Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Халық үйлену тойын неліктен әлі жасап жүр?



Pdf көрінісі
бет35/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Халық үйлену тойын неліктен әлі жасап жүр?
Меніңше, үйлену тойын COVID-19 кезінде де тоқтатпаудың басты себебі – 
осы рәсімдердің қазақ халқы үшін маңызының жоғары екенінде. Бүгінде 
қазақта жұбайлардың некесін заңдастырудың үш жолы бар. Азаматтық 
неке, дін жолымен тіркелген неке және салт-дәстүр бойынша үйлену. 
2014 жылдың жазынан 2018 жылдың жазына дейінгі аралықта жүргізген 
зерттеуім қазақ халқында осы соңғы жол бойынша үйленудің маңызы 
басым екенін көрсетіп отыр. Себебі қазақ үшін неке екі жастың ғана одағы 
емес, екі әулеттің одағы. Ол одақ құдалықта құрылады.
Бірақ бүгінде «құдалық» сөзінің мағынасы да өзгерген. Ертеректе Кеңес 
Одағына дейін қазақ оны «құда түсер» деген (Кисляков, 1969). Ол кездерде 
жастарды атастырып үйлендіретін, кімге үйленетінін ата-анасы шешетін. 
Бүгінде «құдалық» ұғымы сәл өзгерген, себебі қазіргі салт байырғы 
дәстүрден өзгеше. Бүгінде үйлену туралы шешімді ата-анасы емес, екі жас 
өзі шешеді. Дегенмен құда түсу рәсімі екі әулеттің одағын заңдастырып, 
екі жастың одағына рұқсат беру рөліне ие. Осы салт-жоралғы кездесуінен 
кейін екі жас үйленген болып саналады. Ал некені тіркеудің басқа екі жолы, 
АХАЖ бөліміне тіркеу – ресми рәсім. Ал дін жолымен тіркеуге жастардың 
ата-анасы онша мән бере қоймайды, сондықтан оны жастар өзі шешеді.
Салт-дәстүр бойынша үйленудің осы функциясы тұрғысынан қарасақ, 
қазақ үшін құдалықтың маңызы зор, сондықтан COVID-19 кезінде некені 
АХАЖ-да тіркеу немесе дін жолымен қию қазақ үшін дұрыс үйленуге 
жатпайды деген пайымға келдік. Тақырыпты тарқата түссек, тойға келген 
қонақтардың бәрі осы екі әулеттің одағына куә болады, ал азаматтық неке 
мен діни неке екі әулеттің одағын заңдастыра алмайды. 
Бұған қазақтың салт бойынша үйленуіне бұрын да ресми шектеу мен 
тыйым салынғанын, кеңес заманында ұлан-асыр той жасауға, тіпті қалың 
мал төлеуге тыйым салынғанын қоса кетуге болады (Massel 1974, as cited 
in Werner, 2009). Жасы үлкен сұхбат берушілеріміздің айтуынша, халық 
сол кезде де осы екі салтты жасырын жасаған. Үйлену тойы жиі болмаған 
кез де болған (60–70-жылдарда), бірақ 80-жылдарға қарай құдалықтың 
маңызы арта түскенін сұхбат берушілеріміздің сөзіне сүйеніп айта 
аламыз. Жалғыз айырмашылығы: ол кезде «құдалық» атауының орнына 
«қоржын әкелу» тіркесін қолданған, осы рәсімде қалыңмал да төлейтін. 


86
Меніңше, бұл – тыйым салынған салтты көлегейлеу үшін әдейі жасалған 
нәрсе. 
Тақырыпты жалғастыра түссек, Қазақстан ресми нормаларды 
бұзған жалғыз ел емес, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты Орталық Азияның 
басқа елдерінің үкіметі де тұрмыс-салт жоралғыларының ауқымы мен 
шығынына бірқатар шектеу енгізген. Әйтсе де, олардың тыйым салу себебі 
– үкіметтің шектен тыс шығынын азайту еді. Бұл елдерде де шектеуге 
қарамастан нормаға мойынсұнбау байқалған (Trevisani 2016, Cleuziou 
2019). 
Елімізге оралсақ, үйлену тойы туралы жаңалықтарда үйлену тойы мен 
құда түсу туралы контент басым болған. Ал пандемияға дейін жиі жасалған 
және қазақтың үйлену тойының ажырамас бөлігі болып саналатын Ұзату 
тойы туралы контент аз кездескен. Сонда да кейбіреу қазақ халқы ұлан-
асыр той жасауға келгенде рационал шешімге бағынбайды деп сынаған. 
Халық пандемия кезінде тұрмыс-салт тойларының көбін жасамағанын 
нық сеніммен айта аламыз. Қыз ұзату тойының орнына, қалыңдықтың 
үйінде шағын құдалық болса да немесе екі жақ келісіп,
11
қызды алып 
қашса да, қыз ұзату тойын жасамаған.
Мұнысы екі жақтың да (қалыңдық жақтың да, күйеу жігіт жақтың да) 
шығынын азайтуға қолайлы. Демек, халық рационал дәйекті де қолдайды, 
тек рационал ұғымын дәл анықтап алу керек. Себебі рационалдық ақша 
үнемдеу ғана емес, келешекте көмегі тиюі мүмкін өзара алыс-берісті 
сақтап қалуды да білдіреді. 
Оған қоса, күйеу жігіт жақ үйлену тойын жасамаған, тек беташар рәсімін 
ғана жасаған әулеттер де бар. 50 адам ғана қонақ шақырып, санитарлық 
норманы сақтауға тырысқан, кей сұхбат берушілеріміздің айтуынша, 
қонақ санын шектеп, алыс туысқандарын, достары мен әріптестерін тойға 
шақырмаған. Тойға шақырмағанына ренжігендер де болған. Шынында, 
қонақтың нақты санын білу оңай емес. Сұхбат берушіміздің бірі 2020 
жылдың жазында ұлын үйлендірген. Үкімет органдары қонақ санына 
шектеу қойып, тойлауға рұқсат берген, сондықтан қонақтарын бірнеше 
күн бойы бөліп шақырған, ал тойын үйлену тойы емес, беташар деп атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет