
СҚО
28
21
19
19
17
56
95
72
80
64
Түркістан
облысы
26
29
71
83
61
58
30
20
21
39
Аймақтық электрондық БАҚ-ты ресурстың қамту ауқымы мен оқылымына
қарап таңдадық. Осы критерийге сай, зерттеу нысаны ретінде Атырау
облысының Ақ Жайық ақпараттық порталы мен Павлодар облысының
PavlodarNews атты ресурсын алдық.
Zero.kz Интернет-статистика сервисінің ай сайынғы рейтингіне
сәйкес, Ақ Жайық сайты 1 700-ден астам қазақстандық сайттың арасында
23-орынға, ал атыраулық ақпараттық сайттардың ішінде (2020 жылғы
11 қазандағы жағдай бойынша) бірінші орынға ие. Айта кетерлігі, бұл
рейтинг сайтқа кіргендер, көргендер саны, хосттар көрсеткіші негізінде
70
жасалған, ол ақпараттық алаңдардың бәрін қамтымаған. 2019 жылғы
желтоқсан мен 2020 жылғы қыркүйек аралығындағы сайт статистикасын
қарай отырып, пандемия кезінде Ақ Жайық ақпараттық порталының
танымалдығы айтарлықтай артқанын байқауға болады. Мәселен, 2019
жылғы желтоқсанда бұл сайт рейтингте 27-орында болса (кіргендер саны
360 мың, 4 миллионнан астам рет көрген), наурыз айында кіргендер саны
5,3 миллионнан асып, сайт рейтингтің 15-тармағына көтерілген. Сайтқа
кіргендер, оқығандар саны ең көп болған кезең – маусым айы, сол кезде
оған 800 мыңнан астам интернет пайдаланушы кірген. Шілдеде сайт
рейтингте 18-орынға түсіп қалды, дегенмен оған 620 мыңнан астам адам
кіріп, жалпы 6 миллионнан астам рет көрген екен
6
.
Өкінішке қарай, Павлодар облысының ақпараттық ресурсы Zero.kz
рейтинг жүйесіне кірмейді. Алайда LiveInternet-тің 11 қазанға дейінгі
мерзімдегі айлық рейтингіне сай, аталған ресурс жаңалық жарияланатын
164 сайттың арасында 43-орында болған. Сайтқа күніне, шамамен, 5 000
адам кіреді. Сонымен қатар бұл сайттың Instagram-да парақшасы бар, оған
34 мыңнан астам адам жазылған. Бұған қоса, PavlodarNews материалдары
облыс пен қала тұрғындары арасында танымал, 174 мыңнан көп
жазылушысы бар Типичный Павлодар атты Instagram парақшасында да
жарияланып тұрады.
Жарияланымдарды порталдың 2020 жылғы шілде айындағы
материалдары архивін тексеріп, қолмен іріктедік. Таңдау критерийі –
жарияланымдардың тақырыбы, соның ішінде ковидке қарсы шаралар
және оларды аймақтарда жүзеге асыру жайы. Зерттеуге аталған БАҚ-
тардың түпнұсқа жарияланымдары іріктеп алынғанын атап өткен жөн,
яғни өзге медиаресурстарда шыққан, қайта басылған материалдар
тізімге енбеді. Осылайша зерттеуге барлығы 94 мақала іріктеп алынды,
соның ішіндегі 60 материал – Ақ Жайық ақпараттық порталында, ал 34
жарияланым PavlodarNews сайтында жарияланған.
Жалпы, екі ресурстың да жарияланымдары көлемді емес, шамамен
200–300 сөзден тұрады. Әр материалдың тақырыпқа сай көрнекі суреті
бар. Ақ Жайық, көп жағдайда, өз тілшілері түсірген фотосуреттерді
қолданады, мұндай суреттер кейін сайттың басқа материалдарында да
пайдаланылады. Сондай-ақ брифинг, кеңес, баспасөз конференциялары
туралы жарияланымдарға сол іс-шараларда түсірілген ресми суреттер
қоса беріледі. PavlodarNews иллюстрациялық фотоларды да қолданады,
бірақ әдетте олар материалдар жарияланымда сөз болған іс-шараға
қатысқан өзге ұйымдардікі. Бұдан бөлек, аталған ресурс Интернеттен
алынған фотоларды да жариялап тұрады, мұндайда контент авторлары
көрсетіледі.
Ақпараттық портал жарияланымдарын шартты түрде екі топқа
бөлуге болады: ақпараттық және талдау немесе баға беру сипатындағы
материалдар. Алғашқылары – ақпараттық жарияланымдар, аты айтып
тұрғандай, халықты қандай да бір оқиға, іс-шара, шешім, қызмет
нәтижелерінен хабардар етуді көздейді; автор немесе редакция
жарияланым тақырыбына қатысты пікірін білдірмейді, баға бермейді.
Әдетте мұндай материалдарда болған іс-шараның нәтижелері туралы
баяндалады. Атап айтсақ, олар мынадай іс-шаралар: мемлекеттік
6 Сервис Интернет-статистики Zero.kz. Показатели сайта Ак Жайык. https://zero.
kz/site/show/site_id_70976_sayt-atyrauskoy-gazety-ak-jayyk/ Соңғы қараған күні:
2020 жылғы 13 қазан.
71
органдардың пандемияға қарсы күрес, аймақта вирустың таралуына
қарсы іс-қимылдар жөніндегі брифингтер, баспасөз конференциялары,
ақпараттық мәлімдемелері мен ресми пресс-релиздері. Осы ретте
PavlodarNews сайтының мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі
аккаунттарын бақылап, ондағы ақпаратты өз жарияланымдарында
пайдаланатынын да атап өткен орынды. Тиісінше, журналистер ресми
деректерден алынған ақпаратты қолданып, мемлекеттік қызметкерлердің
сөзін жариялайтындықтан, мұндай материалдардың баяндау мәнері
әлдеқайда ұстамды, қасаң, ресми сипатта болады. Мысалы, осындай
жарияланымдарда аймақтағы жағдай тұрақтанды, қаулысына сай,
мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, тапсырма берілді, құжаттар
тиісті мекемелерге жолданды т.с.с. сөз тіркестері өріп жүреді.
Ақпараттық жарияланымдардың тақырыптарын да бірнеше топқа
бөлуге болады. Аталған екі аймақта да өзекті мәселелердің бірі –
өңірлерді дәрі-дәрмекпен қамту; жалпы, дәрілік заттардың тапшылығы
проблемасы сөз болып отырған кезеңде бүкіл Қазақстанда аса өзекті еді.
Сайттарда осы тақырыпта жарияланған материалдарда бағаны бақылау,
алыпсатарлармен күрес мәселесі де көтеріліп, аймақтардағы биліктің
дәрі тапшылығы проблемасын шешу үшін қандай шара қолданғаны
туралы айтылатын. Бұдан кейінгі топтағы материалдар науқастарды
ауруханаға жатқызу, ауруханалар мен провизорлық орталықтарды
қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және медициналық
персоналдың жетіспеуі мәселесін шешу жайында еді. Келесі топ ковидке
қарсы шектеу шаралары тақырыбын қамтиды, бұл ретте тиісті қаулыларға
енгізілген қосымшалар сипатталып, мемлекеттік органдардың карантин
талаптары жөніндегі түсініктемелері берілетін және карантин режимін
бұзу жайттарын анықтау үшін жүргізілген рейдтердің нәтижелері
баяндалатын. PavlodarNews ресурсының тағы бір ерекшелігі – мұнда
жергілікті бизнесмендердің гуманитарлық көмек бергені, қайырымдылық
жасағаны туралы материалдар да шығып тұрады.
Электрондық БАҚ-тағы біз талдаған 94 жарияланымның 84-і бірінші
топқа, яғни ақпарат материалы қатарына жатады. Аймақтар бойынша
нақтыласақ, сол материалдардың 50-і – Ақ Жайық жарияланымы, ал
34-і – PavlodarNews-тікі. Демек, осы ақпарат ресурсының зерттелген
барлық материалы.
Жарияланымдардың екінші тобы шартты түрде талдау (аналитикалық)
немесе баға беру материалдары деп аталады, себебі оларды
медиаресурстың арнайы тілшісі жазған және онда аймақтағы жағдайға
не қандай да бір мәселеге қатысты баға беріледі немесе редакцияның
пікірі айтылады. Мұндай материалды журналистің өзі жазатындықтан,
оны бұқараға ұсыну формасы да әртүрлі болады: фоторепортаж, сұхбат,
тұрғындардың әлеуметтік желілерде қалдырған пікірі, осыларға
қосымша редакция ұстанымын білдіру. Баяндау стилі тым ұстамды,
ресми болмағанмен, белгілі бір шектен аспауға тырысады. Осы сияқты
жарияланымдардың тақырыбын айқындайтын болсақ, оларды жергілікті
биліктің пандемияға қарсы қолданған шараларға баға беру тақырыбына
арналған ортақ топқа жатқызуға болады. Зерттеу кезеңі ішінде баға
беру сипатындағы материалдар Ақ Жайық ақпараттық порталында ғана
жарияланған, олардың жалпы саны – 10.
Аталған екі жағдайда да ковидке қарсы шаралар туралы мәлімет оларды
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тұрғысынан баяндалған, яғни
іске асырылып жатқан шараларға медиаресурс редакциясы тікелей баға
72
бермеген. Бұған қоса, айта кетерлігі, аймақтық БАҚ жарияланымдарында
халыққа қосымша ақпарат ретінде пандемия кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
мен қажетті процедуралар туралы хабар таратылып, түсінік берілетін.
Нақтырақ айтсақ, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш
беру тәртібі туралы мәлімет жарияланып тұрды. Екі аймақтағы медиа
әлеуметтік төлемге кімнің, қалай өтініш бере алатынын түсіндірген.
Сонымен қатар PavlodarNews материалдарында ПТР-тест тапсыру
процесіне баса назар аударылған (34 жарияланымның 2-еуі осы мәселеге
арналған), оларда бұл тестті қай санаттағы азаматтардың тегін тапсыра
алатыны, қаладағы тест тапсыру орындары, тест алып, оны талдайтын
орталықтардағы бұл процедураның бағасы қанша екені туралы ақпарат
берілген. Ақ Жайық порталы өз жарияланымдарына тұрғындардың
облыстағы жағдайға мониторинг жасау, әсіресе дәрі-дәрмектің бар-жоғын
және бағасын бақылау жолдары мен құралдары туралы ақпаратты қоса
беріп отыратын.
Атыраулық медиаресурс, жалпы алғанда, пандемияға қарсы іс-
шараларға тікелей баға бермесе де, жанама түрде дәрі-дәрмек тапшылығы,
баға белгілеудегі айла-шарғылар туралы, дәріхана алдында ұзын сонар
кезекке тұрғандардың суретін, қажет дәріні таба алмай әуреге түскен
наразы қала тұрғындарынан алған сұхбаттарды жиі жариялау арқылы
өңірде іске асырылып жатқан шаралардың кемшін, қолданыстағы баға
мониторингі амалдарының тиімсіз екені туралы пікір қалыптастыруға
ықпал еткен. Мысалы, порталда жарық көрген материалдардың бірінде
дәрілік заттардың құнын тексеру нәтижелеріне мынадай баға беріледі:
«Бұрынырақ Атырау тұрғындарының дәріханаларда тапшы дәрі
түрлерінің бағасы бірнеше есе қымбаттағанына шағымданып, әлеуметтік
желілерде жазба қалдырғанын ескерсек, бұл тексерістің нәтижесі
мардымсыз деуге болады». Байқасаңыз, медиаресурс жергілікті билік
органдарының қандай да бір мәселеге қатысты қызметіне халықтың
көңілі толмайтынын жеткізіп тұр, мұны бұрын тұрғындар наразылық
білдірген, Атырау тұрғындары шағым айтқан, бұған азаматтардың шағым
түсіруі себеп болды деген сияқты сөздерден аңғаруға болады.
Бұдан бөлек, медиаресурс карантин енгізу туралы қаулылардың
мәтінінде түсініксіз тұстар бар екенін, тиісті талаптарды толыққанды
түсіндіру жұмыстарының жүргізілмегенін, азаматтар мен медицина
қызметкерлерін қолдауға бағытталған жұмыстардың ашық болмағанын,
осыған байланысты жергілікті тұрғындардың наразы екенін айтқан:
халықтың көкейінде сұрақ көп, әлеуметтік желілерде қатты сынға
ұшыраған, мәлімдемесі түсініксіз, сондықтан түсініктеме беруге тура
келді; нақты нені білдіретінін (Денсаулық сақтау басқармасының
жетекшісі) айтпады.
Көп жағдайда жарияланымға мемлекеттік органдардың ресми
ақпараты арқау болғандықтан, ковидке қарсы шараларды іске асыру
барысы сипатталатын мәтінде сандық көрсеткіштер мен етістіктің
мынадай шақ формалары жиі ұшырасады: не істелді және не істеу
жоспарлануда – тапсырма берілді, алынды, келісім жасалды, қосымша
аламыз, жеткізіледі т.б.
PavlodarNews жарияланымдары толықтай дерлік облыс әкімінің
аймақтағы COVID-19 пандемиясымен күрес бағытындағы қызметі туралы
пресс-релиздер негізінде жазылған. Сондай-ақ облыс прокуратурасы,
полиция департаменті мен медициналық сақтандыру қорының
Павлодардағы филиалының деректері де қолданылған. Материалдарда
73
жұмсалған қаражат, сатып алынған медициналық жабдықтар және жалпы
аймақ бойынша науқастанғандар туралы сандық деректер өте көп. Әлдебір
қиын жағдай болғаны айтылса да, дәл сол жерде оны реттеу үшін қандай
шара қолданылғаны да атап өтіледі: «Бізде оттегімен қамтамасыз етудің
орталықтандырылған жүйесі жоқ, қарқынды терапия палаталарында
оттегі баллондарын іске қосып жүрміз, әзірше осының өзі жеткілікті...
Қазір ауруханамызды оттегімен қамтамасыз ететін жүйемен жабдықтауға
қажет жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп болды»; бүгінде медицина
саласы жұмысшыларына жағдай жасауға қатысты барлық проблемалар
шешілген. Бұған қоса, қабылданған шаралардың нәтижелі болғаны да
баса айтылады, оған облыс аудандарында науқастанғандар санының
азайғаны айғақ: бұл көрсеткіштің азаюына емханалар жанынан құрылған
жылжымалы бригадалар да септігін тигізді. Мұнда да аймақта пандемияға
қарсы күрес аясында атқарылған жұмыстар, берілген тапсырмалар,
жоспарланған әрі іске асырылатын шаралар туралы айтылады.
Медиаресурстардың жарияланымдарында бірнеше актор аталады,
оларды үлкен үш топқа бөлуге болады: жергілікті атқарушы билік,
қадағалаушы органдар және облыс халқы.
Ақ Жайық ақпараттық порталында жарық көрген материалдарда
аймақтағы атқарушы билік екіұдай кейіпте сипатталады, бұл жайт
аталған ақпараттық материалдарға өз қызметіне әдетте оң баға беретін
мемлекеттік органдар өкілдері сөздерінің арқау болғанымен байланысты,
олар қызметінің тиімді екенін көрсету үшін: ереже бұзған көптеген
нысанның жұмысы бірден ретке келтірілді, өкпені жасанды желдету
(ӨЖЖ) аппараттары әзірше жеткілікті, алайда, шамамен, тағы 40 аппарат
аламыз; бұл скрининг – жұмысшылары көп ұжымдарды қорғайтын
ықпалды шара; бұл қызмет басқа аймақтардың арасында алғашқы болып
Атырау облысында іске қосылды деген сияқты тіркестерді қолданады.
Осы ретте айта кетерлігі, жергілікті мемлекеттік органдар облыста
қалыптасқан қиын жағдайдың себептерін, сонымен қатар қатаң карантин
енгізу қажет екенін түсіндірген кезде орталық билік органдарына және
жалпы Қазақстан бойынша жағдайдың ауыр екеніне сілтеп, мұндай
жағдай Атырау облысына ғана тән емес дегенді алға тартады: өздеріңіз
білетіндей, барлық аймақта дәрі тапшы; біздің өңірде ғана емес, бүкіл
елде солай; Маңғыстау облысындағы Бұзашы және Қаражамбас кен
орындарында тіпті карантин енгізіп тастаған.
Басқа жағынан алып қарасақ, медиаресурс редакциясы қалыптасқан
жағдайды шешуге қауқарсыз жергілікті атқарушы билік бейнесін де
көрсете білген. Мәселен, журналистер аймақтағы жағдайды сипаттаған
кезде цитата келтіру немесе редакция пікірін білдіру арқылы: аймақ жұрты
дүрлікті, тұрғындардың қамын ойлаған ешкім жоқ, Атырау облысының
ахуалы шынымен мүшкіл, облысқа бейжай қарамайтын, жағдайды дұрыс
бағалап, жұмысты ұйымдастыра алатын адам қажет; әкімдіктің солай
істегені жөн болар еді; қазір халық қана емес, атқарушы билік те дүрлігіп,
үрейі қашып тұр. Осы орайда облыс жетекшісінің бұрынғы бірінші
орынбасарымен өңірдегі ахуалды тұрақтандыру үшін не істеу керек деген
сұрақ төңірегінде болған сұхбат назар аударарлық.
Сонымен қатар орталық билік органдарының жергілікті биліктің
қызметіне баға беріп, оны жария етуі де атқарушы органдардың жағымды
бейнесін қалыптастыруға септігін тигізе қойған жоқ. Мысалы, сондай
жарияланымдарда облыстық бас санитар дәрігер лауазымына астанадан
келген маманның тағайындалғаны, оның бұрын көліктегі бас санитар
74
дәрігер қызметін атқарғаны, сондай-ақ мемлекет басшысының Атырау
облысының әкіміне сөгіс жариялағаны айтылып, президенттің аймақ
жетекшісі өз міндетін дұрыс атқара алмады деген сөзі келтірілген.
Облыстағы жағдайды шешу үшін аймаққа вице-премьер Е.Тоғжановтың
баратыны да хабарланды.
Осы контексте жергілікті мемлекеттік органдарды атқарушы билік деп
атау да бекер емес, осылайша аталған құрылымдардың негізгі міндетінің
не екені және олардың өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмай
жүргені жеткізілген.
Медиаресурс жергілікті билік қызметіндегі сәтсіздіктердің бірі
ретінде қабылданған шешімдер, процедуралар, азаматтар және
бизнестің құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпараттық және түсіндіру
жұмысының нашар жүргізілгенін; сонымен қатар осы бағыттағы жұмыстар
қолға алынды деген мәлімдемелерге қарамастан, тұрғындарға тиісті
медициналық қызмет көрсету жүйесінің оңтайлы ұйымдастырылмағанын
ерекше атап өткен: «Айтпақшы, бүгін кешкі алтыдан кеткенде дәріханаға
бардым – барсам, жабық тұр. Шамасы, білмеген ғой әлі». «Сөз жүзінде
бәрі жақсы, бірақ дәрігерден тексерілуге жолдама алудың өзі қиынның
қиыны».
Медиаресурстың ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға жарияланған
тендер төңірегіндегі жағдай туралы баяндайтын мақалалар сериясын
атап өтсек болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Оралдағы
өндірушілермен аталған аппараттарды сатып алу туралы шарт жасасқан,
бірақ кейін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сілтеме жасап,
шартты бұзған болатын. ҚР мәжіліс депутаты А.Перуашев осы шартпен
байланысты түсініксіз жайттардың бар екенін айтып, мәселе көтерген.
Портал журналистері шарттың неге бұзылғанын анықтау үшін жүргізген
зерттеуі барысында белгілі болғандай, министрліктен шартты бұзу
жөнінде ешқандай бұйрық түспеген. Денсаулық сақтау басқармасы осы іс
туралы материал жарияланғаннан кейін ғана ресми жауап беріп, сатып
алудан неге бас тартқанын түсіндірген. Дегенмен ресурс ресми мәлімдеме
шыққан соң, мәжіліс депутатының осы мәселеге қатысты пікірін жария
еткен, онда халық қалаулысы Атырау облысының мемлекеттік органдары
тарапынан толық ақпарат берілмегенін және олардың аймақтағы ахуалы
ауыр болған шақта ӨЖЖ аппараттарын сатып алу мәселесінде осалдық
танытқанын атап өткен.
Қорыта келе айтарымыз, бұл жайт жергілікті биліктің төтенше
жағдай кезінде облысты басқару қызметін тиісті түрде атқара алмағанын
көрсетеді. Мәселе жоғары шенділер мен институттардың жұмысына
баға беру тұрғысынан сипатталып, бұған прокуратураның көңіл бөлгені,
демек, істе коррупциялық схемалардың болуы ықтимал екені айтылған.
Прокуратура тексерісінің қорытындысы да жергілікті атқарушы
органдар қызметінің тиімсіз екенін көрсететіндей нұсқада ұсынылған,
яғни аймақтағы жағдайға солардың жауапты екеніне сілтеген: бюджет
қаражатын тиімсіз жұмсауға және ауруханаларға аса қажет құралдардың
жетпей қалуына алып келді.
Бір жағынан, облыс халқы да ковидке қарсы шараларды іске асыру
мәселесінде мемлекеттік органдардың қызметіне түрткі болып отыратын
қозғаушы күш ретінде сипатталған; тұрғындардың шағымдары, әлеуметтік
желілерде, қала қызметтеріне хабарласып қалдырған пікірлері карантин
туралы қаулыға өзгеріс енгізуге, қала дәріханаларындағы бағаларға
75
мониторинг жүргізуді бастауға себепші болды делінген. Басқа жағынан,
ауру жұқтырғандар санының артуына карантин талаптарын бұзған
азаматтардың өзі кінәлі екені де айтылды, мұндай ұстаным отбасылық
жиын-той өткізгендер, жеке қорғаныс құралдарының болмағаны туралы
жарияланымдарда көрініс тапқан: «Бетперде тақпағаны аз болғандай,
заң бұзып жүр», «Адам мәңгі емес, той мәңгі», «Атыраулықтар карантин
талаптарын елемей, ас беріп жүр», жиын-той өткізуге мүлде тыйым
салынғанына қарамастан, жергілікті тұрғын ұлын үйлендіріп, қонаққа 50
адам шақырған; тыйым салынғанына қарамастан, көп қонақ шақырып,
ас берген. Дәл осындай мәнерде санитарлық қауіпсіздік шараларын
сақтамай, астыртын іс-шаралар өткізіп жүрген жергілікті кәсіпкерлерді
де сынға алған.
Ақ Жайық ақпараттық порталында жарияланған материалдарда сөз
болған кейіпкерлердің бір тобы – прокуратура органдары мен полиция
департаменті сынды қадағалаушы, заң бұзу деректерін тіркеп отыратын
органдар. Медиаресурс жарияланымдарында олардың қызметіне қандай
да бір баға берілмеген. Тексеріс нәтижелері туралы ақпарат ресми сипатта,
онда сандық көрсеткіштер, құқық бұзған тұлғалар, оларға қандай жаза
не құқықтық шара қолданылатыны туралы мәлімет бар. Бұл тақырыпқа
арналған материалдар қадағалаушы органдардың кәсіби қызметіне ғана
көңіл бөледі, бұған қоса, ресурстың өзге жарияланымдарында сөз болған
басқа акторларға сипаттама беру үшін аталған орган өкілдерінен дәйексөз
де келтіріледі. Мысалы, тексеріс нәтижелері арқылы тұрғындар карантин
режимін бұзған мен бизнес әшкереленген, сонымен қатар аталған орган
деректерінде аймақ тұрғындарының белсенділік танытқаны да, яғни
азаматтардан өтініш келіп түскен соң тексеріс жүргізілгені айтылған.
Бұдан бөлек, жоғарыда атап өткеніміздей, прокуратураның қызметіне,
жүргізген тексерістердің нәтижелеріне сүйеніп, жергілікті атқарушы
биліктің жұмысына да баға беріледі.
PavlodarNews порталы материалдарының да кейіпкерлері, көбіне,
атқарушы билік болып келеді, атап айтқанда облыс әкімі, медициналық
сақтандыру қорының облыстық филиалы және облыс тұрғындары мен
бизнес.
Облыс әкімі аймақтағы пандемиямен күрес майданында жүрген,
жағдайды жіті бақылауда ұстап отырған, тиісті нұсқау, тапсырма беретін,
тіпті ковидке қарсы шаралардың орындалуын жеке өзі тексеретін белсенді
жетекші ретінде сипатталады: аймақ басшысы Екібастұздың медицина
қызметкерлерімен әңгімелесті; аймақ басшысы медицина саласы
жұмысшыларының қауіпсіздігін сақтауды талап етті; аймақ басшысы
Ақсудағы дәріханалардың біріне кіріп, қандай дәрі-дәрмектің бар
екенін сұрады; науқастардың хал-жағдайын білген облыс әкімі олардан
медициналық қызмет көрсету мен тамақтың сапасы, дәрімен қамту т.б.
туралы сұрады.
Аймақ жетекшісі басқару құрылымының шыңында тұрған, қажет болса
тиісті тетікті іске қоса алатын адам кейпінде суреттеледі. Ақпараттық
мәтіндерде әкімнің әлдебір шешім шығарғаны, тапсырма бергені баса
айтылады, кейде мұндай мәліметтер бірінші жақта баяндалады: аймақ
басшысы дәрі-дәрмектің тұрақтандырушы қорын жасақтауды бұйырды,
қала басшылығына кадрлар жалдауды тапсырды, сонымен қатар
аймақ басшысы ауылдарға дәрігерлер мен орта деңгейдегі медицина
қызметкерлерін тартуды тапсырды; Үндеуіме қолдау білдіріп, жәрдем
берген әріптесіме ризашылығымды айтамын; Абылқайыр Сқақов бастаған
76
жедел штаб туындаған мәселелерді дереу шешу үшін күн сайын онлайн
кеңестер өткізіп жүр; дәріні дәріханаларға жеткізуді тапсырамын. Осы бір
бейнені нығайта түсу үшін облыс әкімінің жұмыс сапарлары барысында
түсірілген фотоматериалдар: әкімнің дәрігерлермен, науқастармен
тілдесіп тұрған, ауруханалар, орталықтар мен дәріханаларды аралап
жүрген кездегі суреттері де көрсетіледі. Осы ретте аудандардың облыс
орталығына бағынатынын білдіру арқылы әкімнің ерекше мәртебеге
ие екенін көрсетуге де бейімдік байқалады: ол үшін жергілікті билік, ең
алдымен, тұрғын үймен қамту арқылы, мамандарға жағдай жасау керек;
жергілікті биліктің міндеті – медицина қызметкерлерін, соның ішінде
жоғарғы оқу орындарын бітірген медицина мамандарын тарту.
Жалпы алғанда, облыстағы жағдай аймақ жетекшісінің қызметіне
тікелей байланысты болғандықтан, облыс жетекшісін жұмысы нәтижелі
басшы кейпінде сипаттау үшін облыстағы ковидке қарсы шараларды
жүзеге асыру барысы жағымды сарында баяндалады, яғни тиісті шара
қолданып жатқаны, әкімнің шешіміне сай қосымша шаралар қолға
алынғаны хабарланады. Қандай да бір проблема болса, мысалы, дәрі,
медицина мамандары тапшы болса, бұл мәселелердің бақылауға
алынғаны және жақын арада шешілетіні айтылады. Бұған айғақ ретінде
жеткізілген медициналық жабдықтардың, жабдықталған ауруханалардың,
палаталардың т.б. фотосуреттері көрсетіледі.
Медициналық сақтандыру қоры жөніндегі медиажарияланымдарда,
негізінен, осы ұйымның атқарған жұмысы туралы ақпарат берілген.
Әдетте пандемиямен күреске бағытталған іс-шараларға қанша қаражат
жұмсалғаны айтылатын: Медициналық сақтандыру қоры жалпы сомасы
88,6 млн теңге болатын 6,5 мыңға жуық ПТР-зерттеуін қаржыландырды;
енді қор науқастың анестезиология, жан сақтау және қарқынды терапия
бөлімінде өткізген әр күніне төленетін ақыны өтеу үшін күніне шамамен
70 мың теңге бөледі; Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
жылжымалы бригадаларды қаржыландыру үшін жыл соңына дейін 7,7
млрд теңге көлемінде қаражат қарастырып қойды.
Облыс тұрғындары туралы материалдарға келетін болсақ, оларда,
бір жағынан, жұрттың карантин талаптарын бұзғаны, ережелерді
елемегені айтылса, екінші жағынан, азаматтардың волонтерлік
бастамаларға атсалысқаны, қоғам белсенділерінің халықты бетперде
тағып жүруге үндеген акцияларға қатысқаны, жеке қорғаныс құралдарын
таратқаны, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің қайырымдылық
жасағаны, медициналық жабдықтар алып бергені, облыстағы медицина
жұмысшыларына қолдау көрсеткені атап өтілген: пандемия Ертіс өңірі
тұрғындарының бірлігін нығайтты; шаруа қожалығының иесі таратқан
қымыздың емделушілерге де, медициналық қызметкерлерге де пайдасы
тиді; жергілікті белсенділер жалпыреспубликалық акцияға қатысты.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жалпы, екі аймақтың да
медиаресурстары ковидке қарсы іс-шараларға қандай да бір баға бермеген.
Баға беру жайттарын мемлекеттік органдардың атқарған жұмысы сөз
болғанда ғана байқаймыз. Аталған екі аймақтың айырмашылығы да
осында. Мәселен, Атырау облысының атқарушы билігі екіұдай кейіпте
сипатталған: бір жағынан, оның жағдайды жіті бақылап отырғаны,
аймақтағы пандемиямен күреске байланысты туындаған мәселелерді
жақсы білетіні және оларды дер кезінде шешіп отырғаны; екінші жағынан,
жергілікті биліктің қызметі тиімді емес, сәтсіз, дағдарыс тұсында оның
аймақты сапалы деңгейде басқаруға қабілетсіз екені жазылған. Билік
77
қызметінің осылай сипатталғанын аймақтағы ахуалдың ауыр болғанымен,
облыстың маусымда және шілде айының басында Қазақстанда вирус
жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы қатарға шыққанымен, халықтың
төтенше жағдайда қалай әрекет ету керегін білмей дүрліккенімен, осыған
қарамастан, жергілікті билік органдарының брифингтер мен баспасөз
конференциялары кезінде статистикалық деректер келтіріп, жұмсалған
сомаларды айтып, тиісті жұмыстардың атқарылғанына, Атырау
облысындағы жағдайдың бүкіл Қазақстан аумағында қалыптасқан
ахуалдан еш айырмашылығы жоқ екеніне сендіруге тырысқанымен
түсіндіреміз.
Павлодарлық медиаресурс облыс әкімінің қызметі туралы көбірек
ақпарат беруге ден қойып, облыс басшысын білікті, аймақтағы жағдайды,
барлық құрылымдар мен институттар жұмысын жіті бақылап отыр,
ковидке қарсы шараларды іске асырып жатыр деп жағымды жағынан
сипаттаған. Бұған себеп – порталда осы тақырыпта жарық көрген
материалдардың бәрі ақпарат сипатында болған және ресми пресс-
релиздер, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, жергілікті мемлекеттік
органдар жасаған мәлімдемелер негізінде жазылған. Осы ретте бұл
аймақтағы жағдайдың Атырау облысындағыдай қауіпті болмағанын атап
өткен жөн
7
.
Ақпараттық материалдардың көп болуының, олардың пресс-релиздер,
брифинг нәтижелері, баспасөз қызметтерінің мәлімдемелерін қайталап
жариялауының себебі – мемлекеттік органдардың ақпаратты аз беретіні.
Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі
елдегі медиақоғамдастық қажеттіктерін анықтау мақсатында 2019 жылы
жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстандағы БАҚ-тың
дамуына кедергі келтіріп тұрған негізгі факторлардың бірі – ақпараттың
қолжетімді болмауы немесе мемлекеттік органдардың сөз жүзінде ғана
ашық болуы (Потребности медиасообщества Казахстана, 2019).
Алайда медиаресурстың мемлекеттік органдар қызметіне әртүрлі баға
беруі оның мемлекеттік ақпараттық тапсырыс алғанымен де байланысты
болуы мүмкін. Мемлекеттік тапсырыс Қазақстандағы медиа саласына
қолдау көрсетуді көздегенмен, бұл институт іс жүзінде медиакеңістігіндегі
бәсекелестіктің азаюына, БАҚ-тың мемлекет есебінен ғана күн көруге
бейімделуіне, жарияланатын материалдар сапасының нашарлауына,
сондай-ақ тапсырыс берушіге тәуелді болуға, салдарынан объективті
емес, біржақты, сыңаржақ жарияланымдардың көбеюіне әкеп соқтырады.
Мысалы, құрамына PavlodarNews ақпараттық порталы кіретін «Ертіс-
Медиа» ЖШС
8
– Павлодар облысында мемлекеттік ақпараттық тапсырыс
аясында қызмет көрсетуші тарап, бұл жайт аталған медиахолдингке
кіретін БАҚ жарияланымдарының мазмұнына ықпал етуі ықтимал.
Ал Ақ Жайық ақпараттық порталының, керісінше, мемлекеттік
билікке біршама оппозициялық ұстанымда екені мәлім, сондықтан оны
Атырау облысында ғана емес, жалпы Қазақстанда көп оқиды, мұны осы
медиаресурстың қазақстандық сайттардың рейтингінде жоғары орын
7 Ескерту: Бұл мақалада COVID-19-ды жұқтырғандар саны жөніндегі деректер
ғана есепке алынған. Дегенмен осы кезеңде Қазақстанда атипиялық
пневмонияға шалдыққандар санының күрт артқанын да атап өту керек.
8 «Ертіс-Медиа» ЖШС-ның қызмет көрсетуші тарап екені туралы ақпаратты
мемлекеттік сатып алу сайтынан мына сілтеме арқылы көруге болады: https://
www.goszakup.gov.kz/ru/registry/show_supplier/22974 Соңғы қараған күні: 2020
жылғы 13 қазан.
78
алып тұрғанынан байқауға болады. Ол – Қазақстандағы аймақтық медиа
арасында рейтингі ең жоғары ресурстардың бірі.
Сонымен, аймақтық медиада ковидке қарсы шаралар мен оларды
жүзеге асыру барысы туралы ақпараттық материалдар басым. Зерттеу
мерзімі ішінде баға беру, шолу жасау сипатындағы мақалалар атыраулық
ресурстың ақпараттық порталында ғана жарияланған. Айта кетерлігі,
ақпараттық материалдарға жергілікті билік органдарының мәліметі
арқау болған, бұл аталған тақырыпқа қатысты хабар таратуға, фреймдер
қалыптастыруға ықпал етпей қоймады.
Жалпы, зерттеу барысында аймақтық медиаресурстардың ковидке
қарсы іс-шаралар туралы ақпарат беруінде айтарлықтай айырмашылық
байқалмады. Баға беру сипатындағы материалдар, көбіне, жергілікті
билік органдарының тиісті шараларды қалай атқарғаны туралы еді. Осы
ретте айта кетерлігі, атыраулық медиаресурс жергілікті биліктің кемшілігі
ретінде оның тұрғындарға арналған нұсқауларды дұрыс түсіндірмегенін,
осылайша аймақ халқының сынына ұшырағанын жеткізген.
Пандемияға қарсы күрес проблемасы туралы ақпарат берудегі
айырмашылықтарды сол күреске атсалысқан акторларды, атап айтқанда,
жергілікті атқарушы органдарды сипаттау мәнерінен байқаймыз. Ақ
Жайық аймақтағы тұтас мемлекеттік атқарушы органдар жүйесінің
дәрменсіз, қызметі тиімді емес екеніне баса назар аударса, PavlodarNews,
керісінше, облыс әкімін мықты басшы, жағдайды жіті бақылап,
проблемаларды дер кезінде шешіп отырған жетекші деп сипаттаған.
Бұл аталған ресурста 2020 жылдың шілде айында жарық көрген
материалдардың барлығы мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде
жазылғанмен байланысты. Осындай айырмашылықтарды, біріншіден,
аталған кезеңде облыстардағы эпидемиологиялық ахуалдың бірдей
болмағанымен, ақпараттың, жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің
тиісті дәрежеде ашық, жариялы болмауымен және БАҚ-тың бір ғана
тараптың сөзін сөйлегенімен түсіндіруге болады.
79
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Buckley (2020) «China’s Belt and Road Initiative and the COVID-19 crisis». Journal
of International Business Policy, 3: 311–314. https://doi.org/10.1057/s42214-020-
00063-9
2. Entman (1993). «Framing: Toward clarification of a fractured paradigm». Journal of
communication, 43 (4): 51-58.
3. Kitzinger (2007). «Framing and frame analysis». In Devereux, Eoin ed. Media Studies:
Key Issues and Debates, London: Sage.
4. Maukayeva & Karimova (2020). «Epidemiologic character of COVID-19 in
Kazakhstan: A preliminary report». Northern clinics of Istanbul, 7(3): 210–213.
https://doi.org/10.14744/nci.2020.62443
5. Semenova, Glushkova, Pivina, Khismetova, Zhunussov, Sandybaev & Ivankov
(2020). «Epidemiological Characteristics and Forecast of COVID-19 Outbreak in the
Republic of Kazakhstan». Journal of Korean medical science, 35(24): 227. https://doi.
org/10.3346/jkms.2020.35.e227
6. Zhalmagambetov, Madikenova, Paizullayeva, Abbay & Gaipov (2020). «COVID-19
Outbreak in Kazakhstan: Current Status and Challenges». Journal of Clinical
Medicine of Kazakhstan, 1(55): 6-8. DOI: 10.23950/1812-2892-JCMK-00763
7. Ахунов (2020) «Пандемия COVID-19 как вызов для постсоветских стран
Центральной Азии». Международная аналитика, 11(1): 114-128. https://doi.
org/10.46272/2587-8476-2020-11-1-114-128
8. Всемирная организация здравоохранения. https://www.who.int/ru 1-Я
Конференция ВОЗ По Инфодемиологии. Соңғы қараған күні: 2020 жылғы 10
қазан.
9. Ионова (2020) «Центральная Азия в условиях пандемии». Россия и новые
государства Евразии, II (ХLVII): 81-94 DOI: 10.20542/2073-4786-2020-2-81-93
10. Представительство международной организации Internews Network в
Казахстане. Потребности медиасообщества Казахстана. Сілтемесі: https://
ru.internews.kz/wp-content/uploads/2020/01/issledovanie-potrebnostey-
mediasoobschestva-kazahstana.pdf Соңғы қараған күні: 2020 жылғы 13 қазан.
11. Сахариянов (2020). «Модернизация казахстанской телевизионной отрасли:
перспективы и проблемы». InterConf, (16). Сілтемесі: https://ojs.ukrlogos.in.ua/
index.php/interconf/article/view/2564 Соңғы қараған күні: 2020 жылғы 13 қазан
|